Ұқсатымдылық, талғам және сән. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 4 сабақ


Үй тапсырмасын сұрау

Әр топ «3 қимыл, 1 сөйлем түрінде» сәлемдесудің түрін көрсетеді, ынтымақтасады. Шағын 4 шеңберде отырып, «Ұлттық киімдер дүкенінде» тақырыбында құрылған диалогін оқып береді.

Топ бағалаушылары «2 жұлдыз, 1 тілек» түрінде бағалайды.

Топқа бөліну

«Әңгіме пирамидасы», «Ақпараттар карточкасы», «Даналық ағашы» сөздерімен 3 топқа бөлінеді, 4-топ сарапшылар болып тағайындалады. Топ атауларына талдама жасайды.

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам.

Сабақ тақырыбы:

Ұқсатымдылық, талғам және сән

Оқу мақсаты:

О6 Оқылым стратегияларын қолдану. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: Қыстырма сөздер, қарапта сөздер, одағай сөздер, орфоэпиялық норма Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Ұқсатымдылық, менің ойымша... «Сыпайы тоңбайды, қалтырайды» дегендей,... Ретімен киіне білсек,... «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» демекші,... Қорытындылай келе...

Бағалау критерийлері

Мәтінді түсінгендігін, зерттегендігін көрсетеді;

Жұмысты нұсқаулыққа сай орындайды;

Мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашады;

Жүйелі (кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім)айтылым жасайды.

Құндылықтар

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет

Ынтымақтастық

Оқылымалды тапсырмасы

С. Пікірлесу сұрақтары

«Ұқсатымдылық» сөзін қалай түсінесіздер?

Кім қалай киінгенді жақсы көреді?

Неліктен көшеде шалбар киген қыздар, шашын өсірген жігіттер көп?

Оқылым тапсырмасы

ТЖ. Оқушыларға «Сән.Талғам» тақырыбында мәтін беріледі.

1-топ. «Әңгіме пирамидасын» құрады

2-топ. «Төрт сөйлем» тәсілімен орындайды.

3-топ. «Даналық ағашы» әдісі бойынша тапсырма орындайды.

4-топ. Сарапшылар бағалайды.

Бағалау критерийі:

Мәтінді түсінгендігін, зерттегендігін көрсетеді;

Жұмысты нұсқаулыққа сай орындайды;

Мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашады;

Жүйелі (кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім)айтылым жасайды.

Берілген тапсырмаларды оқушылар топтық формада орындайды.

Ж. Жалпы мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқу

Мұғалім оқушыларға мәтінді өз бетімен толық оқу үшін уақыт береді. Оқушылар оқиды. Олардың мәтін мазмұнын қаншалықты деңгейде түсінгенін байқау үшін тапсырма беріледі.

Ж. Оқушылар мәтін не туралы екенін білу үшін мәтінге 2 минутта көз жүгіртіп шығады.

Сұрақтар:

- Мәтінде не туралы айтылған?

- Қандай ой айтылады? Оқушылар болжам жасайды.

Мәтінмен жұмыс

Нақты ақпаратты табу мақсатындағы оқу

Мұғалім оқушыларға мәтіннен нақты ақпаратты табуға бағытталған сұрақтар ұсынады.

Оқушылар сұрақтар бойынша мәтіннен жауабын табады.

Ең негізгі ақпарат қайсысы деп ойлайсыз?

Автор қандай ой ұсынады?

Қорытындысында не айтады?

Топ мәтіндері

1-топ. Киімді дұрыс таңдай біліңіз

2-топ. Әдемілік – талғам жемісі

3-топ. Өз орнын тапқан жарасымдылық

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, өз мәтініңізді жазу тапсырылады.

Қолдануға ұсынылатын сөздер:

Ұқсатымдылық, менің ойымша... «Сыпайы тоңбайды, қалтырайды» дегендей,... Ретімен киіне білсек,... «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» демекші,... Қорытындылай келе...

Бағалау критерийі:

Белгілі бір жанрда мәтін құрастыра алады;

Құрылымы сақталған;

Сауатты жазады (3 қате есептелмейді).

ҚБ. Сарапшы топ өзге топтарға критерий бойынша өз бағаларын береді.

Бүгінгі тақырыпты қорытындылау

Рефлексия

1. Сіз үшін жаңа ақпарат...

2. Не қиын болды?

3. Не оңай болды?

4. Нені ескеруім керек?

Үйге тапсырма

«Менің ең жақсы көретін сәнді киімім» тақырыбында диалог құрастыру. Дыбыс үндестігіне талдау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу