Биотехнология тақырыбына қатысты аналитикалық эссе жазу. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация.
Эссе жазу әдістемесі
Эссе- франц. “essay”, ағылш. “assay”- байқау, көру, очерк; латынша “ exagium”- салыстыру, өлшеу деген мағынаны білдіреді. Эссе жанрын ашқан француз жазушысы М. Монтень болып табылады (“Тәжірибелер”, 1580 ж.). Ол шағын көлемдегі проза түріндегі еркін композиция. Қандай да бір мәселені еркін түрде жазу, сын және публицистика жанры. Эссе нақты тақырып бойынша жеке әсері мен ой толғанысын бейнелейді және затты анықтау немесе аяқтау мүмкіндігіне ие болмайды. Эссе - жаңа, бір нәрсе туралы әдемі боялған сөз және философиялық, тарихи- биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми кең таралған, беллетристикалық тұрғыда жазылады.Француз жазушысы
Мишель Монтень
(“Тәжірибелер”, 1580 ж.).
Эссе құрылымы
1. Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл этапта өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек.”Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?, ” Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т.с.с. сұрақтарға жауап іздеген жөн.
2. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады және ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізгі бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады.
Қойылған сұраққа байланысты талдау жүргізу үшін мынадай категориялар негізінде жазу керек: Себеп- салдар, жалпы- айрықша, форма- мазмұн, бөлік- тұтас, тұрақты- өзгермелі. Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тақырыпты ашудағы логикалық ойын байқауға көмектеседі.
3. Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т.б.түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.
Эссе жазу үшін қажет делелдеу аппаратының құрылымыДәлелдеу- белгілі бір тұжырымға негізделген және оған байланысты шын мәніндегі тұжырымды анықтау үшін қолданатын логикалық тәсілдер жиынтығы. Ол сенім-наныммен байланысты , бірақ онымен тең емес: аргументтеу немесе дәлелдеу ғылымға және қоғамдық- тарихи тәжірибеге сүйенеді. Сенім- жорамал, ол нақты дәлелденбеген білімге негізделеді.Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис, аргумент, қорытынды.
Тезис- дәлелденуге тиісті жағдай. Аргументтер- тезистің анық шын екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория. Қорытынды- фактілерді талдауға негізделген ой түйін. Бағалаушы тұжырым- біздің сенімімізге, нанымымызға және көзқарасымызға негізделген.Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді:Тексерілген фактілер - нақты материал. Фактілер- тенденцияны анықтайтын қор, оның негізінде - әр білім бойынша заңдар мен берілген жағдайға заңның әсерін анықтаймыз.
2. Анықтамалар тезиспен байланысты түсініктің аргументі ретінде қолданылады.3. Ғылым Заңдары және алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу аргументі ретінде қолданылады.
Қосымша:
1. Эсседе бейнелеу афористік, парадоксалдық тұрғыда қаралу керек.2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әр түрлі байланыстарды қолданады. 3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория символ және астарлы образдар.4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе – бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі тиіс.Эссе жұмысының құрылымы
Кіріспе – 40 сөз
Негізгі бөлім – 100-150 сөз
Қорытынды - 50-60 сөз
Үлгі : Адам өмірін сақтау
Тапсырма: Адамды клондау дегеніміз – бір адамның дене жасушасының ядросын пайдалану арқылы тап сол кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару. Бұл әдіс кейбір бала сүйе алмай жүрген отбасыларына қуаныш сыйласа, ал БҰҰ клондауға тыйым салып отыр. Сіз қалай ойлайсыз, клондау дұрыс па, әлде бұрыс па? (250 сөз).
Тақырыптық сөйлемдер: Клондау дегеніміз - жыныссыз-ақ көбейту жолы. Ғылым әлемінде мұндай тәжірибе жасалып жатқалы біраз уақыт болды. Дегенмен, адамды клондау - өте қайшылықты мәселе. Адамдар дүниеге ұрықтың дамуы арқылы келетінін бәріміз білеміз. Ал енді баланың өзінен айнымайтын сыңарын биология ғылымың жетістігі арқасында дүниеге келтіру - ғажап нәрсе.
Талқылау сұрағы: Қазіргі таңда адамзатта “клондау үрдісі” шынымен-ақ, басталып кетті ме деген үрей бар. Егер басталып кетсе, мұның арты жақсылыққа апармауы әбден мүмкін. Неге?
1-абзац. Кіріспе бөлім
2-абзац. Негізгі бөлім
Тезис (пікір): Адамдарды клондау қойды клондауға қарағанда тым қиын.
Аргумент: Рослин институтындағы Ян Вилмут мырза былай деген: «Клондалған балалардың елу пайызы жатырда көз жұмады, ал аман туған балалардың көбі ерте жасында қайтыс болады»,- дейді. (massaget.kz)
Сараптама: Сонымен қатар, клондау әдісі арқылы пайда болған адам барлық жағынан осал болатын көрінеді. Денсаулығы нашар, ойлау қабілеті кем адамдарды қаптатып не керегі бар деген ғалымдар тобы клон адамдардың көп жағдайда ұсқынсыз боп туатынын айтады. Үшіншіден, олар табиғи адамдарға қарағанда өте ерте қартаяды екен. Ғалымдар клон адамдардың 30 жасында ақсақал болып отыруы мүмкін деген болжам айтады. Төртіншіден, бір адамды жасап шығару үшін онымен бірге дамып келе жатқан өзге эмбриондарды өлтіру керек. Ал, бұл қылмыс емес пе? Бесіншіден, клон адамдардың пайда болуы қылмыс әлемін де талай былыққа батыруы мүмкін. Мысалы, соғыс аңсаған кей мемлекеттер клон-адамдарды көбейтіп, «соғыс ойынын» ұйымдастыруы да мүмкін ғой. Міне, осы болжамдарға байланысты әлемнің көптеген елі клондау ісін дамытуға қарсылық танытуда.
3-абзац
Негізгі бөлім
Тезис (пікір): Адам ұрыққа айналғаннан бастап, өмір иесі деп саналады. Адам - саналы тіршілік иесі. Оған рух берген - жаратушы. Жаратушының адамзаттың әрқайсысының мойнына артқан міндеті бар. Ал клондалған, яғни рухсыз адам жаратушыға қажет пе? Өзіндік санасы, мінез-құлқы, адами мақсаты жоқ жанның жануардан айырмашылығы бола ма? Қысқасы, Құдайдың құдіретінен жасалған адамды клондау - Алланың ісіне араласумен тең.
Аргумент: Бірақ, ешқандай кедергілерге қарамастан, Итальяндық Сверино Антинори деген дәрігер техникалық клондау әдісімен 3 баланың дүниеге келгенін жариялады. (med.kz)
Сараптама: Клондау үрдісi этика тұрғысынан ғана емес, техникалық көзқарас бойынша да күрделі мәселе екені ғалымдарды ойландырмай отырған жоқ.
4-абзац. Қорытынды бөлім
Нақты шешім: Сөз түйінінде, клондау - табиғатқа жат құбылыс.
Ұсыныс: Клондау арқылы адамдарды, яғни өмірдің заңдылықтарын өзгертуге тырысқанша, берілген өмірді тиімді пайдаланғанымыз жөн. Адамды қолдан жасағанша, халық санын көбейтуге жағдай жасау керек.
Бекіту: «Адамға өмір бір-ақ рет беріледі, оны мәнді қылып өткізу керек»,-деп Н.Островский айтқандай, адами ресурстарды, өмірді ойыншық қылмайық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?