Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 2-бөлім Менің мектебім Әңгіменің мазмұнын ретімен айту «Ж» дыбысы мен әрпі САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 15.10.2015ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Әңгіменің мазмұнын ретімен айту «Ж» дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Ақпаратты түсіну

2.2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу

1.2 Мәтіндегі негізгі ой мен түрлі көзқарастарды анықтау

 Сабақтың мақсаттары

1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады 1.2.2.1 Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды

1.1.2.1 Әңгімені тыңдайды және әңгімедегі оқиғаларды ретімен қоя біледі

 Жетістік критерийлері

Басты оқиғалардың ретін еске түсіре отырып, әңгіменің мазмұнын айтып береді. «Ж» дыбысы мен әрпін таниды.

 Сөздік қор

 

Ауылдың балалары, екеуі дос, мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, құлшынысы, жаға, жуан, жылдам, Жасұлан, жаңбыр, жылан, жастық, жеміс, жұмбақ, Жарас.

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Математика. Сыныптағы жеті жасар оқушыларды қол көтеруді ұсынып, олардың санын анықтауды тапсыру.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сабақ оқушылардың игерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айта алады. Дыбыстар мен әріптерді байланыстыру үшін алдыңғы сабақтағы дыбыстық білімдерді пайдаланады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру.

2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу

Сабақтың ортасы

(Ұ,МК)1.Әңгіме желісіне қарай салынған сюжетті суретті көрсете отырып, оқушыларды әңгімеге тарту.

  • Бұл суреттен не көріп отырсыңдар?
  • Әңгіме не туралы болуы мүмкін?

2. Әңгімені оқып беру.

Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Алпамыс үйіне жылап оралады. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманы мектепке бару болады. Мектеп терезесінің алдына келіп, мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, өтіп жатқан сабақты түсінуге тырысады. Ал досы Қалиханның сабаққа аса құлшынысы болмайды. Бірақ, ол досының алғырлығын алға тартып, оның мектепке баруына көмектеседі. Екі достың тілегі қабыл болып, алты жасар Алпамыс 1-сыныпқа қабылданады..

Ол апасымен дүкенге барады. Оған апасы дүкеннен мектепке керекті оқу-құралдарын сатып әпереді. Қарындаш, қалам, сурет дәптері, бояу тіпті өшіргіш те алыныпты. Анасына риза болған Алпамыс оған рахметін айтады. Ол мектепке барғанда жақсы оқитынын айтып, уәде береді.

(Ұ,МК,Ө, Т) «Алты жасар Алпамыс мектепке барады» фильмнен үзінді (оқиғаның басын, ортасын және соңын) көрсету.

Оқушыларға әңгіменің басты оқиғаларының ретін анықтауда көмек беру үшін суреттерді көрсетіп, келесі сұрақтарды қою.

-Әңгіменің басы қалай басталды?

-Содан кейін не туралы айтылды?

-Әңгіме қалай аяқталды?

Қабілеттері бірдей оқушыларды топқа біріктіру. Оқу қабілеттері жақсы оқушылар өздігінен оқиды. Ал оқуды енді үйреніп келе жатқан оқушыларға таныс сөздері бар мәтінді оқуға тапсыру.

(Т) Оқушыларды аралас топқа біріктіру.Әр топқа оқиғаны көрініс ретінде қоюға дайындалуды ұсыну. Бірінші топ – оқиғаның басын. Екінші топ – оқиғаның ортасын. Үшінші топ – оқиғаның соңын. Оқушыларға көмек ретінде суреттер, қуыршақтар, ойыншықтар беріп, өз ойларын айтуға тарту.

Қуыршақтар мен ойыншықтарды сынып бөлмесінде оқушыларға қол жетімді жерге қойып қою, сонда оқушылар кез келген уақытта оларды алып, оқиғаны мазмұндауға дайындала алады.

Қиналатын оқушыларға оқиғаның детальдарын естеріне түсіруге көмектесу үшін, оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. Оларға басты оқиғаларды ретпен қоюға пайдалы болатын сөз тіркестерін ұсыну.

Басты оқиғалар ретін еске түсіре отырып әңгіменің мазмұнын айтып беруді ұсыну.

(Ұ,МК) «Жж» әрпі мен дыбысын таныту. Әңгімедегі Қалихан неше жаста екенін еске түсіруді ұсыну. Сыныптағы жеті жасар оқушыларды қол көтеруді ұсынып, олардың санын анықтауды тапсыру.

- Осы сөз қандай дыбыстан басталады?- Ж - дыбысынан.- Дұрыс - ақ. Олай болса, бүгінгі танысатын жаңа дыбыс пен әріп - Ж дыбысы мен әрпі.Мынау Ж дыбысының баспа және жазба түрлері.- Ж - дыбысы қандай дыбыс?Қандай текшемен белгілейміз?Жж әрпін жазу үлгісін беріп, жазғыздыру.

Дидактикалық ойын:"Буынға буын қос". Жа, жу, жы,жо.Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінін дамыту.Сөздерді оқыту: жа-ға, жу - ан, жыл - дам, Жас –ұ- лан, жаң - быр, жы - лан, жас - тық, же - міс, жұм - бақ, Жа-рас.

https://www.youtube.com/watch?v=Zz4YsglaFMQ

«Алты жасар Алпамыс мектепке барады» әңгімеснің қысқа мазмұны. Иллюстрациялар.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушыларға бірнеше жеке суреттерді көрсетіп, тек «ж» әрпі барларды атауды ұсыну (жұмыртқа, мақта, сабын, жеңімпаз, кітап, шар, жылан, мектеп, жаға).

- Қандай әріппен таныстық?

- Ол қандай дыбыс ?

- Оқыған әңгіменің басты кейіпкері кім еді?

- Оның досы кім?

-Алпамыстың қандай арманы болды?

-Апасы Алпамысқа не сатып береді?

- Алпамыс қандай уәде береді?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушыларға оқиғаның детальдарын естеріне түсіруге көмектесу үшін, оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. Оқи алатын оқушыларға өздігінен оқуды ұсыну.

Оқушылардың әңгімені ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтқандарын бақылау арқылы бағалау.

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу