Иммундық биотехнология. Екпе егу. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация.
ЖЕКЕ БАС ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жеке бас тазалығы туралы түсінік
«Гигиена» сөзі гректің «гигиэйнос» яғни шарапатты, денсаулық әкелетін деген сөзінен шыққан. Гигиена денсаулықты сақтау үшін қажет шарттарды зерттейтін ғылым. Жеке бастың гигиенасы дегеніміз сіз оларды орындай отырып өзіңіздің денсаулығыңызды сақтап, нығайта алатын ережелер кешені болып табылады.
Жеке бас тазалығы нені қамтиды:
Дене, іш киім, киім, тұрғын үй тазалығын сақтау.
Жеке бас тазалығы нені қамтиды:
Асты дұрыс даярлау және оныуақтылы ішу.
Жеке бас тазалығы нені қамтиды:
Еңбек пен белсенді демалысты,
ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру.
Жеке бас тазалығы нені қамтиды:
Дене тәрбиесімен айналысу
Уақытылы, толық тынығуға мүмкіндік беретін ұйқы
.
Әдетте, жеке бастың гигиенасының құралдарына гигиеналық ережелерді сақтауға мүмкіндік беретін барлық нәрсе жатады деп есептейді: тіс щеткасы, сабын, орамал, тарақ, бет орамал т.б.
Жеке бас тазалығы құралдары
1. Терінің лезде кірлейтінін есте ұстаңыз, оның ұсақ тесіктері бітеледі де ол «тыныс алуын» тоқтатады. Бұл өз – өзін нашар сезіну, шаршаңқылық, енжарлықтың себептерінің бірі. Сіз душты қабылдағаннан соң шаршаңқылығыңыз басылып, көңіл – күйіңіздің көтерілгенінің неше рет куәсі болған боларсыз. Су сіздің нашар көңіл – күйіңізді және шешімін таппай жүрген қиыншылықтарыңызды шайып жібергендей етіп тазартады, сонымен қатар, организмді таңғажайып түрде шынықтырады.
Жеке бас тазалығы ережелері
Жеке бас тазалығы ережелері
Шашыңызды кесте бойынша — аптасына 1 рет — жумаңыз, оны кірлеген сайын жуып отырыңыз. Сонымен қатар, халық емі тәсілдерін де ұмытпаңыз: басты жұмыртқаның сарыуызымен, суда езілген қара бидайдан істелген нанмен, ұйыған сүтпен жууға болады. Ошаған, түймедақ тұнбаларымен шашты шайып отырса ол да пайдалы. Еріген қар суымен шашты шаю да жақсы әсер етеді.
3. Ауыздың қуысын күту - бұл тісті сау күйінде сақтап, сүйек шірігі (кариес) тәріздес аурулардың алдын алу деген сөз.
Ұдайы әрі мерзімді түрде тісті тазарта отырып сүйек шірігінің алдын алуға болады.
.
Жеке бас тазалығы ережелері
Жеке бас тазалығы ережелері
4. Қолдарыңызға қатты көңіл бөліп отырыңыз. Тырнақ таза әрі ұқыпты түрде алынған болуы тиіс. Міндетті түрде қолдарыңызды жуып отырыңыз:
● көшеден келгенде;
● дәретханада болғаннан соң;
● ас ішер алдында;
● жануарлармен ойнағаннан соң.
5. Аяқ туралы да ұмытпаңыз. Ол тез терлейді, жағымсыз иіс шығады, сондықтан оларды да күн сайын жуып тұру әрі әр күн сайын таза шұлық не әйел шұлығын (колготки) кию қажет.
Ер балалардың жыныстық органдарының гигиенасы
● Ерте жастан бастап жыныстық органдар мен шаптың терісін тұрақты түрде жуып отыру қажет. Бұларды күнделікті жылы сумен, сабындап жуып отыру әрі мұқият түрде суын сорып алатын қимылдармен сүрте отырып құрғату керек.
● Жыныстық мүшенің ұшы қабынып ауырса әрі іріңді бөліністер бөлінсе онда уролог-дәрігерге қаралу керек.
● Жасөспірімді поллюциялардың пайда болуы туралы құлақтандыру әрі бұған психологиялық тұрғыдан даярлау қажет. Поллюциялардан кейін жыныстық органдарды жылы сумен жуып, тазарту керек.
Қыз балалардың жыныстық органдарының гигиенасы
Етеккір келетін күндерде, бойжеткен алдын ала қолын жуып алып, күніне ең аз дегенде 2 – 3 рет жылы қайнатылған сумен ұқыпты түрде денесінің тиісті астыңғы бөлігін жуып отыруы керек. Сыртқы жыныстық органдар, шап, көтен саңылауы маңын алдан артқа кететін бағытта ағып тұрған сумен шайып, одан кейін таза жұмсақ матамен не матадан істелген орамалмен құрғағанша сүртіп алу керек.
Етеккір келетін күндерде, ваннаға және өзен не теңізде шомылуға болмайды. Душта шомылуға кеңес беріледі.
Іш киімді жиі ауыстыру қажет, гигиеналық тығын—қабатшаларды денеден ағатын бөліністердің мөлшеріне қарай әр 3—6 сағат сайын ауыстырып отыру қажет.
Көп дене күшін жұмсауды керек ететін ауыр және ұзаққа созылатын дене еңбегімен, спорт түрімен айналыспау жөн;
Салқын тиюден сақтаныңыз;
Бұл кезеңде ащы тағамдар мен алкогольді ішімдіктерді ішуге кеңес берілмейді;
Қуық пен ішектердің тым артық толып кетуіне жол бермеу;
Мақтадан, трикотаждан жасалған іш киімді күнделікті ауыстырып отыру қажет
Етеккір күнтізбесін жүргізу.
Тазалық, ұқыптылық, гигиена-бұл сұлулық пен тәннің саулығына қарай жасалатын әуелгі қадам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды