Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.
«Отбасы – тіршіліктің тірегі...»
?
Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері
10.3.3.1 отбасылық қарым-қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіру («ҚР Неке және отбасы туралы кодексі», «ҚР бала құқықтары туралы заңы»)
Отбасы құқығы жүйесі
Сабақ мақсаты:
Отбасы мағынасын аша отырып, отбасы құндылықтары, отбасының қоғам мен мемлекетте алатын орны мен ролін, маңыздылығын айқындауБағалау критериіОтбасы құру қағидаларын анықтайды.
Неке ерекшеліктері, шарттары мен тәртібін анықтайды
Отбасының атқаратын функциясын анықтайды
Термин сөздер:
Отбасы – бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.
Отбасы мүшелері – бір отбасыға тиесілі әкесі, анасы, балалары.
Ерлі-зайыптылар – неке негізінде үйленген ер мен әйел адамдар жұбы
Отбасы құқығы- «Неке және отбасы» туралы заңдар көрсетілген жанұя мүшелерінің заңдық еріктері мен міндеттері
Толық отбасы – отбасы мүшелері (ата-анасы, балалары, атасы мен әжесі) түгел болатын отбасыны айтады.
Толық емес отбасы – балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады.
Отбасы дегеніміз не?
Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы
Отбасы құндылықтарын сақта!
https://www.youtube.com/watch?v=LSo90qFfRfQ
Отбасылық құқықтың қайнар көздері
КР Конституциясы
27-бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.3-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасымен реттелетін қатынастар
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:
1) отбасы мүшелері: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді;
2) некеге отырудың (ерлі-зайыпты болудың), некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейді;
5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функцияларын айқындайды.
ҚР заңнамасында отбасы құқықтары қаншалықты қорғалған?
Жеке жұмыс: отбасылық анықтама
Отбасылық анықтама:
Топтық жұмыс: Отау құру
І топ (кереге) – Отбасы ұғымы, отбасының құқықтық негізі, құру қағидалары
ІІ топ (уық) – Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
ІІІ топ (шаңырақ)– Отбасының атқаратын функциясы
Бағалау критерийі:
Отбасы құру қағидаларын анықтайды.
Неке ерекшеліктері, шарттары мен тәртібін анықтайды
Отбасының атқаратын функциясын анықтайды.
Рефлексия
•Отбасы құқығының қайнар көздері ...
•Отбасы құқығы мемлекет тарапынан қорғалу керек, себебі...
•Отбасы құру жолдары мен қағидалары ...
•Отбасының қоғамдағы ролі маңызды себебі...
Үй тапсырмасы.
Тақырыбы:«Бақытты отбасы қандай болуы керек?» тақырыбында инфографикалық модель (үй, сурет, бейне түрінде) құрастыру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?