Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Сабақ: Қазақ әдебиеті | Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: Қырықбаева Ж.Қ. | |||||||||||||||||||||
Сыныбы: 10 T1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||
Тарау: | Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасы | |||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | 10.2.4.1 - көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (өлең, әңгіме) жазу. | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Көркем шығармада көтерілген мәселені талдап, әңгіме жазу. | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер |
| |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды қалыптастыру | Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, қазақ тілі | |||||||||||||||||||||
АТҚ қолдануы | Таныстырылым | |||||||||||||||||||||
Алдыңғы білімі | Оқушылар алдыңғы сабақта «Жалғыз» поэмасының мазмұнын талдады. | |||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған қызмет түрлері: | Ақпарат көздері | ||||||||||||||||||||
Басы 3 мин | Қызығушылықты ояту «Сен де, мен де» ойыны Оқушылар поэмаға қатысты негізгі деген 7 сөз жазады. Көп ұпай жинаған оқушы жеңіске жетеді. |
| ||||||||||||||||||||
Ортасы 34 мин | Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин 1-тапсырма Ақын мен Салтанат Жүсіптің сұхбатынан үзіндіні оқып, ақынның жалғыз болу себебін болжап, ойларыңызды ортаға салыңыздар. – «Жалғыз» деген поэмаңызды оқып отырып, сол поэмадағы Жалғыз өзіңіз емес пе деген ойға қаламыз... Және: Жалған-ай... «Жалғызсырау қандай жаман, Тарпаңның тамырында қан қайнаған. Адасқан үйірінен құла бие, Қосылды құландарға қақ жайлаған...» дейсіз... Өзіңізді көп ішінде де жалғыз сезінесіз бе? – Иа, ол Жалғыз – менмін... Бұл поэманы тұтастай жатқа білетін жас оқырмандарым бар. «Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасады» деп айтылады. Жалғыздық барлық адамның басында бар нәрсе. Бұл тек бір ғана адамның басындағы жалғыздық емес, бүкіл әлемдік жалғыздық деп ойлаймын. Шәкәрім де жалғыз болды... Жалғыздықты тек қана оқу керек. Оны мазмұндап, оның жақсылығын айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. 2-тапсырма Ұсынылған жағдаятты жалғастырып, Жәркен Бөдешұлымен болған сұхбатыңызды, оқиға орнын, кейіпкердің көңіл күйін сипаттайтын әңгіме жазыңыз. Сөз саны 200-250 сөз. Дескриптор:
Жағдаят Екі-үш жыл бұрын барғанмын. «Құлагер» ықшамауданындағы көк түсті үйлердің қайсысы ақын үйі деп арлы-берлі жүрдім. Ақынға телефон шалсам, тұтқаның ар жағында ғыр-ғыр еткен дауыстан ештеңе естілмейді. Байланыс нашар сияқты. Алты деп жатқанын әрең түсіндім. Алтыншы үй. Ары қарай, өзі айтпақшы, мидай жазық. Өзі балконға шығып тұр... Үйге кірдім. Бір бөлмеде өзі оқып болған кітаптар ретсіз жатыр. Жалғыз екен. Екі-үш күн бұрын ғана бір арнаның журналистері сұхбат алғанға ұқсайды. Көңіл күйі жақсы. Әңгімеміз бірден басталып кетеді деп ойлаған жоқпын. Бағалау Әр оқушы өз жұмысын келесі критерийлер бойынша бағалайды.
Кері байланыс Тапсырманы орындау қиындық тудырды ма? Жазылым жұмысы қаншалықты қиын болды? Сізге алдағы уақытта нені қолға алу керек деп ойлайсыз? | Таратпа қағаз ҚБ парағы | ||||||||||||||||||||
Соңы 3 минут | Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» | |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?