«Жусан иісі» ізімен. Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.
5-БӨЛІМ: С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесі
Сабақ: №5 | Мектеп: | ||||||||||||||
Күні: 26-30.04 | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сыныбы: 7 | Қатысқан оқушылар: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | «Жусан иісі» ізімен | ||||||||||||||
Оқыту мақсаты | А/И4. Шығармашылық жұмыс Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу | ||||||||||||||
Бағалау критерийі | Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісі мен белгілі бір оқиға орнын және кейіпкерлер бейнесін сипаттап жазады. | ||||||||||||||
| |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | әдебиет теориясы, Қазақстан тарихы | ||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Соғыс, жетімдік, қиыншылық, мейірім мен қатыгездік, өмірге құштарлық | ||||||||||||||
Құндылықтар | ашықтық, үздіксіз оқу, ынтымақтастық, қазақстандық патриотизм | ||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары | ikitap.kz сайтынан мәтінді тауып оқу | ||||||||||||||
Алдыңғы білім | Көркем шығармадағы образ, С.Мұратбековтің «Жусан иісі» повесін оқу | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған оқыту іс - әрекеттері | Оқыту ресурстары | |||||||||||||
Қызығушылықты ояту
5 мин. | «Бес қадам» стратегиясы Оқушыларға қойылатын сұрақтар: 1.Аянның бойындағы 5 жақсы қасиетті атаңыз 2.Аянның 5 өкініші қандай? 3.Аянды басқа балалардан ерекшелейтін қандай 5 қасиет бар? 4.Аянның «Жусандытөбеге» келмеуінің қандай 5 себебі бар? 5.Егер бүгінгі күні Аян тірі болса, ол қандай адам болар еді?
| ||||||||||||||
Мағынаны ашу 15 мин. | 1-тапсырма: Көркем шығармадағы пейзажды тауып оқыңыз. Көркем шығармадағы портретті тауып оқыңыз. Аян бейнесін тауып оқыңыз, авторлық баяндауға пікір білдіріңіз. Аяннан басқа балалардың әрекетін суреттейтін үзіктерді тауып оқып, пікір білдіріңіз. 2-тапсырма: «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын Аян ертегісін жалғастыр (80-100 сөз) Оқушыларға тапсырма орындау өздік жұмысты жеке орындай алу деңгейіне (степень самостоятельности) қарай сараланып ұйымдастырылады. Сабақ онлайн болғандықтан ТИМС платформасында сөйлесу кабинеттері арқылы 4 топқа бөлінеді. 1 топқа тапсырманы өздігінен орындай алатын оқушылар, 2,3-топтарға көмекке көркем сөздер ұсынылады. 4-топқа ертегінің басы мен соңы ортасында тірек сөздері бар көмек картасы көрсетіледі. Сонымен бірге кейіпкерлер, оқиғалар бар суреттер де көрсетіледі. Осылайша оқушылар мұғалімнің қолдауымен тапсырманы игереді. Уақыт аяқталғанда бағалау парағы арқылы өзара бір-бірін тексереді. Бағалау рубрикасы
Автор орындығы Оқушылар қалауымен өз жұмыстарын автор орындығында оқиды. Өзара «екі жұлдыз, бір тілек» бойынша кері байланыс береді. | ||||||||||||||
Рефлексия 2 минут | Ой толғау. Кесте толтыру
Үйге тапсырма: «Аянның ертегілері» тақырыбында ертегілер жинағына ертегі жазып келу.. | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат
| |||||||||||||||
Бөліп оқыту, Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) | |||||||||||||
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланытсы бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
|
| |||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?
|
.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?