Нағыз дос. Қазақ тілі, 7 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


Нағыз дос деген қандай болу керек?

 Дос – сырласың. Қандай жағдай болмасын нағыз достың ең бірінші міндеті сырласың болу керек. Себебі сыр адам баласының ішінде жатқан қуанышқа да қайғыға да толы сәттері. Ал оны кез келген адаммен бөлісе беруге болмайды. Санаулы адамдардың өзімен бөліспеген дұрыс. Өйткені оның сақталып қалатынына сенімді емессіз. Ал нағыз достың ерекшелігі сізбен сырласып қана қоймай, соны түсіну керек және ішінде сақтай білу абзал. Сырды сақтау өте қиын нәрсе. «Өзіңнің ішіңе сыймаған сыр біреудің ішіне сия ма» дейтін де сөз бар. Егер сіздің ішіңізге сыймаған дүниені өз ішіне сақтай алған адам – нағыз досыңыз.

 Дос – серігің. Өмірлік серігің сүйіп қосылған жарың болғанымен, жарыңды кездестіргенге дейінгі нағыз серігіңіз досыңыз екенін ұмытпаңыз. Тәулік бойы қасыңыздан табылмаса да, керек кезде жаныңыздан табылатын адам – досыңыз. Серік деген сөздің өзі «дос» сөзіне синоним. Бірақ дәлме-дәл өзі емес. Өйткені серік жолда немесе уақытша кездесуі мүмкін. Ал дос ғұмырлық және сенімді серік болу керек. Әңгімесі сізді сергітіп, ойыңызды жинақтауға көмектессе, серігіңіз болса ол нағыз дос.

Дос – қорғаушың. Достың дос үшін жанын беретін түрлі аңыздар мен әңгімелер қазақ және әлем әдебиетінде толып жатыр. Олардың мақсаты достың қандай болу керектігін насихаттау. Сол секілді дос сенің қорғаушың болу керек. Үш түрлі достың ішіндегі ең маңыздысы да осы: «бір дос бар кеудесінен жан шыққанша»... Ажалдан құтқаруға басын бәйгеге тікпеген күннің өзінде сізге деген адалдығы ретінде кез келген жерде сіздің сөзді сөйлеуге ұмтылу керек. Сіздікі дұрыс болмаған күннің өзінде екі жақты мәмілеге кірісіп шешім жасау керек. Бұл нағыз достың белгісі.

 Дос – өзің. «Дос» деген сөзді түсіну үшін өзіңізді тауып алыңыз. Себебі дос деген ең бірінші өзге емес, өзіңіз. Себебі сіз лайық болмай, достың лайық болатынына сенімділік жоқ. Адалдық сізден де, достан да аңқып тұру керек. Сол кезде барып сіз дос таба аласыз және дос сізді табады. Нағыз дос сағындырады, іздеуге тура келетін жағдайға апарады. Себебі сіз сенген серіктің қасиеті мен жақсылығы, адалдығы сізді бей-жай қалдырмауы керек. Ал сатқындық пен жасандылық көрініп тұрған адамға көңіліңіз тартпасы анық. Досына қарап адамды тануға болатыны ақиқат дүние.

http://massaget.kz/jigitterge/syin_sagatta/juz_jagday/43848/

Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты.

Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.

Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады

– Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.

– Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады.

Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты.

– Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.

Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:

– Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.

Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:

– Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.

«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу