Жануарларды қорғау- адамзаттың парызы. Қазақ тілі, 5 сынып, қалыптастырушы бағалау. 8 сабақ


Қалыптастырушы бағалау

Пән:

қазақ тілі

Сынып:

5

Бөлім/Тақырып

4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Оқыту мақсаты

О3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату:

Хат, хабарлама (смс), жарнама, нұсқаулық(инструкция), хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу, түсіну және қолдану, талдау

Бағалау критерийі

Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

Тапсырма

Тапсырма. Төменде берілген мәтіндердің(а және ә мәтіні) құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз. Әр мәтіннің ақпаратты берудегі стильдік ерекшелігін тану жұмыстарын жүргізіңіздер.

А мәтіні

«Табиғатты қорғайық!»

Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алатындығын ұмытпағаны абзал. Адамзат жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіруді тоқтатуымыз қажет. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Жануарларға қиянат жасауға жол жоқ!

Ә мәтіні

«Айболит» қамқор дәрігер

Сіздің сүйікті жануарыңыз ауруға шалдықты ма? Сіз ем таба алмай шарқ ұрып жүрсіз бе? Онда сізге көмекке тек қайырымды дәрігер Айболит қана келе алады. Егер сіз Айболит дәрігерге келсеңіз айықпас аурудан айықтырып, деніне саулық сыйлап, дертіне шипа табады. Дертін жылдам анықтап, табиғи шөптермен лезде емдеп береді. Аң атаулы үшін дәрігер Айболиттен артық дәрігерді алты қабат аспанның ар жағынан да таба алмассыз. Сіз әлі де ойланып тұрсыз ба? Уақытты жоғалтпай Айболит дәрігерге келіңіз, сүйікті жануарыңызды ауруынан айықтырыңыз, екінші өмір сыйлаңыз.

А мәтіні

Ұқсастықтары

Ә мәтіні

Бағалау критерийі

Үндеу хат пен жарнама мәтінінің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

Дескриптор

  • мәтіннің мазмұнын түсінеді;
  • мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды;
  • жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
  • жанрлық ұқсастықтарын ажыратады.
  • үндеу хат пен жарнамаға салыстырмалы талдау жасайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу