Шөлмектегі су: шынайы бағасы. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы | Шөлмектегі су: шынайы бағасы |
Сабақтың мақсаты | Тірек сөздер, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау. |
Бағалау критерийлері | -Мәтінге сай ақпараттарды дұрыс анықтайды. -Мәтінде көтерілген мәселенің себебін түсінеді. -Мәселенің салдарына талдау жасайды -Шешу жолдарын ұсынады |
Тыңдалым тапсырмасы
Бейнебаянды тыңдап, оған сай ақпараттарды анықтаңыз.
Дескриптор:
- Бейнебаянды тыңдайды 3 мин;
- 4 шын ақпаратты белгілейді; 5мин
- Бейнебаянды 2-рет тыңдайды.
Ақпарат | Шын | Жалған |
1.Энергияның артық шығыны шөлмектегі суға жұмсалады. | ||
2. Құбыр суы шөлмектегі суға қарағанда 10000 есе арзан. | ||
3 Құбыр суында «көміртек ізі» 500 есе болады. | ||
4.Шөлмектегі суды жергілікті тасымалмен тасымалдайды. | ||
5.Барлық шөлмектерді жасау үшін қазбалы отынды тұтынады. | ||
6. Қаптама материалдар жасауға қолданылған пластиктер қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. | ||
7.Жаңартылмалы энергия көздерін шөлмекті өндіру мен тасымалдауда қолданады. |
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Қоршаған ортаға зиян келтіретін өндірістердің бірі- шөлмектегі су өндірісі» деген тақырыптың өзектілігі мен себебін, салдары мен шещімін анықтаңыз
Дескриптор:
- Шөлмектегі су өндірісінің өзектілігін бір сөйлеммен түсіндіреді;
- Мәселенің 2 себебін анықтайды;
- Мәселенің 2 салдарын анықтайды;
- Мәселенің 2 шешімін ұсынады;
- Өзге жұпқа ауызша түсіндіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды