С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы» Қайталау сабағы. Қазақ әдебиеті, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»

Қайталау сабағы

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/Ж4. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

Сабақтың мақсаты

6.1.4.1 - көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • орта көлемді өлеңдерден үзінділерді мәнерлеп оқиды;
  • орта көлемді өлеңдерден үзінділерді жатқа айтады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың жатқа оқу дағдысын қалыптастыру;

Сұрақтарға нақты жауап беруге дағдыландыру;

Өлеңнің мазмұнын сыни тұрғыдан талдауды үйрету.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Өмір бойы оқу, құрмет, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

5 минут

2 минут

Қызығушылығын арттыру.

«Жалғасын тап» әдісі арқылы оқушылар С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жатқа еске түсіреді, екі-үш минут сергіп алады. 

Шығамын тірі болсам _____________,Жүрмеймін бұл жиһанда _______________.Жатқаным көрде тыныш, _________________Жүргенше өмір сүріп, __________________.Мен балаң жарық күнде _________________,Алуға күнді барып ____________________.Жұлдыз болып көрмеймін _______________,Болмасам толған айдай _________________.

Дескриптор:

Білім алушы

  • «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жатқа еске түсіреді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады.

https://sites.google.com/site/torajgyrov/-le-deri/sekirt-ojy

Презентация

Ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

Мағынасын ашу

1-тапсырма.

Жұптық жұмыс

Ой сергіту.

Оқушылар өз ойын білдіріп, мына сұрақтарға жауап бере отырып, бір-бірімен ашық пікірлеседі:

  • Осы өлеңнің мазмұны қалай әсер етті?
  • Кім болуды армандайсыңдар?
  • Ақынның айтайын деген ойы не?

Дескриптор:

Білім алушы

  • Оқушы өз ойын білдіреді, сұрақтарға жауап береді, бір-бірімен ашық пікірлеседі.

Топтық жұмыс. 

2-тапсырма

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» өлеңдерін пайдалана отырып, топтық жұмысты орындайды.

«Шығамын тірі болсам адам болып»

Шығамын тірі болсам адам болып,Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,Жүргенше өмір сүріп, надан болып.Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,Алуға күнді барып белді буған.Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,Болмасам толған айдай балкып туған.Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,Ойында оты барлар асылық демес.Тебем деп тірі болсам надандықты,Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.

Шәкірт ойы

Қараңғы қазақ көгіне, 

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін!

Еңбек, бейнет  тарауы

Рақатқа сарқылар.

Қыздырып күннің қарауы

Надандық теңізі тартылар.

Орны отайып көгерер,

Қызығын жайлап ел көрер.

Тұрмыс, тағдыр - бірі  де

Бұл мақсаттан бұра алмас;

Қаһарман, Рүстем, Әлі де

Бұрам деп жолда тұра алмас.

Сыланған жардың күлісі,

Алдандырмас бірісі.

1-топ: «Адамдар» тобы. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді топтастырады. 2-топ: «Жұлдыздар» тобы. Адами қасиеттерге кері әсерін тигізетін жаман әдеттерді топтастыру. 3-топ: «Ақындар» тобы. Өлеңнің идеясы қандай? Бағалау.

Әрбір топтың жасаған жұмыстарына келесі топ сағат тілі бойынша баға беріп отырады. Арнайы мадақтау жасалады. 

Дескриптор:

Білім алушы

  • Адам бойындағы жақсы қасиеттерді топтастырады.
  • Адами қасиеттерге кері әсерін тигізетін жаман әдеттерді топтастырады. 
  • Өлеңнің идеясына түсінік береді. 

3-тапсырма.

Үш топқа ақынның төмендегі үш өлеңінен мәнерлеп, жатқа оқу тапсырылады. 1-топ: «Шәкірт ойы»

Шәкірт ойы

Қараңғы қазақ көгіне, 

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін!

Еңбек, бейнет  тарауы

Рақатқа сарқылар.

Қыздырып күннің қарауы

Надандық теңізі тартылар.

Орны отайып көгерер,

Қызығын жайлап ел көрер.

Тұрмыс, тағдыр - бірі  де

Бұл мақсаттан бұра алмас;

Қаһарман, Рүстем, Әлі де

Бұрам деп жолда тұра алмас.

Сыланған жардың күлісі,

Алдандырмас бірісі.

2-топ. «Туған еліме» Туған еліме

Үміт қып менен қарайсың, 

Көңіліңе медеу санайсың.

Балалыққа жарасам,

Аталыққа жарайсың.

Қайтейін, елім, қимаймын,

Қия алмай жанды қинаймын.

Қимай қалсам, ішіңде

Тағы тыншып сыймаймын.

Алты қырдан ассам  да,

Сөздеріңді сыйлаймын,...

... Сіздерге әкеп шашуға,

Ілім, білім жинаймын.

... Қуаты күш вулкандар

Сөнгендей біраз тұрады.

Өлусіреп, әлсіреп,

Түтіні кейде шығады,

Булыққан сайын қуатты

Бойына жиып нығады.

Ал, қуатпен атылды,

Кім қарсылық қылады?

Бетін жапқан тау - тастар,

Быт - шыт болып сынады.

3-топ. «Асыл сөз». 

Асыл сөз

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе.Адамдықты көздесең,Жаттап, тоқы көңілге.Сөз мәнісін білмесең,Өлең оқып не керек?Не айтқанын сезбесең,Жарапазан не беред?

Дескриптор:

Білім алушы

  • үзінділерді мәнерлеп, жатқа оқиды.

https://www.google.kz/search?q=С.Торайғыров+«Шығамын+тірі+болсам+адам+болып»,+«Шәкірт+ойы»&safe=strict&rlz=1C1CHBD_ruKZ770KZ770&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwjkzI_WsfrZAhXMNJoKHfm4AT0Q_AUIDCgD&biw=136

Сабақтың соңы

5 минут

3 минут

Кері байланыс.- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қандай өлеңдерімен таныстық?

  • Өлеңдерін қай тақырыпта жазған екен?

Бағалау.

Оқушылар сабақ соңында бүгінгі сабақ бойынша жазған стикерлерін «Даналық ағашының» бұтақтарына ілу арқылы бағалайды. Жоғары бұтақтағы стикерлер - «4» - «5», төменгі бұтақтағы стикерлер - «3» деген бағалар болады. 

Үйге тапсырма: «Ақынның арманы – білімді ұрпақ» тақырыбында ой толғау жазу.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Қазақ тілі мен қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс.

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру үшін ыңғайлы отырғызу т.б.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет құндылықтарының маңызына көңіл бөле отырып, бұрынғы мен қазіргіні салыстырып, сыни тұрғыдан баға береді. Оқушылар С.Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» өлеңдерінің мазмұнын толық меңгерді, мағынасы түсініксіз сөздерді меңгерді.

Тапсырмаларды орындауда ынтымақтаса жұмыс жасады. Жеке, жұпта, топта жасаған жұмыс түрлері де өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабақ өтуде өмірмен байланыс тығыз болды.

Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Ақын өлеңдерін салыстырып, бір-біріне сұрақ қоюы.

2: Оқушылар ақынның білімге құштарлығына байланысты талқылауы..

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Оқу-білім туралы 4 жол өлең шығарту.

2: Оқу-білім туралы мақал-мәтелдерді еске түсірту.

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?

Оқушыларға осындай шағын көлемдегі өлеңдерді оқыту мен жаттату және оған сабақ кезінде талдау жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу