Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 2 бөлім Менің мектебім Менің мектебім ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі және әдебиеті 2 бөлім «Менің мектебім» Тақырып: Менің мектебім
| Назарбаев Зияткерлік мектебі Талдықорған қаласы | ||||||||||||
1 сынып 2 тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р. М. | ||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | Т/А 1 Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және кейбір тұстардың не туралы екенін біледі. Т/А 3 Оқиғаны ретімен, жай сөйлемдерді қолданып, баяндау тәсілімен айтады. (мұғалім көмегімен) | ||||||||||||
Сабақ мақсаты |
| ||||||||||||
Сөздік қоры | Мектеп. Менің мектебім. Мектеп үш қабатты. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. Мектеп Қаратал өзенінің бойында орналасқан. Аулада әртүрлі ағаштар мен гүлдер өсіп тұр. | ||||||||||||
Алдыңғы сабақта | Балалар үйлер мен баспана түрлері туралы білді. Өз үйлерін сипаттап айтып берді. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | |||||||||||
Кіріспе бөлім 5 минут Негізгі бөлім 30 минут | Шаттық шеңбері. «Көңілді күн» (М Т) Балалар, қазақ тілі әлеміне саяхатымызды жалғастырамыз, бүгінгі сабақта сендер мектеп туралы өте қызықты мәліметтер аласыңдар. Назарбаев Зияткерлік мектебінің Әнұранын тыңдау. Басталғанда жаңа ғасыр өткелі, Бүржарғанда жастығымның көктемі. Біздер үшін айқара ашты есігін, Елбасының зияткерлік мектебі. Өсе берсін мектебімнің өркені , Желбіресін ғылым, білім желкені. Қанат қаққан өркениет өріне, Біз боламыз еркін елдің ертеңі. Қайырмасы: Білімнің шырыны, Ғылымның тұнығы, Тәуелсіз елімнің тұғыры. Білімнің бесігі, Ғылымның есігі,Ғаламға жетуде, Қазақтың есімі, Елбасы мектебі. Көкжиекке құлашты кең жазайық, Ғылым іздеп, білім кенін қазайық. Назарбаев зияткерлік мектебі, Жаңа ғасыр жаңалығы ғажайып. (Б) Сұрақ қою. – Балалар, сендер 1 қыркүйек күні қайда келдіңдер? – Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар? – Сынып бөлмесі нешінші қабатта орналасқан? – Мектепте кімдер жұмыс істейді? /Оқушылардың жауабын тыңдау және слайд арқылы суреттер көрсету: мұғалімдер, дәрігер, кітапханашы, аспаз, күзетші/ – Мектептегі қандай орындарды білесіңдер? Оны анықтау үшін ойын ойнайық. (Т) Ойын «Адасқан әріптер» Мақсаты: оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, мектептегі орындардың аталуын білу. Шарты: әр топқа адасқан әріптер беріледі. Оқушылар кеспе әріптерден сөздер құрайды. 1 топ. КІТАПХАНА /партада орындайды/ 2 топ. АСХАНА /партада орындайды/ 3 топ. СПОРТ ЗАЛЫ /тақтада орындайды/ 4топ. ДӘРІГЕР БӨЛМЕСІ /ойын алаңында орындайды/ Әр топ постерге осы орындардың суретін салады және әңгімелеп айтады. Сергіту сәті (Қ) Ойын алаңында көңілді әуен ойналады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа мектепке байланысты сөздер беріледі. Ал екінші топқа сол сөздерге байланысты суреттер беріледі. Балалар әуен ырғағымен билеп жүреді. Әуен тоқтаған кезде бәрі қуана тұра қалады да, суреттегі заттар мен сөздерді байланыстырып қояды. /Сызғыш, оқушы, қоңырау, парта, тақта, мектеп, сынып, мұғалім, компьютер т.с.с./ (Ұ) Оқушылар осы заттарға сәйкес сөйлейтін қабырға жасайды. Оқушыларға мектеп ауласына серуенге шығамыз деп хабарланады. Серуен кезіндегі қауіпсіздік ережелерін тыңдайды. Оқушылар сурет салуға қажетті құралдарын алып аулаға шығады. Қойылған сұрақтарға жауап беру үшін бақылау жүргізеді. (Қ) – Мектеп қандай жерде орналасқан? – Мектеп қай өзеннің жағасында орналасқан? – Балалар, мектеп қалай аталады? – Мектеп қанша қабатты? – Аулада қандай ағаштар өсіп тұр? – Аулада қандай гүлдер өсіп тұр? – Ойын алаңында нелер бар? – Мектепке сендер не үшін келесіңдер? – Мектеп сендерге несімен ұнайды? – Сендер осы мектепке қандай үлес қосасыңдар? (ОТ) Оқушылар ауладағы орындықтарға отырып мектептің суретін салады. (Ж) (Қ) Жұптаса отырып біріне бірі суреттерін көрсетіп, әңгімелейді. |
http://music.zakon.kz/149408310-nazarbaev-ziyatkerl-k-mekteb-n-1187---1240-n-1201-.html | |||||||||||
Қорытынды бөлім 5 минут | Балалар «Менің мектебім» бейнефильмін тамашалай отырып, жетекші сұрақтарға жауап бере өз ойларымен бөліседі. Серуен кезінде салған суреттерінен көрме ұйымдастырады. | https://www.google.kz/search?q= НИШ+талдыкорган&biw | |||||||||||
Қосымша ақпарат. | |||||||||||||
Ажырату - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? | Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі. АКТ байланыстары. Құндылықтар байланысы. | |||||||||||
Мадақтау айту арқылы, сенім білдіру арқылы қолдау көрсетіледі.
Қабілетті оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылады және топқа басшылық жасау ұсынылады. | Оқушылардың ақпараттың бір немесе бірнеше қарапайым бөлігін есте сақтағаны мектеп ауласында қойылған сұрақтарға жауап беруі және жұппен әңгімелесуі арқылы бағаланады. | Сабақ тақырып бойынша оқушылардың дүниетанымын дамыту мақсатында құрылып, дүниетану пәнімен байланысты; Мектеп ауласында бақылаулар жүргізу барысында оқушылар ғылымға қадам жасап қорытындылар айтады; Мектеп Әнұранын шырқап және мектептің суретін салу барысында өнер пәнімен байланыс жүзеге асады. Мектеп ауласына серуенге шығу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Сабақ кезінде оқушылардың бойында білім алуға деген құштарлық, мектепке деген сүйіспеншілік пайда болады.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?