Иммундық биотехнология. Екпе егу. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.


А мәтіні

Вакцина адамға зиян ба?

 Соңғы кезде Қазақстанда вакцинаның зияны туралы көп айтылып жүр. Сол себепті, ел вакцина ектіруден қорқып қалды. Сондықтан, бүгін осы мәселені талдаймыз.

 Осыдан 30-40 жыл бұрын қызылша немесе дифтерия инфекцияларының кесірінен балалар өлімі жиі болатын.

 Жер шарында табиғи оспаның көзі алғаш рет тек 1978 жылы вакцинация көмегімен жойылды. Ал 2002 жылы әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда полиомиелиттi жою жұмыстары болды. Айта кетелік, ең соңғы рет полиомиелит елімізде 1995 жылы тіркелді.

 Вакцинаның арқасында біз адам өміріне қауіп төндіретін көп ауруды ұмыта бастадық. Кейбір ата-аналар бұл аурулар жайлы мүлде хабарсыз.

 Вакцина – белгілі бір инфекцияны жоя алатын микроорганизмдерден жасалатын препарат.

 Егу – халықты полиомиелит, қызылша, қызамық, дифтерия, тырысқақ, көксау, туберкулез, «В» гепатиті, эпидемиялық паротит сияқты инфекциялардан қорғайтын ең тиімді тәсіл.

 Ең алғашқы егу перзентханаларда туберкулез және «В» гепатитіне қарсы жүргізіледі. Вакцинациядан кейін баланың ағзасы оған өтпелі реакциямен жауап қайтарады. Бөгде зат енген денеде міндетті түрде түрлі реакция болады. Алайда, мұндай реакциялардың зардабы инфекциялардың зиянымен салыстырғанда түк емес.

 1 қазаннан бастап жүргізіліп жатқан тұмауға қарсы жаппай егу жұмыстары отандастырымызды осы инфекциялардан қорғайды. Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин биылдан бастап жүкті әйелдерге де тұмауға қарсы вакцина егіле бастайтынын, одан ешқандай зиян болмайтынын айтты.

 Автор: Мақпал Бисембаеваhttps://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/5530/

Ә мәтіні

 Иммунды биотехнология (Инженерлік иммунология) — биотехнологияның жаңа саласы. Молекулалық иммунологияның жетістіктеріне, негізделген белгілі бір қасиеттерге ие иммундық препараттарды: антидене және олардың кесінділерін, интерферонды, интерлейкиндерді, вакциналарды, иммунодепрессанттарды, антиген молекулаларын алу әдістерін жасайды.

Б мәтіні

 Қытайда Е гепатитіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцина шықты

 Қытайда Е гепатитіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцина шықты Қытайда әлемде ең бірінші рет Е гепатитіне қарсы вакцина (жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала сақтану үшін қолданылатын дәрілік препарат) жасалып шығарылды. Сенбі күні "Xiamen Innovax Biotech" фармацевтика компаниясы Е гепатитіне қарсы ең бірінші вакцинаның шыққаны турасында мәлімдеме жасады. Аталған компания мен Сямэньский университетінің мамандарының арқасында дүниеге келген дәрілік препарат Цзянсу провинциясында 113 мың ерікті адамға жасалған сынақтан соң сатылымға шықты. Қазіргі таңда "Xiamen Innovax Biotech" фармацевтика компаниясының менеджері Гао Юнчжун Е гепатитіне шалдыққан барлық Қытай азаматтары мен азаматшаларын емдеп шығу мақсатында үкіметпен қоян-қолтық жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, дәрілік препарат зәру болып отырған шет елдерге жол тартпақ. Бәріміз білетіндей, Е гепатиті ластанған су мен тамақ арқылы таралады. Және жылына 20 миллиондай адам аурудың осы түріне шалдығады екен.

  https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/5179

«5 минуттық эссе»

Сұрақтардың біреуін таңдап, жазбаша жауап беріңіз.

  • Вакцина дерттен қорғай ма?
  • Жаңа вакцина шығару қаншалықты маңызды?
  • Имунитетті көтеру жолында екпе егу әлде салауатты өмір салтын ұстану тиімді ме?
  • Жеке бас тазалығын сақтау ережелерін атаңыз.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу