👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақ тілі 2 бөлім Менің мектебім Б дыбысы мен әрпі ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жол маршрутын жазу. Б дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.1 Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады

1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады

Сабақ мақсаттары

Жол маршрутына байланысты мәтін құрау, жаңа сөздер үйрену. Мәтіннің тақырыбына сай сөздер жазу,сөздерді сөз тіркестерін дұрыс қолданып үйрену.

«Б» дыбысы мен әрпінің дыбысталу және жазылу ерекшеліктерімен танысу,сөзде қолданатын орнын білу,буын сөз жазып үйрену.

Жетістік критерийлері

Әріптерді таниды және дыбыстай алады;

Дыбыстық біліміне сүйене отырып, сөздерді сауатты жазады

Тілдік мақсаттар

Өлең шумақтарының сөздерін, жұмбақты жаттау арқылы сөздік қорларын молайту. Оң жақ, сол жақ, алға, артқа, бағдаршам, жол бойы, адам өтетін жол сөздерін қолдану арқылы сөздік қоры жетіледі.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа,тату болуға тәрбиелеу,бірі-біріне көмектесу, жолдан өткенде үлкен кісілерге көмек беру сияқты құндылықтары қалыптасады. Жолда жүру ережесін үйренеді.

Пәнаралықбайланыстар

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың анықтау барысында математика пәнімен , терезенің арғы жағында табиғатты сипаттағанда дүниетану пәнімен байланыс жүзеге асады,ребуста,сәйкестендіруде берілген суреттер арқылы өнер пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Әріптерді перне тақта арқылы жазып көреді

Бастапқы білім

Оқушылар кейбір әңгімелер мен өлеңдерді біледі

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Шаттық шеңбері.

Шеңберде тұрып бүгінгі күнгі сабақтарына сәттілік тілейді.Әр оқушы өз жанындағы тұрған досының жақсы қасиеттерін айтып жылы лебіз білдіреді.

Оқушылардың зейінін шоғырландыру; оқушылармен бірге сабақ ОМ анықтап алу.

Тіл дамыту мақсатында тақпақты жаттау.

Сыныбымыз тап-таза,Бор да дайын тақтада.Ойымызды жинақтап,Отырайық партаға.

Суреттер, ойыншықтар, үлестірмелі парақтар

Сабақтың ортасы

60 мин

Оқушыларға жол жүру маршруты туралы түсінік беру. Өзінің үйден мектепке дейінгі жол жүру маршрутын сызып көрсету.

Жолда жүру қауіпсіздігін сұрау.

(Ұ) Оқушылар өздерінің жол жүру маршрутының сызбасын көрсетіп әңгімелейді.

(Қ ) Мектеп ішіндегі, жол бойындағы нысандарды сөздермен және сөз тіркесімен белгілеп, мұғалімнің сызбасы бойынша «Бірлесіп жазуды» ұйымдастыру.

Ол үшін оқушыларға жол белгілеріне сәйкес суреттер беріледі. Оң жақ, сол жақ, алға, артқа бағдаршам, жол бойы, адам өтетін жол, бағдаршам, жол бойы, адам өтетін жол сөздерін айта отырып, белгілерді орналастырады.

(О тәж) Оқушыларға карточкадағы суреттерге сай сөздер мен сөз тіркестерін жазуды тапсыру Мысалы: бірінші есіктен кіреміз. Сөмкелерімізді киім ілгішке қоямыз. Сыныпқа кіреміз. Достарымызбен амандасамыз. Оқулықтарымызды шығарамыз.Сапқа тұрамыз. Асханаға тамақтануға барамыз.

Жұмбақ 1) Өзі біреу, көзі үшеу. (Бағдаршам)2) Қанаты жоқ ұшпайды.Су астында қыстайды. (Балық)3) Жазу жазып жалықпаған,Жаза-жаза арықтаған. (Бор)- Осы жұмбақтың шешулеріне назар аударайық- Балық, бағдаршам, бор.- Осы сөздерде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?- «Б» дыбысы.Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын ұяң дауыссыз.

Мысалы: бор, басқа, барабан.«Б» дыбысы тек қана сөздің басында, ортасында кездеседі.Ойын «Сөз ойла, тез ойла»

«Дидактикалық ойын».«Б» дыбысынан басталатын суреттерді іріктеп алу.Сөздердің мағынасын түсіндіру.Баба – үлкен кісі, ата – бабаларымыз.Бата – ас қайыру, үлкен тойларда айтылады.

«Суретті ребус» ойынын ойнату арқылы Б дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанын айту және буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату.

Суретті ребус1) Бақа2) Балға3) Балта4) Балапан

(Т)

«Бақа мен бала».өлеңін оқу.- Бірде бақа келе жатса, алдынан бала шығады да, былай дейді:Ал, бақалар, бақалар,Бізде қызық ойын бар.Қане, тәртіп сақтайықБаспалдақты аттайық,Баспалдақты басқанда,Батыл атта, жасқанба!

(Т) «Топтастыр».сурет бойынша Б дыбысымен келетін сөздерді топтастыр.Жануар ----------------- Адамның аты(бота) ----------------------------- (Болат)Өсімдік -------------------------------- Зат(бәйшешек) ------------ (бағдаршам)Жеміс – жидек ---------- Оқу құралы(банан) ----------------------------- (бор)

Сергіту сәті «Ақ бұлақ»

«Бағдаршам».- Балалар,біз мектепке келгенде жол қиылыстарында не тұрады?- Бағдаршам.

Бағдаршамның қанша көзі бар?

-Үш- Оның қандай көзі жанып тұр?- Қызыл.- Қызыл жанса, не істейміз?- Тоқтаймыз.

Сары көзі жанғанда не істейміз ?

-Дайындаламыз.- Қай көзі жанғанда жүретін едік?- Жасыл.- Ендеше, жасыл көзін жандыру үшін Бб әрпін әдемілеп жазып шығайық. (Ұ) Дәптермен жұмыс.

Б әрпінің жазылу емлесін көрсету. Қолдарын жаттықтыру үшін ауада жазып көрсету. - б кіші әрпін сөздерді жазуға жаттығу жұмысын ұйымдастыру. Суреттер астындағы алғашқы буындарын жалғастырып, сөз құрап жазу.- Б дыбысы сөздің басында және ортасында келеді.Сөздік диктант.(Қ) Мал, бор, бала, баба, балық (дыбыстық талдау)

Дыбыстарды сәйкес әріптермен таңбалау үшін «Бағытталған жазу» әдісін қолдану.

 Қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек сөз тіркестері мен сөйлемдер жазғызу.

Оқушылардың кейбір әріптерді дұрыс жазуын бақылау

(Оо, Ққ, Дд, Мм, Бб, Сс, Ыы, Жж,Ұұ, ң, Ее, Кк)

А... а Н... н Ш... р М... л

осы сөздерге мына әріптерді қойып, сөз оқу (а, о, т, п, у, р, л, ш, қ, д, м, ғ )

https://www.youtube.com/watch?v=LeOmtCuOKxU

Сабақтың соңы

10 мин

Өлеңдегі б дыбысы естілетін сөздерді анықтауЖалғасын тап» ойыны. Сынып екі топқа бөлінеді

Б дыбысы бар сөздерді кезек-кезек жалғастырып айтады.Б...... б...Бақа, арбаБалапан, қарбызБота, асқабақБағдаршам, көбелекБалық, шыбынБорсық, жолбарыс т. с. с.Екі қатар оқушылар кезектесіп шығып суреттердің орындарын тауып, жапсырады.

Кері байланыс «Бағдаршам»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дыбыстарды сәйкес әріптермен таңбалау үшін Бағытталған жазу әдісін қолдану барысында қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек сөз тіркестері мен сөйлемдер жазғызу.

Дұрыс бағытты көрсету үшін лайықты сөздерді пайдаланып сөз тіркестерін құру қабілетін бағалау

Сергіту сәттерін өткізу.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы