2_Қазақ тілі_3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№1сабақ_Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы_ПРЕЗЕНТАЦИЯ
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
6-бөлім. «Атақты тұлғалар»
Сабақ тақырыбы:
№ 1 сабақ. Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы
Сабақтың мақсаты
3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Бағалау критерийлері
-мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
-туынды сын есімдер жасай алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Ой қозғау
Айлар бойы жүзедi,
Жерді көрмей жүреді.
Ақ жал таумен алысқан,
Адамды кiм бiледi? (Теңiзшi)
Төл өсiрiп момақан,
Уыз iшкен қоймалжың,
Бiлсең айтшы, балақан,
Еңбегi зейнет кай малшы? (Қойшы)
Күмiс қанат, сұңқары,
Көкке еркiн сүңгидi.
Бұлттан да тым әрi,
Кеткен жанды кiм дейдi? (Ұшқыш)
Өрнектеп, сәндеп,
Тiгiстерiн бүгетiн.
Солпысын жөндеп,
Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.
(Шаштараз)
«Пазл құра»
1. Құрастырған пазлдан кімнің бейнесі шықты?
2. Құрманғазы Сағырбаев кім?
3. Құрманғазының қандай күйлерін білесің?
4. Мәтін кім туралы болуы мүмкін?
5. Мәтіннің тақырыбын болжа.
6. Мәтіннің мазмұнын болжа.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Құрманғазы_Сағырбайұлы
Күй атасы
Қазақ халқының классик сазгері Құрманғазы есімі көп ұлтты халықтар арасына кеңінен тараған. Ұлы күйші қазақтың аспапты музыкасын өркендетуге, оның дамуына шексіз үлес қосты. Сазгердің үздік туындылары көршілес халықтар арасында да танымал. Сондықтан оны «Күй атасы» деп атайды.
Қайталанбас өнер иесі, ірі тұлға, күйші Құрманғазы - қазақ елінің мақтанышы.
Негізгі зат есім және туынды зат есім
Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атайды: ыдыс, кілем, аяқ.
Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды: жұмыс-кер, ойын-шық, күй-ші.
Дұрыс сәйкестендір
Кітап -шақ
Дос -ші
Егін -лық
Орын -лік
Таза -хана
Құлын -дық
Шебер -тық
Үйге тапсырма:
Негізгі және туынды зат есімдерді қатыстырып «Кім болам?» тақырыбында эссе жазу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?