С.Торайғыров «Шәкірт ойы» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


ІІІ бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

С.Торайғыров «Шәкірт ойы» өлеңі

Сабақ : № 5

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні :

Мұғалім: Меңдібаева С.Ә

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ мақсаты

Т/Ж4. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Құндылықтарды игерту:

  • Білім, Мәңгілік ел құндылықтары

Бағалау критерийлері:

  • Өлең үзінділерімен жұмыс істейді
  • Мәнерлеп, жатқа айтады

Пәнаралық байланыс

Әдебиет теориясы, қазақ тілі

Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздер

Надандық теңізі, қараңғылықтың көгі

Осыған дейін меңгерілген білім

Абай Құнанбайұлының қарасөздері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 – 7 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі

Төмендегі сұрақтарды әдеби шеңберде талда.

  • Мәңгі ел болу, Мәңгілік ел деген тіркестерді қалай түсіндің?
  • Бұл ұғымдар құнды ма?
  • Несімен құнды?
  • Білім неліктен құндылық болып саналады?

Сабақтың ортасы

10 минут

5 – 7

минут

5

минут

Мағынаны тану кезеңі

1-тапсырма

Қараңғы қазақ көгіне,Өрмелеп шығып, күн болам! – деген жолдарды қалай түсіндің? Өлеңнің идеясын осы жолдар аша ала ма?

2- тапсырма

Мұздаған елдің жүрегін,Жылытуға мен кіремін!- деген жолдарға дейін автор қандай ой айтты? Осы жолдардан кейін автор қандай қорытынды ой ұсынды? Жұпта, топта талда.

3- тапсырма

Қазіргі кезде ақын айтқан «надандық теңізі» тартылды ма? Үш дәлел келтіре отырып, ойыңды жаз.

Бағалау дескрипторы

Өлеңнің идеясын, көтерілген мәселесін талдай алады

Өлең үзінділеріндегі айтылған ойды анықтай алады

Өлеңді жатқа оқиды

Бұл тапсырма жұппен/топпен/сыныппен орындалады.

Қабілеті жоғары оқушыларға «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі кідірістерді белгіле деген тапсырма арқылы топтастыру жұмысын жүргізуге болады. Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушылармен жұптаса отырып, мәнерлеп оқуға дайындалады.

https://www.youtube.com/watch?v=_o7LF-Uabr0

презентация

Сабақтың соңы

3 минут

Ауызша кері байланыс беру

2-минут

(Мендік пікір)

Оқушылар аталған сөз оралымдарын өз ойларымен жалғастырады.

Мені таңдандырғаны:

Мені күйіндіргені:

Мені ойлантқаны:

Мені қуантқаны:

Мені жұбатқаны:

Мені мойындатқаны:

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

  • Конспектілеуді пирамидалық тәсіл арқылы бергенім дұрыс, ұтымды болды

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу