Биотехнология жаңалықтары. Қазақ тілі, 9 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп

Қызылорда ХББ НЗМ

Бөлім атауы: Сабақ тақырыбы:

Биотехнология жаңалықтары

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні: Ажибаева Ж., Бибатырова А.

Сынып: 9 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқу мақсаты

9.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу;

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: Тақырып бойынша көзқарасын, пікір қосып, өз ойын сабақтас құрмалас сөйлемдермен жеткізе алды.

Көптеген оқушылар: жалғаулық шылауларды пайдаланып, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізеді.

Кейбір оқушылар: Құрылымы бар жазба жұмысын жазуда оқырманды сендіру құралдарын орынды қолданады.

Құндылықтарды

игерту

«Мәңгілік ел» құндылығы:

Тіл және мәдениет

НЗМ құндылықтары:

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

Ынтымақтастық;

Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Пәнаралық байланыс

Математика,информатика

АКТ –ны қолдану дағдылары

Презентация, таратпалы ресурстар

Тілдік

міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Пән лексикасы және терминология:

Алдыңғы білім

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу мақсатымен таныстыру

1.Мағынаны тану.

Көзқарас, пікір қосу, ой айту, талқылау

1-ой. Әлемдегі көптеген сынып бөлмелері биотехнология жабдықтарымен қамтамасыз етілген,сол себепті оқушылар сандық технологияға сүйенбей-ақ жұмыс істей алады.Кабинеттері сай болмаса да,кей мектептерде оқушылардан ұялы телефондарын сөндіріп коюларын талап етеді.Биотехнологиякабинеттері бар бола тұра,Бангладеште оқушылардан ұялы телефондарын қосып қоюларын көбірек сұрайды.”

2-ой.«Биоехнология ғылымы туралы ұғым кабинеттермен жасақталған кезде ғана оқушыларға генетика туралы ұғым күшті әсер етеді.Ғылымға кеңірек қол жеткізу оқушылардан білім, ақпарат алатын технологияның қажеттілігін сезінуді білдіреді. Біріккен және білімді әлемдік қоғамның күші енді басталып жатыр.

Айтылған шағын үзінділерді пайдалана отырып, оқушылар ПОПС формуласымен жұмыс жасайды. Оқушылар екі ойдың бірін таңдап, ойын дәптерге сабақтас құрмалас сөйлемдер арқылы жазады.

«Менің ойымша, ...»

«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»

«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»

«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Оқушылар жазғандарын өз тобында оқиды, өздеріне ұнаған оқушының жұмысын ұсынады.Жеке жұмыс. Оқушылар төмендегі кестедегі 1 пікірді таңдап, өз ойларын «Иә» немесе «Жоқ» сөзімен бастап, жалғаулық шылауларды (ыңғайлас жалғаулық:да, мен, және, әрі,талғаулықты жалғаулық:әлде, не, яки, бірде, біресе, кейде.қарсылықты жалғаулық:бірақ, сонда да, алайда, әйткенмен.себеп-салдар жалғаулық:сондықтан, өйткені, сол себепті, себебі.шартты жалғаулық :егер, ендеше, егер де) тіркестіре отырып, 1 құрмалас сөйлем жазады. (дәптерге жазу)

Критиктердің көзқарасы

Менің пікірім

1.Бейнематериалдарда берілген адам ағзасы туралы ақпараттарды көру - адамның белсенді ойлауына кері әсер етеді.Осы рас па? Қолдайсыз ба?

2.АКТ терең ойлауды тежейді. Бұл пікірге сіздің көзқарасыңыз қандай? ДНК арқылы қалай анықтаймыз.

3.Биотехнологияүдерісі қоғамды ізгілендіруге кері әсерін тигізуде. Осы айтылған ойға қаншалықты пікір ой айта аласыз. Дәлелдеңіз, ой қосыңыз.

Адамның жасайтын барлық іс — әрекетін компьютер жасайды да, адамның ойының, ой-санасының өсуіне кедергі жасайды.

Топтық кері байланыс

Осыған дейінгі оқығандары қайталанады және оқушыларға талқылаудың қарама-қарсы пікірлерді қалай ұсынылатыны естеріне түсіріледі және бір дәлелді пікірге қарама-қарсы дәлел ретінде келтіруі керек.

Бағалау критерийі

Пікірін анық жеткізеді.

Пікірге сай келетін дәлелдерін анық дәлелдейді.

Келтірген дәлелдеріне сай себептерін түсіндіре алады.

Өз пікірін қарсы дәлелмен қорытындылап шығады.

Сабақтың соңы 5 мин

Кері байланыс. Факт,аргументтер қолдануда қандай қиындық кездесті?

Үйге тапсырма

Эссе жазуға дайындық ретінде слайдпен танысады.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы реформаныңмаңызын түсінудің деңгейін бағалау

Пәнаралық байланыс:география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,еліміздің патриоты бола білетін,салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

2-сабақ. Тыңдалымалды тапсырма

Оқушылар «Әлеуметтік желілер әбігері» видеосын тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=gc3P4MM1MQI

Әлеуметтік ортада қолданылатын қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері: өміріміздің бәрі лайк, тәуелді етеді, лайкка лайық болам деп, сәнді сотка бәсекесі, кезінде кәмпит, қазір компьютер қызық, бәдік әлем.

Тапсырма: «Әлеуметтік желі әбігері» тақырыбы бойынша құрылымы бар шешендік сөз жазады. Алдымен оқушылар сыныппен біріге отырып, оқиға сюжетін құрады (Әр топ 4-5 сөйлеммен) Оқушылар оқулықтағы шешендік сөздер бөлімін ашып оқып, шешендік сөздің жазылу стилімен танысады өз жұмыстарында пайдаланады.

1-топ.(Кіріспе бөлім)

Ақпараттың кеңінен әлемнің деміне, еріккеннің еміне айналып барады.

2-топ. (Негізгі бөлімді)

Әлеуметтік желілер лабиринт тәріздес, бір кірсеңіз шығу қиын. Шыр айналып, шығар есікті таппай, шырмалып қаласыз.

3-топ. (Негізгі бөлімді)

...Халіміз осындай. Уақыт өте келе күрмеліп, күрделене береді.

4-топ. (Қорытынды бөлімді)

Енді қандай шешім тапсақ екен?...

Жетістік критерийлері:

Оқырманды сендіре отырып ойын жеткізеді

Оқиғалар арасын байланыстыра алады

Әлеуметтік желілерге қатысты сөздерді тиімді пайдаланады

Топтар өз жұмыстарын оқиды, өз жұмыстарындағы жетістіктері мен жетілдіретін тұстарын анықтайды, ұсыныстар айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Шешендік сөздер мазмұнына қарай үшке бөлінеді: 

 1) шешендік арнау; 2) шешендік толғау; 3) шешендік дау.

 Шешендік арнауға шешендік бата, тілек сөз, көңіл айту сөзі, ақыл-насихат сөздер жатады. Уәлихан қайтыс болғанда Байдалы бидің оның ханымы Айғанымға:

Қайрат деген қыран бар,

Қайғыға тізгін бермейтін.

Қайғы деген жылан бар

Өзекті шағып өрлейтін.

Мен қайғыңды қозғағалы келгенім жоқ,

Қайратыңды қолдағалы келдім, –

деген көңіл айтуы шешендік арнауға жатады.

Бөлтірік шешеннің:

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, –

Күншілдік деген бар, содан сақтан,

Кекшілдік деген бар, содан сақтан.

Астамшылық деген бар, одан алыс жүр.

Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр.

Қараулық деген бар, одан таза бол,

Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол! –

деген сөздері де шешендік арнау үлгісі болып табылады.

 Шешендік толғау мақал-мәтел, сұрақ-жауап, шешендік нақыл, қанатты сөз, шешендік жұмбақ, шешендік мысал түрінде келеді.

Шешендік толғауға Асан қайғының:

Құйрығы жоқ, жалы жоқ

Құлан қайтіп күн көрер?

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Жылан қайтіп күн көрер?

Жалаң аяқ балапан

Қаздар қайтіп күн көрер?

Шыбын шықса, жаз болып,

Таздар қайтіп күн көрер?

Көлде жүрген қоңыр қаз

Қыр қадірін не білсін?

Қырда жүрген дуадақ

Су қадірін не білсін?

Көшіп-қонып жүрмеген

Жер қадірін не білсін?! –

деген толғаулары, Мөңке би айтқан:

Бұл заманда не ғаріп?

Қадірін біліп ұқпаса,

Дүррі гауһар сөз ғаріп.

Замандасы болмаса,

Қария болар тез ғаріп.

Қаз, үйрегі болмаса,

Айдын, шалқар көл ғаріп – ...

деп келетін сөздері жатады.Шешендік толғаудың бір түрі – ақыл-кеңес, тәлім-тәрбиеге бағытталған шешендік нақыл. Шешендік нақылға Малайсарының: «Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең, ауылыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең» деген сөзі жатады.

 Шешендік дау мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар дауы болып бөлінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешендік өнер тарихы

Осы уақытқа шейін сан ғасырлық тарихы бар үлттық шешендік өнері, ягни би-шешендер мүрасы көркем сөз ретінде бағаланды да, әлеуметтік-қоғамдық мәні, мемлекет тағдырын шешудегі ересен қызметі елеусіз, ескерусіз қалды. Көне Эллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттін көркеюіне, мәңгілік түғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға үмтылуына зор үлес қосты.рлыққа толы асқан шешендігі туралы да сөз болады.Бір айта кететін жәйт, қазақтың би-шешендерінің даусы, түр-түлғасы, өң-әлпеті, қимыл-қозғалысы, мінез- қүлқы турасында жззылған ешқандай жазба деректер жоқтың қасы. Иә, үлттық шешендік өнері өте биік дәрежеде дамығанмен, оның ғылымы кенжелеп қалғаны шындық. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздері. Шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шешендік сөздерді ауыз әдбеиетінің саласы ретінде зерттеулер А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин есімдерімен тығыз байланысты. Бұдан кейінгі кезеңдегі шешендік өнер тарихының зерттелуі Ә.Маметова, Б.Адамбаев еңбектерімен байланысты. А.Байтұрсынов 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінің «Шешен сөз» атты тарауында шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрларға жіктеді: 1) саясат шешен сөз 2)билік шешен сөз 3)қошамет шешен сөз 4)ділмәр шешен сөз 5)уағыз. Кең көлемде жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің тарихын жасауға батыл қадам жасаған еңбек «Әдебиет тарихы» десек, автор шешендік сөздерді әдебиет тарихынан орын тептіріп, «Билер айтысы» деген терминдік атау береді. Қазақ қоғамында шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ тәрбиесінде, ел басқару жүйесінде, елді сәулелендіру жолында, әрине, халықтың сан ғасырлық тәжірибесінде қорытылып екшелген, жинақталып жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет-насихатқа негізделген отты да нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздің тағылымдық-танымдық әрі тәрбиелік мәні айрықша. ындар бұл жағынан алдына жан салмаған болар еді. М.Балақаев: «Шешендік – дарындылық. Ол – тілі ғана емес, ойы да жүйрік кісілерге, тілдік сезімі күшті адамдарға тән қасиет. Ондай қабілеті бар адам, басқа өнерді үйреніп білетіндей, тіл өнерінде оқып, үйреніп, ізденіп жүріп игереді», - дейді. Жинақтай айтқанда, қазақтың дәстүрлі шешендігі көп көріп – білуді, білгенді көкейге берік тоқуды, айтыс – тартыстарға түсіп, жалықпай жаттығуды тілейтін өнер ретінде қалыптасқан. Демек, нығыз шешенге сөзге шебер болу ғана жеткіліксіз. Сондай – ақ ол табанды, тауып айтатын тапқыр, шаршы топта тай -салмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын салқын қанды болуы шарт. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұхар жырау:

Көш бастау қиын емес,-

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес,-

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын,-

Шешімін адам таппас дау бар!-деген. Сонау дәуірлерден бастап қазақтың шешендік дәстүріне

бойлай қарасақ, шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқымаса да көкейге тоқығаны көп саналы, білімді, парасатты азамат болуы тиістілігіне анық көз жетеді. Мәселен, Майқы мен Аяз билер, Асанқайғы мен Жиренше шешендер, Төле би, Әйтеке би, Қаздауысты Қазбектер, Жәнібек пен Сырым батырлар – көзі қазы, көңілі таразы дүлдүл шешендер. Демек, шешендік сөздерді қай уақытта да озат ойшылдар мен ділмар шешендер шығарып, халық санынан, ғасыр шыңдауынан өткен, сөз өнерімен соғылған әдеби мұра, асыл қазына деп түсінеміз.

Құрметті қазақстандықтар!

Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын.

Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маңызды.Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.

Қымбатты отандастар!

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді.Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды.Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік.Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет. Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек қой.

Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді.

Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.Мен оның бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған. Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.Осыған орай, Үкіметке

«Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын.Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек. Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс.Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады.

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстардан туады, көп жылдық тәжірибе мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз “тілге жеңіл, жүрекке жеңіл” тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады. Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болғанын байқаймыз.Қоғам қашанда дарынды қабілетті адамдарға мұқтаж. Дарынды адамдар қатарын көбейту үшін олардың сөйлеу тілі және танымын дамыту керек. Сондықтан біз, мұның негізі халқымыздың даналықпен айтқан шешендік сөздерінде жатыр деп қарастырдық. Қазіргі кездегі оқу-тәрбиенің міндеті осы тың жатқан дүниені, даналыққа құрылған қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік өнерді жас ұрпақтың бойына қалыптастырып, сол арқылы рухани байлығын арттыру.

Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Қазақ шешендік өнері- атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. Теңіз тербеп тереңінде шайқалған інжу маржандай ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жұпталып көптің көкейіне орнаған шешендік сөздер шешендердің даналық сөздерінде ашылады, айқындалады, ал шешендер әлденеше ұрпақтың сана сезімін аралап, көптің көкейіне қонақтаған ойлы, сырлы сөздерді жаттап, жадында сақтайды керекті, келеңді жерінде жаңартып кәдеге жаратады.Қазақ шешендік өнерінің піспегі – шешен билер де, күбісі – халық. Ел есінде жүрген шешендік нұсқалардың туындыгері – шешен-би. Халық заманы озған сайын әлгіндей сөз үлгілерін талқыға салып, қырлап, өңдеп, құлпыртып әкеліп, кейде тіпті сан-саққа жүгіртіп әркімдердің (шешен-билердің) атынан айтады. Осындай әдеби-халықтық, фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер шымырқанған қымыздай жұтылған, таңдай татарлық дүниелер болып келеді.

Би-шешендер – шешендік өнердің негізгі доминанты (қозғаушы күші). Аталмыш өнер атауының өзі осы қалыптан шығып отыр. Бұл тұрғыдағы ойларымыз алдағы тарауларда кеңірек баяндайтын боламыз.

Ұлттық өнеріміздің тарихында Майқы би Мәнұлынан (Айса пайғамбардың тұстасы) бастап, Майқы би Төбейұлы (1105-1225 жылдар шамасы), Аяз би Жаманұлы (11-12 ғ.), Мөңке би (1207-1250), Едіге би (1354-1419), Бәйдібек би (1356-1419 жылдар шамасы), Әз Жәнібек (1406-1473), Жиренше шешен, Шоған би (1584-1642), Әсет би (1676-1723), Қадір-Тайжан, Тоқсан, Жанкісі, Антайлақ, Бөлтірік, Сары, Сырлыбек, Бала би, Ноғайбай, Саққұлақ, Бапан, Шоң, Шорман, Байдалы, Қараменде, Зіл-қара, Алшынбай, Асаубай секілді, сондай –ақ, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердің жарқын бейнелерін әлі де қазақ даласындағы айтулы шешен-билер есімімен толықтыра, молықтыра айтуға болады.

Қазақта шешен, би деген ұғымдар дербес тұрып та, қосарланып та айтыла береді. Белгілі бір шешендерін өкіл деп танысақ, мәселен, Жиренше шешен, Зілқара шешен, Әлібек шешен, Сүйінбай шешен, Бөлтірік шешен, Шәңкі шешен, Мүсіреп шешен, Тұяқ шешен, ал енді бір сыңарын би деп түстеу, мәселен, Майқы би, Аяз би, Мөңке би, Әйтеке би, Бала би т.б.деп атау қалыптасқан.Би атауы-әлгіндей емес, белгілі бір мақсатқа, мемлекеттік мүддеге қызмет ететін, жалпы шешендіктен салыстырмалы түрде тар арнаға ыңғайланған шешендердің тобын көрсететін атау.Бұдан билердің рөлі тек қоғамдық мәселелерді шешу үстінде ғана айрықша да, одан былайғы тұста шешендік сипаты жойылады деген ой туындамауы керек. Би дегеніміз - ел-жұрттың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, өткен-кеткен көне шежіресін, тарихын, қоғамдық даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың, жан-жануарлардың сан алуан қасиеттерін, құпияларын жетік білетін, бүгінгіге баға беретін, болашаққа болжам жасап, адамдардың көкірек көмбелеріне ой көзімен қарап көре алатын, қырлы-қырлы мінез-құлықтарды айтқызбай – ақ доп басатын, ғылым-білімнен хабардар, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізіп беруде дара қасиеті бар біртума жандар.Сонымен шешен деген тұста бұл ұғым біздің жадымызда көне Грек пен Римнің сот залдарында алқалы жиындарда тоқтаусыз ағыл-тегіл сөйлеп, аудиторияны сөзіне ұйытып, айтар ойына мүлгітіп тұрған оратор түсінігінде ассоциациаланады да, би ұғымы заңдық, билік күші бар судья болмысы арқылы көрінеді.

А. Байтұрсынов 1926 жылғы “Әдебиет танытқыш” атты еңбегінің “Шешен сөз” деген тарауында шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді: а) саясат шешен сөз; ә) билік шешен сөз; б) қошамет шешен сөз; в) ділмор шешен сөз; г) уағыз. Бұл тұстағы шешендік сөздердің функционалдық сипатын жазған, Ш. Уәлиханов еңбектеріндегі ой сарабын тереңдеткен, дамытқан ғалым Халел Досмұхамедов Х. Досмұхамедов халық әдебиетін қырық алты түрге жіктей отырып, соның бір үлгісіне, жанрлық түрге “Билік сөз” деп шешендік сөздерді жатқызады. “Әртүрлі сот істері кезіндегі билердің тамаша үкім сөздері, екі жақтың ұтымды даулары мен тапқыр жауаптары, әдетте, ұйқасты мәтел не өлең түрінде айтылады. Поэзияның бұл түрі билік сөз (замечательные приговоры судей биев) деп аталады” – деп атап көрсетеді. Бұдан кейінгі кезеңде жалпы шешендік өнер аясында пайда болған шешендік сөздердің құлақ кесті үлгісі ретінде қандай жәдігерлер қарастырылуы, аталуы тиіс деген көкейдегі ойдың пердесін сыпырған, бұл төңіректегі теориялық ой-толғақтың нені шиырлауы керектігін Әуезовтен кейін тағы да атап көрсетіп, әдебиет тарихының тұтас бір дәуіріне арнаған еңбек С. Сейфуллиннің еңбектегі ой-зердесі М. Зерттеуші Мұқадес Есламғалиұлы би – көсем, би – шешен, би – ақын, би – заңгер, би – емші, мәмлегер, би – батыр, би – саясаткер, қоғам қайраткері, би – ойшыл-ғалым, би – психолог, әртіс, би – тәрбиеші деп қазақ билерінің халық өміріндегі, қоғам алдындағы он түрлі қызметін анықтаған.

“Шешендік сөздердің әлеуметтік және әдеби эстетикалық мәнін, жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін ашып анықтау үшін сөз нұсқауларын талдаймыз және мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш салаға топтап зерттейміз”, - дейді .Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен, шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды, көркем пікірін шешендік сөз дейміз.

Ақындық, шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне қажетті жағдай еркін сөйлеуге бостандық, сөз бостандығы. Бұл жөнінде де қазақ қауымында сөзге тыйым салынбаған, сынға шек қоймаған. Тілімізде “би”, “шешен” деген сөздердің бір мағынаға бірігіп, кірігіп кеткені белгілі, би болу үшін бір ғана сөзге шеберлік жеткіліксіз. Бұл ең алдымен елдің шежіресін, тарихын ұлылы-кішілі ел басынан өткен уақиғаларды, тарихи қайраткерлерді, әсіресе дау-дамай, соғыс біткен мәселелеріне реттеу тәртібін екінші сөзбен айтқанда, әдет-ғұрып заңын жетік білуге тиіс. “Ойлансақ мың бір пәле тілден туған, шешендер топ ішінде белді буған”, - деп Шал ақын бекер айтпаса керек. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” дегендей көп ішінен дарынды шешендер шыққан. Шешендердің басым көпшілігі билеуші тап өкілдері болған. Көбінесе шешендер жер дауы немесе жесір дауы немесе ердің құнымен байланысты айтылған билік төрелік сөздер. Шешендік сөздер, өнер көп жағдайда әншілік, күйшілік тіпті ақындық сияқты өнер танымай кейбір тыңдаушы адамдардың “жақсылар” мен жайсаңдардың жеке бастарының қасиеттері ретінде де бағаланған. Ақындар сияқты шешендер арнайы өнер жарысына түспеген, түсуге арналған, олардың шешендігі белгілі бір дауларды шешу үстінде көрінген, шешендік – тапқырлық сөздері белгілі бір мақсатпен байланысты туыған. Олардың дауласқан, айтысқан мәжілістеріне екінің бірі араласа алмаған. Алайда үстем тап өкілдері ру басы – билер шешендік өнерді өзінің шын иесі халықтан бөліп – жарып әкете алмаған. Нағыз кедей мен жарлы жалшыдан небір күміс көмей, жез таңдай халық шешендері шығып, әдеби тілімізді, тілдік қорымызды байытуға қалыптастыруға қазақтың алғашқы авторлары өлең-жырлары, аңыз-әңгімелері, шешендік сөздері әз Жәнібек хандығының төңірегінде дамыған. Қазақтың шешендік өнері үш жүздің басын қосқан Тәуке ханның тұсында, ханның ордасы Түркістан қаласында жанданған, ердің ұнына екі ауыз сөзбен бітірген даңқты дала Демосфендері ме Цицерондары, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және қара жігіт Әйтеке шешендердің атақ-даңқтары да осы кезде шыққан.Халық “Әйтеке бауыздап, Қазыбек іреп, Төле мүшелеп берер”- деп Әйтеке айтса “қандай қиқар даукесің де қалай құлақ аспасқа”, Қазыбек айтқанда төресі осы тығыла кетпеске лажы жоқ еді деп кесіп айтқан. Сондай –ақ халық тағы да “Әйтеке жорып жеткізіп айтады” деп үш биге байланысты бағасын беріп қойған.Елімізде қалыптасқан шешендік сөздердің басқада қайталанбас өзіндік ерекшеліктері де мол. Бұлар – “аттың жалы, түйенің қомында” көшпелі өркениеттің мақсат-мүддесіне сай ауызекі, суырыпсалмалық дәстүрінде туған мұралар.Суырыпсалмалық қазақ өнерінің қай-қайсысына болмасын тән, бірегейі құбылыс. Шешендік сөз – адамзат тарихындағы рухани материалдық мәдениеттің дамуының негізгі құралдарының бірі шешендікке құрылған әңгімелерді, аңыздарды және өлеңдерді бастауыш сыныпта оқыту бала тілін ұштайды, сөздік қорын байытады, өмірге деген көзқарасын оятып, дүниетанымына жол ашады

1-топқа берілетін мәтін

Астанада қазақ сайттары редакторларының форумы басталды. Шараның негізгі мақсаты – қазақ тілді сайттарды дамыту, контент сапасын көтеру, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Форумның бірінші сессиясында «Мінбер» журналистерді қолдау қорының жетекшісі Есенгүл КӘПҚЫЗЫ қазақ сайттарының негізгі мәселелерін атап өтті. Оның айтуынша, қазақ тілді кеңістікте қаржы-экономикалық материалдар аз. Ал сайттардың өздері жеңіл-желпі тақырыптардан шыға алмай жатады.

«Қазір біз қандай оқырманды тәрбиелеп отырмыз? Біз бүгінгі маңызды мәселелерді емес, жұлдыздар және тағы басқа сенсациялық жаңалықты іздейтін оқырманды тәрбиелеп отырған сияқтымыз. Тіпті, бес жастағы баланың өзі әншінің өмірін бес саусағындай біліп отырады. Бірақ өзіне қажетті ақпараттарды білмейді. Неге? Өйткені біз өзіміз қажетті ақпаратты бермейміз», – дейді Е.Кәпқызы.

Зерттеуге сәйкес, соңғы жылдары қазақ сайттарының саны өсті. Алайда олардың арасында бәсекелестік төмен болып тұр. Себебі сала-сала бойынша бөлініп, тұщымды дүниелерді жариялау жағы кенжелеп келеді. Қазақ сайттары бір-бірінің ақпараттарын көшіріп баса салады. Сөйтіп, контент біртекті, ал қазақ сайттарының жеке ізденісі, жеке қолтаңбасы жоқ. Мультимедиялық өнімдерді пайдалану көрсеткіші де төмен.

«Тағы бір мәселе ол – тақырыптың таяздығы. Бұл – біздің өз қателігіміз. Біз неғұрлым сапалы контент ұсынсақ, оқырманның талабы да соғұрлым артады. Сондықтан тақырыптардың аясын кеңейту керек. Біздің байқағанымыз, қазақ сайттары көтеретін бірнеше тақырып бар. Ол – әлеуметтік мәселелер, тіл мәселесі және ұлттық мәселе. Осы тақырыптардың төңірегінде көбірек әңгіме қозғаймыз. Ал қаржы мен экономика саласына тереңдеп ене алмаймыз. Негізі, ондай тақырыптарға сұраныс жоғары», – деп атап көрсетті Е.Кәпқызы. Осы орайда қор жетекшісі мемлекеттік тапсырыс мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, қазақ сайттары мемлекеттік тапсырысқа неғұрлым тәуелді болса, тақырып аясы соғұрлым тарыла түседі. «Мемлекеттік тапсырыс болмасын демейміз. Тапсырысты алу керек. Бірақ осы мәселенің басқа бір жолдарын қарастыру қажет. Мәселен, мемлекеттің ішкі контентке араласпауы, ішкі контентті басқармауы. Өйткені бүгінде біз әлеуметтік желілерден қалып қойып отырмыз. Қоғамдық пікірді қалыптастыру жағынан бұқаралық ақпарат құралдары емес, әлеуметтік желілердің үлесі басым болып тұр», – деді журналист Есенгүл Кәпқызы.

2-мәтін.

ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. ХХ ғ., европалық мәдениетке біртіндеп енген техногендік өркениет өзімен бірге адамзат қоғамына жағымсыз дағдарысын да ала келді. Бүгінгі күні әлемдік мәдениеттің тағдырына екі көзқарас – оптимистік және писсимистік пікірлер қалыптасқан. Алғашқыларының сендіруінше әлемдік мәдениет дұрыс жолмен даму үстінде, келешекті ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық құралдардың жетілуі рационалды ұйымдасқан экономиканың өсуімен байланыстырып, батыс мәдениетінің архиптік құндылықтары батыстық өмір сүру тәртібі ең дұрысы деп есептеледі. Ал, мәдениеттер арасындағы көзқарастың өзгеруі, әртүрлі сәйкессіздіктің туындауы, Ф.Ницше айтқандай, «барлық құндылықтарды қайта бағалау» қайта қарауға тура келіп, ол қазір өте тұрпайы түрде жүзеге асуда. Машиналар мен техниканың қарқынды дамуы және олардың адамзатқа билігі тарихта екі дүниежүзілік соғыстың болуын, әлеуметтік капитализмнің ерекше дамып, ашаршылық пен құлақ естімеген ауруларды, атомдық қатерді, күрделі экологиялық  және антропологиялық дағдарыстарды, адамгершілік пен моралдық жалпы руханилықтың дағдарысын тудырды. Қазіргі заманғы көптеген ойшылдар М.Хайдеггер, К.Ясперс, Л.Мэмфорд және т.б. мәдениет пен өркениеттің дағдарысын озық техника мен жоғары технологияны орынсыз қолданумен байланыстырады. Ресейлік ғалым В.А.Лекторскийдің пікірінше «Дамудың біржақты технологиялық, технократтық ізбен сипатталатын қазіргі мәдени ахуалда толыққанды гуманитарлы білімі жоқ адам тұлға ретінде жеткіліксіз және сыңаржақты болып табылады. Ал ең бастысы ол – догматты болады» деп көрсетті. XX ғасырдың басында антропоцентризм – адамның дүниедегі ерекше орны, адамның табиғатқа, қоршаған ортаға үстемдігін орнату жайлы ілімнің іске асуында дағдарысты құбылыстар айқындала түсті. Қайта өрлеу дәуірінде басталып, өз заманында қоғамдық дамудың ең негізгі мақсаттарының бірі болып саналған бұл көзқарас, біздің заманымызда адамзат әлеміне өзге орынсыз зиянды жағдайларды қоса тудырды деуге болады. Адам қоғамда  әрі жасампаз жасаушы, әрі талқандаушы ролін атқарып отыр. Антропоцентризм қағидаларына ойланбай жүгіну болашақта адам мен дүние арасындағы дағдарысты шиеленістіріп, тіпті жалпы адамзат әлемінің жойылып кетуіне қатер төнді. Бұрынғы гуманизм жетістіктерінің дағдарысқа, күйзеліске ұшырағандығын айта келіп Н.А.Бердяев адам мен қоршаған орта арасына қарама-қарсылық антропоцентризм көзқарасына адамның табиғатқа үстемдік орнатуындағы менменшіл, озбырлық қасиеттеріне алып келгенін атап көрсеткен. Адамдардың барлық мәселелерді шешуде алдымен мәдени, рухани құндылықтар тұруын ойлауға тиіс екендігіне мән береді. Ал адам мен қоғам  арасындағы шиеленіс идеясын дәлелдеп, толығырақ анализ жасаған неофрейдизм бағытының негізін қалаған Э.Фромм өзінің психоанализ түсініктмесінде қазіргі адамның жағымсыз агрессиялық  қасиеттерін – қирату, талқандау іс-әрекеттерін көрсетіп, олардың өз өмірін құрбандыққа шалу сияқты және басқа да жат қылықтарға мінездеме берген. Адамзат тарихындағы өткен кезеңдерге қарағанда ХХ ғасырда осы жағдайлар бұқаралық құбылысқа айналды. Қазіргі адамның «күнәсі» өте көп, айтайық, адам табиғатқа дұшпан, қоршаған ортаға зорлық-зомбылық, руханиятсыздық, кең масштабты әскери қақтығыстар т.б. жатқызады. Бұдан құтылу үшін Э.Фромм адам өмірінің мән мағынасы, моральдық және этикалық нормаларына сүйеніп, адам қалай өмір сүру керек, ол үшін не істеуі керек деген мәселелерге тоқталып, әрбір адам оны өзінің ішкі қасиеттерінен іздеуді және оны дамытуды ұсынады. Адамның гуманистік бағыттағы шекті мүмкіндіктерін дамытуға шынайы өмір сүрудің әдіс-тәсілдерін игеруге ықпал жасау қажеттігіне мән береді. Осы заманда, қазіргі адам табиғи адамзаттан айтарлықтай өзгеріске ұшырады деуге болады. Бұл өзгерістер оның тек әлеуметтік мінездемесіне ғана емес, биологиялық сапасына да әсер берді. Қазіргі адамдағы осындай өзгерістер өмірдегі заңды процестерге байланысты, ол постиндустриалды өркениетінің басталуына (ғылыми-технологиялық қоғам) соған сәйкес ноосфералық мәдениеттің қалыптасуына әкеп саяды. Ғылыми-техникалық прогресстің адамның ой-өрісіне тигізетін ықпалы және әсері өте жоғары. Техникалық машиналар мен өндіріс технологиясының қарқынды дамуының нәтижесінде ақырындап «табиғи» (биосфералы) адам өзгере бастады. Алғашқыда эволюциялық табиғи дамуда мыңдаған жыл адамға қолайлы орта болғандығы белгілі. Қазір жағдай басқаша. Енді баяу өтетін табиғи уақыттың орнына, динамикалық әлеуметтік өмір келді. Техника өсті, өнеркәсіп дамыды. Халық үлкен қалаларға шоғырлана бастады. Осының салдарынан адамның тұратын табиғи ортасы міндетті түрде жасанды ортаға жол бере бастады. Адамзат тарихында техникалық дәуір басталды. Н.А.Бердяев өзінің «Адам және машина» атты жазбасында осы дәуірді мәдениеттің тоза бастауы, өйткені материалдық зат адамнан жоғары тұрады деген болатын. Дүниені техникализациялау дегеніміз ол тіршілікке аяушылық жоқ дегенді білдіреді, өйткені ол – адам баласына жат құбылыс. Н.А.Бердяевтың айтуынша,  техникалық дүние өзінің белгілі бір жоғары даму сатысында, өзін жасаған адамға қарсы шығады да оған ешқашан бағынбайды деген болатын. Оның ойынша техника тән мен рухты және әртүрлі тарихи кезеңдерді айырып, бір-біріне қарама-қарсы қоятындығында. Ол адамға өлшеусіз құдіретті күш сезімін беріп, оны сыртқы дүниені экспансиялауға итермелейді. Осы тұста адамның табиғаты және рухани өмірі, көңіл-күйі зақымданады деп көрсеткен болатын. Осы өмірдегі қазіргі адамның болмысын сипаттай келе неміс философы К.Ясперс жазған «индустриалға дейінгі» техникалық дәуірге дейін адам өзін аспан-көк және жермен біргемін деген сезімде болғандығын айтқан. Бұл – қайталанбас өмір, «табиғи» адамның дүниесі. Ал қазіргі жағдайда біртұтас ортаның экологиялық өзгеріске ұшырауы нәтижесінде адам бұрынғы өз табиғи тамырларын жоғалтқандай әлсізденеді. Осы жағдайдан қалай шығуға болады? Ясперстің пікірінше, бұл – қазіргі жағдайдағы адамзаттың негізгі мәселесі. Ясперстің айтуынша, «табиғи емес» адам дүниесіндегі  «ноосфералық» адам өз өмірінің иесі емес. Ол табиғатқа рақымсыз алып механизмнің бір бөлшегі болып табылады. Адам техногендік қоғамның бір бөлшегі ретінде әртүрлі қызметтерге, жаңа техникалық  мамандықтар қызметіне ұсақтанған, бірақ іскерлік қабілеті бар және ереже бойынша іс-әрекет жасауға ұмтылатын жан. Оның өмірін бұқара және құдыретті мемлекеттік аппарат билеп (қадағалап), еркін таптап, оның өмір сүру еркіндігінен айырады, бұл құбылыстың бағытын өзгертуге шамасы болмайды деген қорытындыға келеді. Ол жаңа қалыптасқан техногендік әлем табиғи адамды дағдарысқа әкеледі. Ғалымдардың зерттеуі барысында, қазіргі адамның өзі техникалық құрылым немесе машинаға ұқсастығын айтады. Өзінің іс-әрекеттерінде, өмір салтындағы әрекетін өзі сезінбей, техногендік ортаның қолдану іс әрекет аясының даму заңдылықтарының қисынын өзінің ойына келтіреді, соның ықпалында болады. Технологиялық адам ең жоғарғы махаббат сезімі, қайғыру және басқа адам сезімдерінің жоқтығымен белгіленеді, олардың орнына робот - техника жасайтындай күнделікті орындайтын жұмыстарға бөлінеді. Роботқа ұқсас адам бағдарлама бойынша немесе басқа адамның еркі бойынша жұмыс істейді. Оның рухани өмірінің орнына автоматикалық реакция келіп, оның көзқарасы техноцизм, ал мақсаты жасанды комфорт, өмірі жасанды организмге ұқсас болады. Техника өрісі адамды, оның негізгі табиғи қызметі еркін еңбектен, белсенді әрекет пен адамдар арасындағы өзара рухани қарым-қатынасынан айырады. Адамдардың ой-пікірлері біртіндеп техникалық машиналардың ойлау деңгейімен ауысып жатқанын байқайды. Э.Фромм өзінің «Революция үміті» атты кітабында біздің уақытымызда безіп жүрген елес туралы жазып кеткен. Бұл – бүтін механизациаланған қоғамның елесі. Оның мақсаты – материалдық игіліктерді және соңғы ғылыми-техникалық жаңалыққа негізделген өнеркәсіп өндіріс жүйесін ашу және оны компьютерлік басқару мен бақылау. Бұны «қалыптасуы мен дамуында» - деп пайымдайды ғалым, адам – материалды, жеткілікті және өзіне өте риза, дегенмен де, ол инертті, өмірсіз (өмірі жоқ) және адами сезімнен түпкілікті түгел жұрдай етіп, жаппай біртіндеп машинаға айналатындығына көңіл бөледі. Техногендік қоғамның жеңісінен кейін, ойланушы тұлға «қаза» болып, енді ол бастапқы табиғи «биосфералық» тұлға бола алмайды. Осы тұста сана-сезімдері психологиялық және т.б. техникалық құралдармен бақылауға алынуы да мүмкін. Қоғамдық пікір болса, тармақталған бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі арқылы манипуляцияға түседі. Болашақ қоғамның ең қауіпті белгілерінің бірі – адам сана-сезімінің бақылауға алынуы. Ол көркем әдебиеттерде жазушы-фантасттардың пікірінде болашақты болжау ретінде көрініс тапты. Э.Фромм:«бәріміз жігерсізбіз, қазіргі адам өз-өзіне бақылауын жоғалтқан, оның орнына ойлау, сана-сезім қызметтерін электронды машиналар жасауда. Ондай адамда өндіріс пен тұтынудан басқа мақсаты, мүдде, арманы жоқ» деп көрсетеді. Адамның осындай озық технологиялардың құлы болып қалуы, адам біржолата, бірыңғай материалдық игіліктерді көп өндіруге және соған қажетті жаңа техника мен технологияны игеруге кірісті деп пайымдайды ғалым. Қорытындылай келе, адам өзімен де қоршаған өмірмен де байланысын жоғалтқан. Діннің гумандық қағидаларынан да жұрдай болып, өзінің терең эмоционалды сезімдерінен айрылады. Өзі жасаған техникалық машина, құдіретті күшке айналып, адамның өзін сана-сезімін басқара бастады, осының салдары адамгершіліксіз, гуманизацияланбаған  қоғам пайда болды деген писсимистик қорытынды жасайды. Э.Фромм жеке мәселе ретінде техниканың адамның әлеуметтік мінезіне тигізер әсерін де атап өткен. Оның ойынша, техника әлемге, адамға, «некрофилия» құбылыстарды жасанды заттарға деген құштарлығының артуы (автомобиль, компьютер, ұялы телефон басқа да соңғы үлгідегі техникалық аппараттар) ХХ ғасырда адамдардың жаңа түрін пайда етеді. Қазіргі адам – бұл нарықтық адам. Бұл адамға, Э.Фроммның ойынша, барша дүние сауда-саттық объектісіне айналған. Барлығы саудаға түседі, сатылатын тек қана материалдық заттар емес, адамның өзі де, оның табиғи күш-жігері, шымырлығы, білімі, іскерлігі, пікірі, сезімі тіпті күлкісі де сауда есебінде болады. Өзге адам, басқа адамға байлыққа, билікке жету үшін немесе басқа бір мақсатқа жету құралы ретінде қабылданады. Дүние өзгерісте, сонымен қатар адамның өзі де өзгерген. Қазір ол бұрынғы табиғи ортада емес, жасанды орта техногендік әлемде өмір сүреді. Сондықтан да ол адам табиғи емес, «ноосфералық» жасанды адам бұл ортада біртіндеп тоза береді. Бұл әлеуметтік өмірде әлсіз адам. Ол өзін бұл ортада жау ортасына түскендей сезінеді, сондықтан, ол – жалғызбасты адам. Сонымен қатар, ол түсініп сезіне ме, оған байланыссыз бәрімізге ортақ  планетарлық қауымдастықтың бір бөлшегі ретінде қалыптасуда, ендеше ол – әлем  азаматы. Қазіргі адам өзінің іс-әрекеттерінің қисыны арқылы, стихиялы, өзі жасаған мәнді, өзекті проблемалардың ортасында жүр. Бұл проблема барлық әлеуметтік өмірде тұратын жандарға ортақ. Осы айтқандардың барлығы адамзаттың ғаламдық проблемалары деп айта аламыз. Осындай зерттеулердің негізінде келешектегі ғаламдық дамудың маңызды бағыттары ретінде мыналарды атап көрсетуге болады: мал шаруашылығы мен егін шаруашлығын арттырудың дәстүрлі  емес жолдарын тауып, комплексті жүргізу арқылы ауылшаруашылық өндірісін қарқынды дамыту; энергетикалық қуаттың жаңа тиімді көздерін (термоядролық, жел, су, күн сәулесінен алынатын басқа) іздестіру мен оны игеру; әлемдік мұхиттың шикізат ресурстық әлеуетін тиімді ысырапсыз меңгеру; ғаламдық экологиялық проблемалардың міндетті түрде шешілуін реттеп, адамзат өмір сүруінің табиғи жағдайын жақсарту; бүгінгі күнде адам өмірі мен денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін қауіпті аурулар қатарын жеңу; базасында көптеген құнды заттарды алуға болатын ғарыштың бейбіт индустриалды өндірісін меңгеріп, интернет, ғаламтор жүйелі байланыстың сан түрін қарқынды дамыту және т.б.; қоғамды компьютерлік техниканың, коммуникацияның барлық құралдарының қарқынды дамуы негізінде электрондық ақпараттандыру, ақпараттарды принципті түрде жаңа тәсілдермен жеткізу, сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне көңіл бөлу; қазіргі қоғамның қажеттерін қамтамасыз ету. Ол келешек ұрпақтың несібесі есебінен болмауын ескеруіміз қажет. Осыған орай ғылыми-техникалық өрлеудің ғаламдық мәселелерді шешудегі күшейіп келе жатқан орны мен ролін баса айтуға болады. Ғылым мен техниканың дамуын адам мүддесіне сай бағыттау біздің өркениетімізге қауіпі бар жалпы планетарлық сипаттағы шиеленісулерді шешуге деген ұмтылыстың ізгіліктік векторын анықтайды және олардың тиімді шешімінің әдіснамалық бағдары болып есептеледі. Ғаламдық мәселелерді шешу міндетті түрде адамзат дамуының тұрақты әрі тиімді жолын іздеп табуға байланысты, ал бұл Қазақстан үшін де өте маңызды. Осы орайда Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен құрастырылған, футурологиялық мәні бар «Қазақстан – 2030» стратегиясын ерекше атап кеткен орынды. Мұнда адамзат болашағына байланысты жүргізіліп жатқан философиялық, социологиялық, саясаттанулық, экономикалық, ғылымтанушылық және т.с.с. кешенді зерттеулер тәжіриебесі ескеріліп, еліміз дамуының отыз жылдан астам мерзімдік бағдарламасының негізі қамтылып, басты-басты жеті ұзақ мерзімді басымдылықтары анықталып, соларды іске асырудың  жолдары көрсетілген. Президент өзінің жыл сайынғы жолдауларында осы стратегияның іске асуын қадағалап, оны нақтыландырып, еліміздің алға басуының әр кезіне сай мәселелерді көтеріп, нақты мақсаттар мен міндеттерді атап, оларды шешудің озық амалдарын, соның ішінде, әсіресе ғылым мен білімнің, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игерудің, халқымыздың интеллектуалдық ұлт болып өсуінің, елу ең дамыған бәсекеге қабілетті елдер қатарына енудің, жедел индустриалды-инновациялық дамудың қажеттіліктерін  негіздеп дабыл қағуда. Қазақстанның тәуелсіздік жағдайындағы 20 жылдық дамуы осы стратегияның дұрыстығын, Президентінің көреген саясатының арқасында еліміздің гүлденіп, қарыштап алға басуының, ең өркениетті дамыған елдердің қатарына еркін қосылуымыздың айғағы болып отырғаны шындық. Әманда осылай жүзіміз ашық болып, бейбітшілік пен келісімді өмір салты нығайып, халқымыздың бірлігі артып, рухани жетілу жолында еліміздің биіктен көріне беретіндігіне сенім мол. Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің шешу жолдарын табу үшін алдымен оның өзара тұтас байланыста бірлікте болатын адамзат қоғамдастығының дүниежүзілік проблемалар толқынының өткірлігін кеңдігін ұғынып түсініп алуды қажет етеді. Ол үшін жаңа саяси ойлау қажет. Бұл дегеніміз барша мемлекеттер және халықтар проблемалары ортақ бір планетарлық экипаждың (ұжымның мүшесі) ретінде сезіну. Адамзаттың техногендік заманда аман сау әрі қарай өмір сүруі, саясат пен халықаралық қатынастарда зорлық-зомбылықты болдырмауға, ядролық қарусыз дүниені құруға және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды мойындап, олардың әлеуметтік және ұлттық мүдделерін ең биік бірінші орынға қоюды қажет етеді. Ғаламдық мәселелерді шешу міндетті түрде адамзат дамуының тұрақты әрі тиімді жолын іздеп табу. Табиғатты интенсивті игерілуі, экономикалық-әлеуметтік қызметті арттыру, экологиялық, демографиялық процестерге және космосты игеру мәселелері адамзаттың ой парасатының қатаң бақылауында болуы қажет. Қазіргі адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және оны қанағаттандыру, келешек ұрпақтың несібесінің есебінен болмауы керек. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды. Өйткені Қазақстан Республикасы жаңа индустриалды-инновациялық қоғамдық қатынастарға және құндылықтар жүйесіне енді қадам жасауда. Ғылыми бағытталған нарықты қажет етеді. Мемлекет өз ұлтын, халқын сақтап қалатын және биосфералық (табиғатты, қоршаған ортаны қорғау) қызметін  атқара алатын ғылыми жетістікке сүйенген нарықтық, әлеуметтік мемлекет қажет. Қоғамның құрып кетпей аман қалуының ең қажетті шарты ғаламдық мәселелердің шешу жолдарын табуда әлем мойындаған сапалы жолды «жаңа гуманизм» қалыптастыру, адам санасында төңкеріс жасалу қажет. Бұл дегеніміз адамның құндылық жүйесі мен  ұстанымдарын, адамдардың психологиясы мен көзқарастарын, олардың менменшілдіктен арылып, сыртқы дүниеге және бір-біріне деген гумандық қарым-қатынастарын ретке келтіру болып есептеледі. Адамзат қоғамының тұтастығын ескеріп, адамға өзінің таусылмайтын келіспеушіліктен тойымсыз тәбетін шектеп, табиғатты ретсіз бұзып, талқандау арқылы бағындыру психологиясынан бас тартудың уақыты келді. Оның орнына басқа проблемаларға, айтайық, салауатты рухани жағына көңіл бөлген жөн. Барша тіршілік формасындағы өмірді табиғи өз қалпында сақтауға тырысу, қамқорлық жасау. Дағдарысты құбылыстардан шығу жолы ретінде адам мен табиғаттың ара қатынасының алшақтығын жойып,  қайта жақындату туралы гумандық және этикалық идеялар ұсынылады. Шындығында, біздің ойымызша, біртұтас адамзат қоғамында табиғатпен есептесуіміз, санасуымыз қажет. Жалпы болмыспен, әлемдегі өзге де көршілерімізбен, жермен, ауамен, сумен, ағаштармен олардың болмыстағы орнын, өзінділігі мен субъективтілігін ескере отырып қатынас жасауымыз керек. Қазіргі кездері белең алып отырған жасылдар қозғалысы, экологиялық қозғалыстар эзотериялық өмір салты, педагогикалық және психологиялық эксперименттер қарапайым тамақтану, мәдени дем алу, шынығу, медитацияның әр түрлі формалары және т.б. болашақ әлемдік өркениеттің не оның баламасының нышандарына мән беру болып табылады. Қазір адамзаттың аман-сау қалу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік мол. Осы өзіндік рухани және практикалық тәжірибені табиғи ортаға икемдеп, адам мен әлемнің үндестігін табу;  жаңа өмірге жаңа ғасыр дамуына сәйкес адамзат парасаттылығының  күш жігерін тиімді тіршілік формаларын жұмсау, жоғары мәдениетті, жаңалыққа құштар, әлемнің тұтастығын, қоғамның даму бағытын түсінетін, ғылымды, озық техника мен технологияны игерген, білімді, салауатты өмір салты мен рухани гумандық көзқарасы мол жаңа адам тәрбиелеп шығару. Ғылыми білімдер өмірде іске асса ғана олардың практикалық мәні, өмірде маңызы болады. Ғылыми теория жаңалығы практикада әбден тексерілген білімнің іске асыру тәсілін, яғни өркениетті қоғамның материалдық және рухани қажеттілігін анықтап, өндірісте ғылыми-техникалық танымды тиімді қолданудың негізін жасайды. Ғылыми-техникалық таным дамуының қайнар көзі адамның өндірістік қызметінің өзгерістерінде, қоғамның әлеуметтік қажеттілігіне байланысты. Осы жағдайды зерттей отырып объектісін, танымдық мақсаттарын анықтап, жаңа терең күрделі теорияларды игеруге мүмкіндік жасалады. Адамзат қоғамының ғылыми теория мен практиканың бұл диалектикалық бірлігі бірін-бірі толықтырып, ғылыми-техникалық танымның түпкі мақсаты табиғаттың тылсым күштерін ашып, қоғамға, адам игілігіне ізгілікті (гуманды) қызмет жасату болып табылады. Әдебиеттер:

1-сабақтың ресурсы

Ұялы телефон біз білгендей қарапайым дүние емес болып шықты.Өзіміз ұстап жүрген ұялы телефонымызды   бүге шегесіне  дейін білеміз десек,қателесеміз.Себебі олардың  біз білмейтін  ішкі құпиялары баршылық.Бүгін мен сіздерге ұялы телефонының  сіз білмейтін құпиялары туралы   кеңес жазамын.

1) 112 нөмірін терсеңіз,ол дүние жүзі бойынша  тарайды.Бұл шұғыл жағдайда   көмекке шақыру  нөмірі.Ол нөмір сіз  байланыс аясынан  тыс жерде болсаңыз да телефоныңыз  жабық режимде тұрса да  істей береді.Телефоныңыздан 112  нөмірін теріп,байланысқан жағдайда    тиісті  орган сіздің  тұрған жеріңізді сол мезетте ақ  анықтап  шұғыл шара  көрсетеді.

2)Кілтіңізді автакөліктің ішінде ұмытып есігі  жабылып қалды делік.Егер   үйіңізде қосымша кілт болса   барып әуре болмайсыз.Үйіңіздегі адамға   телефон соғасыз.Ол  кілтті қолына  алады да  телефонның  жаңында ұстап басқышын басады.Сол кезде сіздің көлігіңіздің  есігі  ашылады.Ара қашықтығы  қандай  болса да  бәрібір.Мың шақырым  жерде   болса да  осылай  ашып  аласыз,тек телефон  қоңырауы   жетсе блғаны.

3)Телефонның  ішінде   сақтаулы  тұратын   қосымша   қуаты  болады.Мысалы  сіз   қоңырау күтіп  тұрсыз.Ал  телефонның  заряды  өшіп  қалған.Ондайда  телефонның  резервтік акумляторын  қосуға  болады.Ол үшін  *3370# белгілерін  теру керек.Сол сәтте  телефоныңызда сақтаулы  қосымша  қуат    іске  қосылып елу  пайыздық  заряд  береді. Сіз  қалауыңызша  пайдалана  бересіз.Ал  кейін  сіз  телефоныңызды  қуаттағанда   резервтік  аккумля\тор  қайта  қуаттанады.

4) Телефоныңызды ұрлап кеткен  жағдайда     оны қалай  жабық  режимге  қояды?

Телефоныңыз  жаныңыз да  жүргенде  оның   сериялық  нөмірін  білу үшін( жұлдызша торша 06 торша)белгілерін  тересіз.Экраныңызға  15  саннан  тұратын код  шығады. Әр телефонның  осы сияқты     жеке коды болады. Соны көшіріп алып  сақтап  қойыңыз. Егер  телефон  ұрланған  жағдайда  әлгі    кодты операторға  хабарлаңыз.Оператор сіздің қолды болғаныңызды  жабық режимге салып қояды.Содан кейін оның  СИМ картасын  ауыстырған күнде де  пайдалану мүмкін болмайды.Әрине  телефоныңызды  қайтара алмайсыз  бірақ оны алған адамда     пайдаға асыра алмайтынына шүкіршілік  етесіз. Егер жұрттың барлығы осылай жасаса   онда ұялы телефондар ұрлығы өз өзінен  тыйылған  болар еді.Әттең...

2-сабақтың ресурсы

ХХІ ғасыр адамзат баласының ой-өрісінің ерекше өсіп, өркендеп жетілген ғасыры болып отыр. Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: Көздің көру қабілетін төмендетеді; Омыртқалардың қисаюына әкеледі; Жүйкеге салмақ түсіреді; Шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл - ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл - күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады.

2-мәтін.

Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған. Ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді, бірақ мән бермейді. Телефонның қосулы қалпында жай жатқанда зияны тимейді. Алайда аппараттың құрамдас, айырылмас мүшесі "Transmitter" ("таратқыш",передатчик) іске қосылған кездері ғана адам ағзасына зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін электромагнитті энергия зиян.Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таратылып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға жұтқызылады. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады.Ол клетка миға құтқару сигналын жібереді, алайда ол сигналдың қуатын телефоннан шығып жатқан сигнал қуаты басып кетеді. Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығын 3 минуттан артық қолдану өте зиян. Құлақ тыңдағыш арқылы 70%-дай азаяды. Зиян тигізілетін уақыт сигналды қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд. Одан ары зиян күші күрт азаяды. Электромагниттік сәулелендірудің адам ағзасына тигізер зияны туралы жинақталған білімдер, телефонның сәулеленуі сияқты басқа да электромагниттік сәулелендірулер онымен байланысқа түскен адамдар денсаулығына, физиологиялық жай-күйіне әсер етеді. Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу