35 Қазақ тілі және әдебиеті 2 бөлім Менің мектебім Мектеп туралы әңгімелер оқу С дыбысы және әрпі ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары №35

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З

Сынып: 1А

Пән: Қазақ тілі және әдебиет

Қатысқандар:20

Қатыспағандарсаны: 0

Сабақ тақырыбы

2-бөлім «Менің мектебім»

Мектеп туралы әңгімелер оқу

С дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады

1.2.4.1 Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі

1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды

 Сабақ мақсаттары

Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады

Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі

Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас дауыстап оқиды

Сдыбысы мен әрпін меңгерту.сөздерге дыбыстық талдау жасау.С дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету.С дыбысының сөздегі орныны анықтау. Ауызша әңгімеден кейін, сызбаға сәйкес сөйлемдер құрауға үйрету.

 Жетістік критерилері

Оқушылардың келесі қабілеттерін бағалау:

Әңгімеден, басты кейіпкерлерін

қарапайым сұрақ қоя біледі.

Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас дауыстап оқиды.

 Сөздік қор

кейіпкер», «мазмұн», «оқиға сөздері арқылы сөздік қорларын молайту.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету.

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану пәнімен байланыстыру.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектеп ішіне саяхат жасап танысты.

үйренді Б дыбысы мен әрпін біліп жазып үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық шеңбері.

Мектебің – мынау класың,Осында он жыл тұрасың.Тарыдай болып кіресің,Таудай болып шығасың

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

www.youtube.com/watch?v=1agz2fGoA0Q

Сабақ ортасы

 (Т) оқушыларға үйлерінен оқыған ертегі кітаптарын алдырып кітап оқу бұрышын ұйымдастыру.

Осы кітап бұрышынан үзіліс кезінде өздеріне ұнаған кітаптарды алып оқуға болатындығын айту.

Оқушылардың алдыңғы сабақтарда меңгерген дыбыстық білімдерімен қолданып оқылым дағдысын ұйымдастыру.

(Ж) бала, бота, т.сс сөздері жазылған қағазды үлестіріп оқушылардың жұптағы оқылым дағыдысын ттексеру.

. М. Қ) Екі дос

Арман мен Самат бір ауылда тұрады. Екеуі де алты жаста. Биыл олар мектепке барады. Олар аналарымен бірге дүкенге барды. Дүкеннен оқу құралдарын сатып алды. Арман өзіне түрлі -түсті қарындаш және сурет дәптерін сатып алды.Самат санау таяқшаларын және дәптер сатып алды. Олар мектепке баратын күнді асыға күтіп жүр.

Сұрақ қою арқылы әңгіме мазмұнын талқылау.

Арман мен Самат қайда тұрады?

Олар неше жаста?

Олар мектепке қашан барады?

Олар аналарымен қайда барды?

Дүкенен екі дос не алды?

Әңгімедегі негізгі кейіпкерлерді ата.

Мектепке ең алғаш келгенде сен қандай сезімде болдың?

Мектепке келген ең алғашқы күннен есіңде не қалды?

Сенің сол сәттегі сезімің берілген әңгімедегі оқиғаға ұқсай ма?

Сергіту.

Ойын «Мектепке қажетті заттар» Балалар мектепке қажетті заттарды атап айту

) «Алпамыс мектепке барады» фильмінен үзінді көрсету.

(Ж) Фильмдегі кейіпкерлерді сипаттау.

Фильмдегі кейіпкерлерге мінездеме беру.

(Т) Фильм бойынша түсінгендерін талқылау.

Оқушыларды «кейіпкер», «мазмұн», «оқиға» сөздерімен таныстыру

(Ұ) Бағытталған оқу әдісін қолданып, әңгімелерді топта бірігіп оқыту:

 кітапқа кіріспе

 тексеру стратегиясы

 өз бетімен оқу

 мәтінге қайтып оралу және сұрақтарға жауап беру.

«Он сұрақ!» ойыны 

Ойын ережесі (Бір оқушыны таңдап алып және оның маңдайына сағат бейнесін жапсыру. Отырған оқушы сыныпқа маңдайындағы затты анықтау үшін 10 сұрақ қояды. Қалған оқушылар ИӘ, не ЖОҚ деп жауап береді).

1слайд

Жұмбақ

Уақытты білдірер

Сабаққа келтірер (сағат)

Балалар сағат сөзі қай әріптен басталады?

Ендеше бүұін біз қандай дыбыспен танысамыз?

С дыбысына байданысты сөздер айтайықшы.

Суреттегі заттарды атап, оларға дыбыстық талдау жасау.

Тақтада жазылған сөздерді оқытып, оқушыларды сөздерді тұтас оқуға дағдыландыру.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Оқушылар флипчартта орналасқан киіз үйлерге дауысты ,дауыссыз дыбыстарды ажыратып, орналастыру. Енді дыбыстар үйіне біз де кірейік. Оқушыларды киіз үй жиһаздарымен таныстыру. Түскиіз,текемет, сандық, бесік, үстел.

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Сөздерді тұтас оқуға жаттықтыру.

Дәптермен жұмыс

С әрпін жазу.Сөздерді көшіріп жазу және жалғастырып жазу жұмыстарын ұйымдастыру.

Плакатпен жұмыс

https://www.google.kz/search?

Сабақтың соңы

Қорытындылау

Білгішбектің сұрағына жауап бер.

С дыбысы қандай дыбыс?

С дыбысы бар сөздер айтыңдар?

Сабақ сөзіне сөйлем құрастыр?

Кері байланыс:

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Қабілеті жоғары оқушылар сөздерді тұтас дауыстап оқиды.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

  • Әңгімеден, басты кейіпкерлерін анықтайды
  • қарапайым сұрақ қоя біледі.
  • Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас дауыстап оқиды

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар

Сергіту сәттерін ұйымдастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу