Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


ІІІ бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты

Сабақ : № 4

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

А/И3.Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау

Құндылықтарды игерту:

  • адамгершілік
  • сыйластық
  • құрмет

Бағалау критерийлері:

  • Шығармадағы көркем ауыстырулар туралы біледі
  • Метафора, метонимия, кейіптеуді анықтайды

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер

Қаршадай, мұрты сетінемеген масақ, көңнен тігілген шоқай

Осыған дейін меңгерілген білім

А.Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі

Әр топтың ортасына бірнеше кеспе қағаз тасталады. Топқа берілетін тапсырма метафора, метонимия, кейіптеу сияқты терминдерді сәйкестендіру тапсырмасы беріледі немесе мұғалім метафора, метанимия, кейіптеу мысалдарын беру арқылы сәйкестендіруге болады.

метафора

бір-бірімен өзара, іштен байланысты екі құбылыстың, бұйымның, нәрсенің атын бірінің орнына бірін ауыстырып қойып жұмсау

метанимия

Бір затты екінші затқа ұқсату арқылы сөз мағынасының ауысуы

кейіптеу

әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл

Сабақтың ортасы

5 – 7 минут

5 минут

10

минут

Ауызша кері байланыс беру

2-минут

Саралау тапсырмасы

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма

Берілген үзінділердің қандай көркем ауыстыру екенін анықта.

  • ....Ой, кетші ары, тырнауық мысық. Сенің үйіңде алтын барын дабілеміз, – деп ентелеп келе жатқан Қосымды көкірегінен итеріп жіберді.
  • ...Төңірек тегіс үрейге толатын. Құз жақтан соққан суық желдің ызыңынеше түрлі боп құбылып естілетін.

2- тапсырма

Кестені толтыр.

Хикаяттан үзінді арқылы дәлелдеу, мысал келтіру

Метафора

Метонимия

Кейіптеу

Оқушылар кестені жұбымен бірге толтырады. Бірге жұмыс істейді. Жұмыстарын тексеру үшін басқа жұппен ауысып, бір-бірін бағалайды.

3- тапсырма

Үзіндіні оқы. Көркем ауыстыруларды пайдалана отырып жалғастырып жаз.

«...– Біраз жер жүргеннен кейін жетім баланың қотыр тайына тілбітіпті, – дейді Аян. – Қотыр тай тұрып оған: «Мынау алда тұрған асқар таудан күндіз құс ұшып өте алмайды, қанаты күнге күйіп қалады. Тек түнде ғана ұшып өтеді. Сондықтан да біз түнді күтуіміз керек. Түнде маған да қанат бітеді. Сен тек жығылып қалмай, көзіңді тарс жұмып, менің жалымнан мықтап ұстап отыр. Мен: «көзіңді аш!» дегенде бір-ақ аш. Сонда, мына асқар таудың арғы жағында, мұнан гөрі аласа, шошайған қоңыр тау тұрады. Ол жалғыз көзді дәудің мекені», – дейді. Жетім бала қотыр тайдың айтқанын түгел орындайды. Түнде қотыр тайға қанат бітіп, асқар тауданұшып өтеді... Бір кезде қотыр тай: «Енді көзіңді аш!» – дегенде, жетім бала көзін ашса, дәл алдында ақырын теңселе қозғалып шошайған қоңыр тау тұр екен...»

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.

Саралау тапсырмасы

Қолдауды қажет ететін оқушылар

Хикаяттың «Жусан иісі» хикаятының осылай аталу себебі неде? Үйдегі үлкендерден сұра, сыныптастар пікірін біл. Барлық пікірлерді салыстырып келіп, хикаяттың басқаша емес, тура осылай аталуы себебіне үш аргумент келтір.

презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ рефлексиясы

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу