👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі және әдебиеті 2 бөлім Менің мектебім О дыбысы мен әрпі ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар №23

Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім «Менің мектебім»

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З

Сынып: 1А

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

«Менің мектебім» О дыбысы және әрпі

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі

1.1.3.1 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады (мұғалім көмегімен)

 Сабақ мақсаттары

Өзгелердің сөзін тыңдау, түсініп кейбір тұстарының не туралы екенін айтуға қалыптастыру;

Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндауға үйрену (мұғалім көмегімен)

 Жетістік критерилері

Оқушылардың келесі қабілеттерін бағалау:

  • өзгелерді тыңдауын;
  • оқиғаны ретімен баяндауын.

 Сөздік қор

Өз мектебін сипаттау арқылы сөздік қорларын молайту.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, сыныптасының сөзін тыңдауға үйрету, шыншылыдыққа баулу.

 Пәнаралық байланыс

Сөздердегі буын санын анықтау арқылы математика пәнімен байланыстыру.

Алдыңғы меңгерілген білім

Өз үйі туралы айтып үйренді. Сөздерді буынға бөлу, дауысты дауыссыз дыбыстарды анықтап үйренді,сөздік диктант жазуды меңгерді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

Шаттық шеңбері. «Мектебім» әнін тыңдау.

  • Балалар сендерге өлең ұнады ма?
  • Өлең не туралы?
  • Сендер мектепке не үшін келесіңдер?

Олай болса, Қазақ тілі әлеміне» саяхатымызды жалғастырып О дыбысы және әрпімен танысамыз.

Сабақ ортасы

 Слайд №1. Аралық тақырып «Менің мектебім» бойынша балалардың ойын, тілін дамыту.

Балаларға мектептің суреті көрсетіледі.

Мектептегі қандай орындарды білесіңдер?

Суреттер көрсету: сынып бөлмесі, кітапхана, мәжіліс залы, асхана дәрігер бөлмесі, бассейн,/

(Т) Жол картасымен жұмыс

Мектеп асханасына баратын жол

Мектеп күзетшісіне баратын жол

Дәрігерге баратын жол

Спорт залға баратын жол

Далаға шығатын жол карталарын ұсыну. Оқушылар мектептегі түрлі орындарға қалай баруға болатынын көрсетеді, түсіндіреді сипаттайды.

Әңгімелеу барысында бірінші, алдымен, сонан соң, келесі, оңға, солға, алдында, артында ортасында деген ретті білдіретін сөздерді пайдалануына назар аудару.

Жолсызба туралы сұрақтар қою

(Қ) Оқушылардың дауыстап сенімді сөйлеуіне байланысты, бақылау арқылы бағалау.

Сұрақтар:

  • Мен бірінші қай жерге жетемін? Кітап сөресіне ме? Есікке ме?
  • xxx сынып бөлмесінен кейін қайда барамын?
  • Кімнің есінде қалды, қай бағытқа бұрыламын?

Ал, балалар біз өткен  сабақта қай дыбыспен таныстық?

(Т, Қ) Ойын «Адасқан әріптер»

Мақсаты: оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, О о дыбысы мен әрпі туралы білімдерін анықтау..

Шарты: әр топқа адасқан әріптер беріледі.

1 топ. ОРАМАЛ /партада орындайды/

2 топ. ОТАН /партада орындайды/

3 топ. ОҚУШЫ /Тақтада орындайды/

4 топ. ОТБАСЫ /Ойын алаңында/

5 топ. ОРМАН /Тақтада орындайды/

сөзін құрастыру керек.

/Сөздерді есте сақтау үшін қайталайды/

Құрастырған сөздері бойынша әңгімелейді.

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

– Балалар, назар аударыңдаршы, осы сөздер қандай әріптен басталып тұр?

– Ал кейбір сөздерде О о дыбысы сөздің ортасында және соңында кездеседі.

/Балалар О о дыбысына байланысты сөздер ойлап табады./

-Балалар, ОРМАН сөзінде қанша әріп бар екен, қане, санайықшы. /5 әріп/

– Ал, қанша буын бар деп ойлайсыңдар?

/2 буын/

– Осы сөздегі екі дауысты дыбыс бар, сондықтан екі буын болады.

– О о дыбысы – дауысты дыбыс.

– Ойыншық, оқулық сөздерін салыстырып көріңдер (дыбыстық құрамы, мағынасы)

  • Мектепке білім алу үшін ойыншық пен оқулықтың қайсысы қажетті?
  • Қандай оқулықтарың бар?

(Т/О.т) Оқушыларды шағын топтарға бөліктерге бөлінген оқулық суреттерін құрастыру арқылы топтастыру. Әр топ өздеріне түскен оқулықтың пайдасы туралы әңгімелеуге дайындалады. Өз таныстыруында о дыбысы бар сөздерді қамтуы тиіс. О дыбысы бар қандай сөздерді қолданғанын, о дыбысы сөздің қай бөлігінде кездескенін айтады.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

(Ұ,Ж) Буындарды оқу

Хормен оқу

Жеке оқу

Дәптермен жұмыс.

Балаларға О о әрпінің жазылу үлгісін көрсету.

(Ө) Тыңдалым/жазылым. Берілген 6 сөздің үшеуін қатесіз жаза алады.

О дыбысы бар сөздер айту.

Орман, он, шопан, шортан, тоған, торғай.

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы

) Оқушылардың тыңдағанын және түсінгенін тексеру үшін сұрақтар қою.

Ойын «Ыстық орындық»

– Балалар, Оо дыбысы қандай дыбыстар қатарына жатады?

– О әрпі неге ұқсайды?

Қай сөздерде О дыбысы кездеседі?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Қабілеті жоғары оқушылар мектеп орындарына баратын жолды ретімен баяндайды.

  • Өзгелерді тыңдауын;
  • Оқиғаны ретімен баяндауын бақылау арқылы бағалау

Сергіту сәттерін ұйымдастыру


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы