3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№4сабақ_Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы_ПРЕЗЕНТАЦИЯ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

6-бөлім. «Атақты тұлғалар»

Сабақ тақырыбы:

4 сабақ. Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы

Сабақтың мақсаты

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/ етістікті анықтау.

Бағалау критерийлері

-пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

-туынды зат есімдер жасай алады.

Ой қозғау

1. Ол – дүние үнін қобыздың қыл ішегіне сыйғызған, күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы, күйші, сазгер.

2. Шертпе күйдің негізін қалаған күйші – сазгер?

3. Оның шығармаларының негізгі арқауы - азаттық аңсаған халық өмірі болды.

4. Жастайынан оқымысты бала атанып, орыстың балалайкасында да шебер ойаған күйші - сазгер?

 

 

Тапсырманы орындау критерийі:

1 Сұрақ өзіндік пікір білдіруге бағытталуы қажет.

2 Сұрақ мәтін мазмұнына сәйкес болуы керек.

3 Сұраққа берілген жауаптар тұжырымды ойды білдіруі тиіс.

Сұрақтар үлгісі:

1. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, қазақтың күй өнерін бағала.

2. Күйлер мазмұнының құрылуына не себеп болды деп ойлайсың?

3. Неліктен күй өнерін қазақ халқының рухани байлығы, киелі, қасиетті мұрасы дейді?

Күй

Күй – музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, таратылып келген.

Күй ХІV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Құрманғазының күйлері, жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген. Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.

Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығы, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі.

Негізгі зат есімдерді туынды зат есімдерге, туынды затс есімдерді негізгі зат есімдерге айналдырып жаз

Үлгі:

Күй – күй+ші өр+нек – өр

Домбыра – домбыра+шы байлығы, бай+лық – бай

Қобыз – қобыз+шы

Сыбызғы – сыбызғы+шы

Өздік диктант

Ерлан аяқкиімін (етік) жөндетті. (Балық) өзенге ау салды.

Күзде (ас) ору науқаны басталады. Жақсымен (жол) болсаң, ісің бітер.

.

Өзін-өзі бағалау кестесі

Үйге тапсырма

Атақты күйшілер туралы негізгі және туынды зат есімдері бар

4 сөйлем құрап жазу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу