Нағыз дос. Қазақ тілі, 7 сынып, қосымша ресурс. 5 сабақ.


Оқушының аты-жөні:__________________________ Сынып____________ Күні__________

Бөлім/тақырып

Сүйіспеншілік пен достық

Оқу мақсаты

7.О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау.

Ойлау дағдысының

деңгейі

Түсіну, қолдану, бағалау

Бағалау критерийі

- мәліметтерді орынды қолдана алады

- тапсырманы мазмұнына сай орындайды

Тапсырма:

Берілген мәтінді оқып, әр абзац бойынша «Хикая картасын» толтырып, қорытынды жасаңыз.

Құмырсқа

 Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.

Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады

– Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.

– Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті.

Ол енді қоңызды тауып алады. Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты.

– Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.

Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:

– Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.

Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:

– Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.

«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.

http://bilim-all.kz/article/1910-Qumyrsqa

«Хикая картасы» оқылым стратегиясы.

Қорытынды ой:

Бағалау критерийі

Дескриптор

- мәліметтерді орынды қолдана алады

мәтін мазмұнын толық түсінеді

ақпаратты орынды қолдана алады

-тапсырманы мазмұнына сай орындайды

абзацтағы оқиғаны сипаттай алады

мәтін бойынша қорытынды жасайды

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу