Киіну. Сән. Талғам. Оқшау сөздер. Қазақ тілі, 5 сынып, презентация. 1 сабақ


«Бес қадам» ойыны. Шарты:

Ортаға табан іздері тасталады.Сыныптан 5 оқушы ойынға шығады. Әр оқушыға лексикалық тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. Оқушы берілген табан іздерін баса отырып, жылдам жауап береді.

Сұрақ үлгілері:

- Ұлттық киімнің 1 түрін ата.

- Қысқы киімдердің 1 атауын айт

- Киім түрлеріне қатысты 1 мақал айт.

- Киімге қатысты 2 сын есім айт.

- Қыздардың 2 киімінің атауын ата.

Ал,енді мына суреттерге қарап, бүгінгі сабақ тақырыбын болжап көріңіздер.

2-бөлім: Киіну. Сән. Талғам.

Сабақ тақырыбы:

Киім. Сән. Талғам. Оқшау сөздер

Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту

Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: Қыстырма сөздер, қарапта сөздер, одағай сөздер, орфоэпиялық норма, сингармонизм, ықпал

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,... Менің ойымша,... Мен ... ойлаймын, себебі... Қорытындылай келе,...

Бағалау критерийлері:

Таңдауы, талғамы көрінеді;

Сән үлгілері туралы баяндайды;

Оқшау сөздерді қолданады;

Айтылымға қатысады;

Құрылымдалған мәтін жазады.

Тыңдалым алды тапсырма

Киімді қалай киіну керек? Қалай ойлайсыздар?

Кейбір адамдардың «Сәннен қалу қатарыңнан қалу» деген сөзіне қалай қарайсыздар?

http://kaztrk.kz:8888/ru/node/4241

Бүгінде кішкентай балалардың киім үлгісі үлкендердің  сән үлгісінен кем түспейді. Балақай, егер сен ең сәнді бала болғың келсе,  «Таңшолпанның»  кішкентай көрермендеріне арналған кеңесін ескер.

Ж/Ж. Тапсырма

Қандай қыздарға арналған киім түрлерін кездестірдіңіздер?

Қандай ер балаларға арналған киім үлгілерін байқадыңыздар?

Қандай әшекей түрлері сөз болады?

Төмендегі кестені толтыру тапсырылады.

Бағалау критерийі:

Әр түрінен кемінде 3 киім атауын жаза алады.

«Сәнбике немесе сәнгер болғың келе ме?» тақырыбында пікірталас (Әр топтан 1 сарапшы тағайындалады.)

.

Сарапшылық бағалау бойынша бағаланады.

Бағалау критерийі:

Дайындықсыз диалогке түсу;

Ойын дәлелді көркем (2 теңеу,2 эпитет қолдану) жеткізу

Оқшау сөздер

Тапсырма.

Ықпал түрлері мен оқшау сөздерді пайдалана отырып, 3 сөйлемді ауызша құрастыру тапсырылады.

Бағалау критерийі:

3 ықпал түрін, 3 оқшау сөзді қолданып, 3 сөйлемді дұрыс құрастыра алады.

Бағалау «Екі жұлдыз, 1 тілек» түрінде ұйымдастырылады.

Жұптық жұмыс. Бейнефильм материалын пайдалана отырып, сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып шығады.

Мәтін

... бай Алдардың тоңудың орнына өлең айтып келе жатқанына таң қалып, сөзге тартты. Сондықтан да Алдар көсе байға ... солай жауап берген шығар. ... бай мақтанқұмарлығының себебінен аты мен тонынан айрылды. ... Алдар өлең айтып, байдың назарын өзіне аударды. ... тоңбау себебін қызықтыра түсіндірді. ... байдың шешінуіне себепкер болды. ... байдың бәйбішесі оны «тоналған» деп шошып кетті. Бай болса өміріне риза.

Тапсырма. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою.

Керекті сөздер:

Алдымен, біріншіден, ал, меніңше, ақырында, мүмкін, екіншіден.

Оқушылар жаттығуды орындап болған соң, топпен бірге талдайды. Керекті сөздердің қыстырма сөздер екендігіне назар аударып, тыныс белгісін еске түсіреді.

Бағалау критерийі:

Қыстырма сөздерді орнымен қолданады;

Екі сөзден қателесуі мүмкін.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

С. Оқушыларға қыстырма сөздерге байланысты ереже түсіндіріледі.

Қыстырма сөз — сөйлемдегі ойға айтушының көзқарасын білдіретін оқшау сөздің бір түрі.

Сынып оқушылары қыстырма сөздерді қатыстырып, дайындықсыз ауызша диалог түрінде сөйлем құрастырады.

С. «Қазіргі жастардың сән киімі қандай деген тақырыпта дөңгелек үстелде пікір алмасады. Олардың қыстырма сөздерді қолданып сөйлеуіне басты назар аударылады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

Рефлексия

Мен сабақтан қандай әсер алдым?

Маған не қиын болды, не оңай болды?

Маған қандай ақпарат жаңалық болды?

Маған әлі де нені жетілдіру керек?

Үйге тапсырма

«Сән әлемі» тарихы, тұлғалары туралы ақпарат жинап келу

(кемінде 2 ақпарат)

Оқшау сөздерді қайталау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу