Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 2 бөлім Менің мектебім Мектеп туралы әңгімелер оқу Ы дыбысы және әрпі ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ жоспары №35
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З | ||||||
Сынып: 1А Пән: Қазақ тілі және әдебиет | Қатысқандар:20 Қатыспағандарсаны: 0 | ||||||
Сабақ тақырыбы | 2-бөлім «Менің мектебім» Мектеп туралы әңгімелер оқу Ы дыбысы мен әрпі. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады 1.2.4.1 Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі 1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды | ||||||
Сабақ мақсаттары | Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас дауыстап оқиды Ы дыбысы мен әрпін меңгерту.сөздерге дыбыстық талдау жасау.Ы дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету.Ы дыбысының сөздегі орныны анықтау. Ауызша әңгімеден кейін, сызбаға сәйкес сөйлемдер құрауға үйрету. Сурет бойынша әңгіме құрату. | ||||||
Жетістік критерилері | Әңгімеден, басты кейіпкерлерін Қарапайым сұрақ қоя біледі. Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас дауыстап оқиды. | ||||||
Сөздік қор | кейіпкер», «мазмұн», «оқиға сөздері арқылы сөздік қорларын молайту. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Бейнелеу өнері,дүниетану пәнімен байланыстыру. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мектеп ішіне саяхат жасап танысты. үйренді С дыбысы мен әрпін біліп жазып үйренді. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | ((Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Бір, екі, үш, Сынып іші тып-тыныш Жалқаулықты тастаймыз Сабақты біз бастаймыз. | www.youtube.com/watch?v=1agz2fGoA0Q | |||||
Сабақ ортасы |
(МК) Мектеп туралы мәтіндер оқу Менің мектебім Менің атым- Ерали. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектебімізге 5 жыл. Жуырда біздің мектептің туған күні. Біздің мектеп үш қабатты, іші үлкен, жарық. Менің сыныбым бірінші қабатта, іші кең, жылы және жарық. Менің мұғалімім өте жақсы адам, бізге көп жақсы нәрсеге үйретеді. Мектепте көп жаңа дос таптым. Маған мектебім ұнайды. Мен мектебіме өркендеуін тілеймін. Менің мектебім Мен жаңадан ашылған Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқимын. Маған мектепте ұнайды. Мектепте көптеген үйірмелер бар. Солардың біріне мен қатысамын. Ол джиу - джитсу. Мектептің жанында әдемі гүлдер, ағаштар, шыршалар өсіп тұр. Мектептің артқы жағында балаларға арналған алаң бар. Тапсырма: Мәтіннен сипаттау сөздерді атаңдар Бұл әңгіме мазмұны кешегі оқыған әңімеге ұқсай ма? Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойыңдар (Т) 1 – топ. Мектептегі орындардың суретін салу. 2 – топ. Ермексаздан мектеп алаңын жасау. 3 – топ. Мектеп тақырыбына коллаж орындау. 4 – топ. Мектеп тақырыбына берілген өлеңдерді дұрыс орналастыру.
Мектеп туралы өлең оқу. Мектебім - айтар әнім, Сан рет қайталадым, Сан рет қайталадым. Өзіңнен алғанымды, Өзіңе қайтарамын. Мектебім, қия алмаймын, Көп нәрсе қиялдаймын. Мәңгілік оқушың боп, Қалуға ұялмаймын. Мектеп деген білім кені, жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені. Мектеп деген тәрбиеші адамға, Мектеп деген даналардың мекені (Ұ) Сергіту сәті Мен гүлдерді жұмаймын, Торғайларды қумаймын. Айтқан сөзді тыңдаймын, Ұстазымды сыйлаймын. (МК) Жұмбақ Кесе,шыны, пияла Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейміз, Бәрінің атын не дейміз? (ыдыс)
-«Ыдыс » деген сөзде бірінші қандай әріп келіп тұр ? (ы әрпі) -Ендеше, балалар бүгін біз ы дыбысын өтеміз. Ы дауысты дыбыс. «Ыдыс» сөзін буынға бөлейік. Неше буын болды ? (екі буын) Ауада жазу. Ыы (ОТ) Сөздерді буындап оқу. Ыдыс,ырыс, Ыдырыс, қыс, мыс, мысық, ыстық, ынталы, қызыл, қызық. Рефлексия. Сабақта. Мен білдім... Мен үйрендім... Маған ұнады.... Мен қиналдым.... Менің көңіл – күйім..... | Плакатпен жұмыс https://www.google.kz/search? | |||||
Сабақтың соңы | Қорытындылау «Ыстық орындық» ойыны Ы дыбысы қандай дыбыс? Ы дыбысы бар сөздер айтыңдар? Ыдыс сөзіне сөйлем құрастыр? | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін. Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады Қабілеті жоғары оқушылар сөздерді тұтас дауыстап оқиды. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
| Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар Сергіту сәттерін ұйымдастыру |
Пән:Қазақ тілі және әдебиеті |
Бөлім/тақырып |
2-бөлім: Менің мектебім. Мектеп туралы әңгімелер оқу |
Оқу мақсаты: |
Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі. |
Жетістік критерийі |
Оқылым: - мәтіннің мазмұны немесе сурет бойынша сұрақтар құрастыра алады; |
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар |
Менің мектебім. «Мектеп» деген сөз араб тілінен шыққан. «Оқу орны» деген ұғымды білдіреді. Біздің мектеп өте үлкен.Ол Қаратал ауданында орналасқан. Мектебімізде спортзал, бассейн, кітапхана,асхана, дәрігерлер бөлмесі бар. Мектептің оқушыларға арналған ережесі бар: жақсы оқу,тәртіпті,үлгілі болу.Мен ережені орындаймын. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?