2_Қазақ тілі_3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№3сабақ_Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы_ПРЕЗЕНТАЦИЯ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

6-бөлім. «Атақты тұлғалар»

Сабақ тақырыбы:

№ 3 сабақ. Негізгі зат есім және туынды зат есім. Күй атасы

Сабақтың мақсаты

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.2.5.1* берілген тақырып, сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

Бағалау критерийлері

-тірек сөздерді белгілейді, ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;

-түрлі дереккөздерден ақпараттарды іріктеп алады;

-жіберілген қателерді табады және түзетеді.

«Бұлар кімдер

Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, сазгер

Шәмші Қалдаяқов – сазгер

Дина Нұрпейісқызы – күйші, сазгер

Роза Бағланова – әнші

Күй анасы - Дина

Атақты күйші, композитор – Дина Нұрпейісова 1861 жылы қазіргі Орал облысы, Жаңақала ауданы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесінің аты – Кенже. Динаның музыкаға зеректігі ерте байқалған. Жеті – сегіз жасында қолына домбыра ұстап, күйге ден қойған. Тоғыз жасында Құрманғазымен танысқан.

Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. Құрманғазы Динаға 1888 жылы: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін мүлтіксіз орындады.

Динаның көпке танымал күйлері: «Әсемқоңыр» , «Тойбастар», «Ана Бұйрығы», «Бұлбұл».

Күй анасы – Дина апамыздың мұрасы ұмытылмақ емес.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері:

Дина, атақты, күйші, Орал, Жаңақала, Бекетай, шаруа, Кенже, жеті-сегіз жасында, Құрманғазы, ұрпаққа жеткіз, домбыра, ұсыну, танымал күйлері, мұрасы т.б.

Сұрақтар үлгісі

Жабық сұрақтар:

1. Дина Нұрпейісова қай жылы, қай жерде туылды?

2. Динаның әкесінің аты кім?

3. Күйші апамыз алғаш неше жасында қолына домбыра ұстаған?

4. Құрманғазымен неше жасында танысты? т.с.с.

Ашық сұрақтар:

1. Құрманғазы Динаға домбырасын не себепті ұстатты?

2. Динаның атақты күйші болуына Құрманғазымен таныстығы қалай әсер етті деп ойлайсың?

3. Дина апамызды неліктен «күй – анасы» дейміз?

4. Дина Нұрпейісованың қалдырған мұрасы қаншалықты құнды деп ойлайсың?

ар

Екі атақты күйшіні салыстыр

Сөз пирамидасын құра

Үлгі:

Б І А

Би Іл Ат

Бие Іле Ата

Биші Ілес Атан

Билік Ілмек Атқыш

 

Рефлексия

-Сабақ сендерге несімен ұнады?

-Сабақтан не үйрендіңдер?

-Сабақта ерекше қызықты болған нәрсе?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу