Биотехнология жаңалықтары. Қазақ тілі, 9 сынып, презентация.


Аргумент(лат. argumentumнәрсе, пән, белгі) – философиядапікір, ойдың немесе теорияның ақиқаттығына келтірілетін дәлел. Логикада дәлелдеудің негізгі алғышарты ғана емес, пікір мен идеяның толық негізі ретінде де қаралады.

Аргумент сөзі латынның argumentum сөзінен шыққан, яғни, айғақ болудың негізіне қызмет ететін логикалық дәйек. Аргументтердегі дәйектер: “неге?”, “неден?”, “не үшін?”, “қандай себептен?” сияқты сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.

Пікір (тезис) – бұл біреудің ұстанатын, мазмұны тексерілуі де тексерілмеуі де мүмкін, көзқарасы. Дегенмен дара немесе бір топ адамдардың ұстанатын көзқарасы факт болып саналатындықтан, растайтын сенімді дереккөздер көрсетілуі шарт. Мысалы, Құдайдың бар екені факт емес, дегенмен көптеген сенушілер Құдайдың бар екенін болжайтыны – күмәнсіз факт.

Деректердің қайнар көзі – фактілерге тікелей дәлел бола алатын адам немесе құжат аты, эсседе ол сілтеме арқылы жақша ішінде көрсетіліп кетуі тиіс. Мысалы, ( nur.kz), (shyn.kz) деген сияқты.

Пікір (тезис) деген не?

Аргумент деген не?

Дереккөз деген не?

Сараптама — арнайы таным, білім мен білік талап ететін қандай да бір мәселеге зерттеу жүргізу. Эсседе сараптама болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Факт — әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер. Объективті тіршілік ететін шындық, нақтылық.

Факт — бұл өмірде бар және болған жайттар. Энциклопедияда тақырыпқа қатысты саладағы ғалымдар мен сарапшылардың келісілген тұжырымдамасы факт ретінде саналады.

Факт деген не?

Сараптама деген не?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу