Абайдың Баянға берген бағасы. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 8 сабақ.
Қосымша оқуға арналған мәтін
Сырғаға қатысты айтылатын ырым-тыйымдар
Халық арасында сырғаға қатысты тараған ырым-тыйымдар көп. Мәселен, жүкті әйел немесе оның туыстары түсінде сырға көрсе, өмірге қыз келеді деп жорыған. Сондай-ақ, сырғаның құлақты өсек-аяңнан, әдепсіз сөзден тыятыны туралы да сенім бар. “Құлағыңа алтын сырға” деп, қажет емес мәліметті құлаққа ілмеу керек екенін ескерткен. Дегенмен бүгінде бұл сөз осыған қарама-қарсы мағынада, “назарға ал, тыңда” деген мағынада қолданылып жүр.
Сонымен қатар ертеде қай үйдің бой жетіп отырған қызы болса, керегеге, кілемге сырға іліп қоятын болған. Бұл келген қонақтарға үйде қыз бар екенін, ата-анасы әлі ешкіммен құда болмағанын білідіреді. Естеріңізде болса, “Ер Төстік” ертегісінде осы туралы айтылады. Ерназар тоғыз ұлын бір үйдің тоғыз қызына үйлендіргісі келіп, ел арасын кезетін тұсы бар. “Бірақ Ерназар ойлағандай тоғыз қыз бір үйден табылмайды. Сөйтіп күдер үзіп келе жатса, алдынан бір ауыл көрінеді. Ауылдың ортасындағы үлкен қоңыр үйдің тұсына келіп, мейман болатындығын білдіреді. Үйге кірсе, керегенің басында сегіз сырға ілулі тұр екен, соны көрген соң, Ерназар еңкілдеп жылай бастайды. Үйдің бәйбішесі Ерназардан:
– Неге жыладың? – деп сұрайды.
– Жылаған себебім: тоғыз ұлым бар, соған тоғыз келіншек іздеп жүрген адаммын, тоғыз ұлымның бір әке-шешеден туғаны сияқты, тоғыз келінімнің де бір әке-шешеден туған болуын іздеп жүрген адаммын. Керегенің басындағы көп сырғаны көргенде, тілегіме жеттім ғой деп қуанып қалып едім, санасам, біреуі кем екен, соған жылап отырмын, – дейді Ерназар.
– Ендеше жылама, тағы біреуі бар, әне тұр, – деп бәйбіше тұсбақаннан тағы бір сырғаны алып келеді. – Кенжекейімнің сырғасы еді, мұны сегіз қызымның сырғасына араластырмаймын, ана қыздарым бір төбе, Кенжекейім бір төбе. Сондықтан Кенжекейімнің сырғасы олардікінен бөлек тұрады, – деп сырғаны қайтадан іліп қояды”. Бұл жоғарыда айтқан сөзімізді қуаттай түссе керек. Бүгінде бұндай ғұрып ұмыт қалып барады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды