С. Мұратбеков «Жусан иісі». Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Әдебиет. Бөлім тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

С. Мұратбеков «Жусан иісі»

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Сабақтың мақсаты

Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау

Бағалау критерийлері

Шығарманың сюжеті мен фабуласын ажыратады

Тілдік мақсат

Диалог және жазылымға қажетті тілдік қолданыстар: сюжет, кейіпкер, оқиға, желі, фабула, хикаят т.б.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Патриотизм, адамгершілік

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды М. Мақатаевтың бір шумақ өлеңімен топтарға бөлу.

Бақыт деген - сенің бала күндеріңБақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,Бақытын да, басқасын да білмеуіңБақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.

Үй тапсырмасын пысықтау.

Оқу мақсаты, бағалау критерийлерін, құндылықтарды таныстыру, талқылау.

http://bilim-all.kz/olen/678

Ортасы

20 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту

– Балалық шақ дегенді қалай түсінесіңдер?

– Адам өмірінде балалық шақ маңызды орын алуы мүмкін бе? Неліктен?

Оқушы жауабы мен жаңа сабақты байланыстыру.

Мағынаны тану

1.Ж. Тапсырма: оқулыққа сүйеніп, С. Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы дәптерде кластер жасату.

С.Мұратбеков – жазушы, ұстаз, Талдықорған өңірінің перзенті, алғашқы туындысы 1954 жылы жарық көрген, шығармалары: «Жабайы алма», «Ауыл оты», «Жусан иісі», 1936-2007 жылдары аралығында өмір сүрген т.с.с.

«Алыста қалған балалық шағым...» – деп басталады «Жусан иісі» әңгімесі. «Біздің ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді. Ұзыннан-ұзақ бір көше боп жоғарыдан төмен қарай созылып жататын», – деп жалғасады.

Демек әңгіменің авторға қатысы бар деп ойлайсыңдар ма?

«Ойымнан жарғақ сары тоны қаудыраған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық, ақсақ қара бала бір кетпейді.»

Әңгіме кім туралы деп ойлайсыңдар?

Әр топқа оқиға желісін білдіретін тақырыптар жазылған үлестірме қағаздар таратылады (екеуден). 2.Т.Тапсырма: берілген тақырып бойынша екі жақты түсіндірме кестесін толтырыңдар.

Кейіпкерлері

Негізгі оқиға (4-5 сөйлем)

Оқиғаның әрі қарай дамуына әсері (3-4 сөйлем)

Маған әсер еткен тұсы (3-4 сөйлем)

Ұсынылатын тақырыптар:

1.Балалық шақты еске түсіру, Аянмен алғашқы таныстық

2.Ауыл балаларымен достық

3.Хат тану

4.Тобығын тайдыру

5. Аянның ертегілері

6.Әжесінің қайтуы

7.Аян Бапай үйінде

8.Интернатқа кету

Дескриптор: - шығарманың сюжеттік дамуын талдайды; - өзіне әсер еткен тұсын әңгімелейді. Бағалау: «Бармақ» әдісі

Сергіту сәті: «Жусан иісі» әні

3.Т. Тапсырма: тақырыптарды негізге ала отырып, шығарма желісі бойынша оқиға картасын толтырту.

Оқиға картасы

Дескриптор:

  • оқиға желісіне сүйеніп картаны толтырады.

Бағалау: «Бармақ» әдісі

Ой толғаныс

«Бақыт деген – сенің бала күндерің...» Хикаяттан алған әсеріңді бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, үзіндіні 15-20 сөзбен жалғастырып, мәтін құраңдар.

Сыныпта 4-5 оқушыға эсселерін оқыту.

слайд

https://www.youtube.com/watch?v=meYKvDxT2nU

Соңы

5 минут

Үйге тапсырма: жазушы өмірі мен шығармашылығын, «Жусан иісі» хикаятын оқулық бойынша толық оқып келу.

Кері байланыс: «3-2-1»

Cабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылар қабілет деңгейлеріне қарай дифференциациялық тапсырмаларды

орындайды.

Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, өзін бағалауы, мұғалімнің бағалауы түрінде жүзеге асады.

Тарих пәнімен байланыста өткен бұл сабақта АКТ қолданылып, оқушылар сыныпта патриотизм, адамгершілік құндылығын талдайды.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу