Нағыз дос. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


 Қошанова Жазира,

 Сабыр ТемірМ.Қозыбаев атындағы СҚМУ

  

ДОСТЫҚ, ЖОЛДАСТЫҚ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЛЕКСИКАЛЫҚ  СИПАТЫ

  

 «Достық»-өмірдегі қасиетті ұғым,бұл сөз әр адамға қатысты сөз, осы сөзбен кездеспеген адам жоқ және осы сөзде үлкен мағына бар. Досы бар адам бақытты адамдардың санына жатады деу де қате болмас,себебі жан досы бар адамның жаны екеу. Достың көп болуы адамның өзіне байланысты, оның ішінде адал досқа тап болатындар 65% болып келеді екен.

 «Қазақстан ұлттық энциклопедиясының» 3 томында «Достық»  – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.  Ал Ә. Болғанбайұлы, С. Бизақовтың авторлығымен жарық көрген Синонимдер сөздігінде «Достық» сөзінің синонимдер тізбегін жолдастық, дос-жаран, дос-жора, татулық, жақын-жуық, тамыр-таныс, жора жолдас, сыйластық, бауырластық деп өрбітеді.

 Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Сөзім дәлелді болу үшін мына әңгімені айтып өтейін.

 Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: "Достық нешеу?" – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

 - Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.

 - Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? - дегендерге:

 - Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен Әйтімбет.

 Қазіргі уақытта да шынайы, нағыз ДОС табу әркімге бұйыра бермейді.  Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.

 Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын.

 Достыққа, адал достыққа байланысты халық арасында көптеген әңгімелермен қатар мақал-мәтелдерде көптеп кездеселді. 

 Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» досың саған әрқашан жақсылықты тілейді,сенің абыройлы болғаныңды қалайды, ал дұшпаныңа бәрібір. Оның түпкі ойы сен емес, сенің бетіңе қарап күлгенімен,сыртыңнан сөз айтып, жиған абыройыңды бір сәтте жоқ қылады. Дос пен дұшпан арасындағы айырмашылық міне осыда,алайда екеуін өмірдің кейбір уақытында ажырату өте қиын. Алайда жан достың бұл өмірдегі орны бөлек болады. «Досы жақсының, өзі де жақсы», бұл мақалды алып қарасақ расында да адамның достары көбіне адамның өзіне ұқсайды екен. Жаныңда жүрген досыңның мінезін, қылығын, бар болмысын білсең, ол да сені барынша танып, қандай жағдай болмасын қасыңнан табылатын дос нағыз ДОС.  «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында». Дос - басқа, дұшпан - аяққа қарайды. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

 Ел арасында осындай сипатына қарай дос бірнеше түрге бөлінеді.

 1. Бетпе-бет достық; Күн мен күнбағыстың достығындай. Күнбағыс күн атып батқанға дейін көзін алмайды досынан.

 2. Қашықтықтағы достық; теңіздің ортасындағы бір арал мен таулардың арасындағы бір көл бір-бірінің алыс достары. Достықты бір-біріне күндіз құстармен, кешкісін жұлдыздармен жеткізеді.

 3. Үндемейтін достық; мылқау адам мен керең адамның қол ұстасқандағы достық. Барлық әңгіме осы қолдар арқылы айтылады.

 4. Міндетті достық; Жексенбі мен Дүйсенбі күндер сияқты. Жексенбі желдей жеңіл, Дүйсенбі ауыр... Сәйкес бола алмаса да бір-біріне, дос болуға, бір-біріне жақын болуға міндетті...

 5. Күндердің бірінде өлген достық; орманшы үйі мен қасындағы жаңғақ ағашы тәрізді... адамдар үлкен машиналарымен орманға кіріп, үйді да ағашты да түбімен алып тастап, көп ұзамай сол үй мен ағаштың орнында қабағы өмірі ашылмайтын биік зәулім үйлер салынған кезде өлетін достық...

 6. "Күтімсіз достық" деген де болады... Әйтеуір аман ғой, әйтеуір доспыз ғой деп ұзын жылдар бойы бір рет болсын телефон соқпай, бір-екі сөйлемді хат жазуды да көп көретін достық...

 Жалпы дос деген ұғымды Сенімділігіне қарай негізгі үш түрге бөліп қарауға болады.

 Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.

 Екінші, жалған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем.

 Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ. Бір қызығы, кейде интернет арқылы танысып бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың.

 Сонымен қатар тарихтан белгілі ұлы адамдар арасында да үлкен достық қарым-қатынас болғаны белгілі.

 Дос тек қана өз ұлтыңнан емес өзге ұлттардан да бола береді. Екі ұлттың ұлы адамдарының керемет дос болып,сол достықтарының дәлелі ретінде келер ұрпаққа тастап кеткен талай аңыз-әнгімелері бар. Ежелден бері қазақ ұлты мен орыс ұлты дос болған, әлі де достық қарым-қатынастарын үзбеген. Бұл достық әрине екі ұлт өкілдерінің мінезі мен кішіпейілділігіне байланысты.

 Мысалы: Мұхтар Әуезов пен Михаил Шолоховтың  достығы, Шоқан Уалиханов пен Г. Н. Потанин,  Илья Репин мен Лев Толстой,  Абай Құнанбаевтың да орыс зиялы кауымынан достары өте көп болды: – Е. П. Михаэлис, А. А. Леонтьев, П. Д. Лобановски, С. С. Гросс, Н. И. Долгополов т.б. Шоқан Уалиханов пен Ф.М. Достоеевский достығы..

 Шоқан Уалихановқа тоқталатын болсақ. Петербургте Шоқан достары П.П.Семенов-Тянь-Шанский  мен Ф.М. Достоевскийді кездестіреді, көрнекті орыс ғалымдары А.И. Бекетовпен, шығыс зерттеушілері: Ф.Р. Отен-Сакенмен, И.И. Захаровпен, Е. Кавалевскиймен, ақындар А. Манасов Қ. Курачкин, Я. Полонскиймен танысып, араласады. Бұлардың бәрі оның идеялық жағынан көп толып өсуіне бірден-бір себеп болғанын көреміз.

 Шоқан Шыңғысұлы мен Федор Михайлович Достоевскийдің достығы екеуінің Омбыда, Семей мен Петербургте бірге болған кездерінде бір үзілмейді, кейінгі алты жыл ішінде (1856-1862) бұл достық хат арқылы нығая түскенін көреміз. Мәселен, Семейден кетіп бара жатып, Уәлиханов Достоевскийге былай деп жазады: ...Сізбен бірге Семейде өткізген азғана күн маған сондай тамаша әсер етті. Ендігі менің бір ойым сізбен тағы да бір кездесу. Мен адамның нәзік сезімдері мен ақ ниеті туралы жазуға шебер емеспін.   Менің Сізге қандай берілгендігімді және сізді қандай жақсы дос болып құрметейтінімді өзіңіз де білесіз".

 Ф.М.Достоевский  Шоқан Уәлихановты ерекше қадірлей, бағалай білді. Одан алған заттарының бәрін ол ең қымбат естелік ретінде сақтайды. 1866 ж. Шоқан марқұм болғаннан кейін Достоевский өзінің әйелі Анна Григорьевна Достоевскаяға «мына үлкен ағаш сандықты көрдің бе? Бұл менің Сібірлік досым Шоқан Уәлихановтың сыйлығы. Сондықтан да ол маған қымбат. Сондықтан мен өз қолжазбаларымды, хаттарым мен аса қымбатты естеліктерімді осында сақтаймын» – деген сөздерінің өзі, Шоқанға деген ыстық ықыласын анық байқатады.

 Ойымды қорыта келе Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.

http://lib.nkzu.kz/Library/Librarykz/pechat/p429.htm



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу