Бесеудің хаты - ұлттың мүддесі, шындық үшін басын өлімге тіккен ерлікті көрсеткен драма. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


САБАҚ:

Мектеп: НЗМ

Мерзімі:

Оқытушы аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Бөлім: Тарих тағылымы Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Сабақтың тақырыбы: Бесеудің хаты - ұлттың мүддесі, шындық үшін басын өлімге тіккен ерлікті көрсеткен драма

Сабақтың оқу мақсаттары

10.3.1.1 - шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

10.3.4.1- ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу.

 Сабақтың мақсаттары

Драманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтау, бағалау

«Бесеудің хаты» драмасына әдеби сын жазу

 Бағалау критерийлері

  • тарихи құндылығын анықтап, бағалау
  • көркемдік құндылығын анықтап, бағалау
  • әдеби сын жазу

Пәнаралық байланыс

тарих

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексикология мен терминология:

Диалог пен айтылымға арналған тіркестер:

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Алдыңғы білім

Бұл бөлімде оқушылар 8-сыныпта меңгерген тілдік дағдыларын одан әрі дамытады.

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздері

Басы

3 минут

7 минут

7 минут

3 минут

17 минут

3 минут

Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері белгіленеді.

Сыныпты екі топқа көркемдік және тарихи сөздері арқылы екіге бөлу жүргізіледі.

№1 тапсырма. Топтық жұмыс

Оқушыларға төмендегідей кесте ұсынылып драманың көркемдік, тарихи құндылығын анықтап, баға беру сұралады.

1-топ. Көркемдік құндылығын анықтап, баға береді.

Драманың көркемдік құндылығы

Топтың берер бағасы

2-топ. Тарихи құндылығын анықтап, баға береді.

Драманың тарихи құндылығы

Топтың берер бағасы

Дескрипторларға сай бағалау жүргізіледі:

Драманың тарихи/көркемдік құндылығын анықтайды(кемінде 3-4)

Құндылығына баға береді.

Тапсырма №2. Жұптық жұмыс. Ұсынылған пікірлерге сай өзіндік бағасын береді.

Тұжырым

Жұптық баға

Ұжымдастыру ұранымен жүргізілген қызыл коммунистердің сойқан жүгенсіз әрекеттері «Бесеудің хаты» шығармасы арқылы көркем әдебиетте өшпестей болып таңбаланып қалды.

Қазақ дрмаатургиясы дағдарысқа ұшыраған бір заманда Шерхан жазған «Бесеудің хаты» пьессасы дүйім халықтың еңсесін көтерді, оның спектакліне келген өзін таныды, бір қызарып, бір қуарды»

көсемсөз зергері Сауытбек Абрахманов

Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты»

- оқырманына потриоттық рух беретін сом дүние

М.А.Бижанова

Тапсырма №3. Жұптық жұмыс.

«Сен-маған, мен-саған» әдісі арқылы оқушылар төмендегі теориялық білімімен бөліседі.

Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.

Тапсырма №4. Жеке жұмыс. Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасына әдеби сын жазады.

Сабақ бойынша кері байланыс сауалнама әдісі арқылы алынады.

Мен бүгін білдім/білмедім

Мен бүгін түсіндім/түсінбедім

Мен бүгін тұжырымға келдім/келмедім

Мен сабақты игердім/игермедім

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу