Бесеудің хаты - ұлттың мүддесі, шындық үшін басын өлімге тіккен ерлікті көрсеткен драма. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 3 сабақ.
№1 тапсырма. Топтық жұмыс
Төмендегідей кесте ұсынылып драманың көркемдік, тарихи құндылығын анықтап, баға беріңіз.
1-топ. Көркемдік құндылығын анықтап, баға беріңіз.
2-топ. Тарихи құндылығын анықтап, баға беріңіз.
Тапсырма №2. Жұптық жұмыс. Ұсынылған пікірлерге сай өзіндік бағасын беріңіз
«Сен-маған, мен-саған»
Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.
Тапсырма №4. Жеке жұмыс.
Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасына әдеби сын жазыңыз.
«Сауалнама»
Мен бүгін білдім/білмедім
Мен бүгін түсіндім/түсінбедім
Мен бүгін тұжырымға келдім/келмедім
Мен сабақты игердім/игермедім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру