1.Қазақ тілі_3-сынып_2-бөлім Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен_№2 сабақ Қаратпа сөз


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Тыңдалым және айтылым:

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • жетекші сұрақтар көмегімен сызба бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • қаратпа сөздерді ажырата алады, тыныс белгілерін дұрыс қоя біледі;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың көбі:

  • тақырып пен сызба бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • қаратпа сөздерді ажыратады, олардың тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі қарқынмен жазады;

Оқушылардың кейбірі:

  • қаратпа сөздерді өз бетімен ажыратады және олардың тыныс белгілерін дұрыс қоя біледі;
  • сөйлемде қаратпа сөздерді кеңінен қолданады, тақырыпқа тыңдарманның назарын аудара біледі;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбы мен берілген сызба бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
  • қаратпа сөздерді ажыратып, тыныс белгілерін дұрыс қояды;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Сөздік қор

Пәндік сөздер

Қаратпа сөз, тыныс белгілер. Мәтін және оның түрлері, ат қою, жоспар құру

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Қоректік тізбектің тіршіліктегі маңыздылығын бағалау.

- Думанның бос уақытын өткізу тәсілін қолдайсың ба?

- Теледидардан қатыгездік орын алатын эпизодтарды көрсетілуіне қалай қарайсың?

- Думанға қандай мінездеме берер едің?

- Егер қоректік тізбек болмаған жағдайда табиғат қандай болар еді?

Құндылықтарды дарыту

Табиғат заңдылықтарын қабылдау

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін, мәтін және оның түрлерінің сипаттамасын, құрылымдық ерекшеліктерін ажырата біледі. Қаратпа сөздер және олардың емлесі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ, Ж, қ) «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі. Бір-біріне қаратпа сөзі бар сөйлем құрап айту.

Саралау:

Берілген сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдыру

Бұзауларға уақытында су мен шөп бер.

Құстардың ұясын бұзба.

Ағаштардың түбін қопсытып, су құй.

Күркетауықтарға жем шаш.

Көгершіндерге тимеңдер!

Таң атпай қайдан келесің?

Хайуанаттар бағына барып көрдің бе?

Жолдан өтерде абай бол!

Бағалау дескрипторы:

- сөйлемдерді қаратпа сөздермен толықтырады;

- қаратпа сөздерді қолдана алады.

Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін бірге белгілеу.

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

2 мин

3 минут

5 минут

3 минут

7 минут

3.1.2.1 (Т,Ұ) «Қоректік тізбек» тақырыбында сызба бойынша мәтін түрі мен мазмұнын болжау. «DEAL» әдісі.

D - Describe – сызбаны сипаттау

E - Explain – үдерісті түсіндіру

A - Anallyse – ақпаратты талдау, себеп-салдарлық байланысын анықтау

L – Links – қорытындылау.

- Қоректік тізбектің тіршіліктегі маңыздылығын бағалау.

Бағалау дескрипторы:

- тақырып пен сызба негізінде болжам жасай алады;

- болжамын негіздей алады;

-сызбадан алған ақпарат негізінде мәтін түрін болжай алады.

3.2.3.1 (МК, Т) «Балдырған» журналынан шағын әңгімені оқу. «Консенсус» әдісі.

Мәтінді іштей оқу. Жаңа сөздерді белгілеу, мағынасын ашу.

«Көк сандық», «көп телміреді», «тау сілемдері», «шөлден қаталап келіп», «бас қойған», «кеңірдек»

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап беру.

- Думанның бос уақытын өткізу тәсілін қолдайсың ба?

- Теледидардан қатыгездік орын алатын эпизодтарды көрсетілуіне қалай қарайсың?

- Думанға қандай мінездеме берер едің?

- Егер қоректік тізбек болмаған жағдайда табиғат қандай болар еді?

Бағалау дескрипторы:

- мәтіннен қажетті ақпаратты іріктей алады;

- сұраққа дәлелді жауап бере алады;

Сергіту сәті «Көңілді жаттығулар»

(МК, Ө) Көркем жазу. Ққ, қоректік тізбек.

Әріп элементтерін жазу:

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады

(Ұ, Қ) Мәтіннің түрін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.

- Мәтін неше абзацтан тұрады?

- Әр абзац не туралы? Жоспар құр, не байқадың?

- Мәтіннің қай бөлігі жетіспейді?

Саралау: Мәтін құрылымының сызбасын ұсыну.

- Бұл мәтіннің қай түріне жатады?

- Сипаттау не пайымдау мәтіні емес екендігін дәлелде.

3.1.2.1 (Ө, Ж, Т) Мәтіннің соңын болжау. «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі. Өз ойларын ортаға салу. Шимай жазу.

(Ө, Қ) Мәтіннің соңғы бөлігін жазу. Өзін-өзі тексеру.

Бағалау дескрипторы:

-мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырата алады;

- мәтіннің соңын болжайды;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен

- мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Қоректік торлар 7-сынып

3 слайд

Сурет

4 слайд

5-слайд

1-жұмыс парағы

6-слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Қаратпа сөздерді ажыратып, тыныс белгілерін дұрыс қоямын

Тақырып пен сызба бойынша мәтін мазмұны мен түрін болжай аламын

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазамын

Үй тапсырмасы: Думанға хат жазу.

жапсырма қағаздар

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ресурс арқылы саралау, сөйлем үлігілері беріледі. Мәтіннің құрылымы тірек сызбасы ұсынылады.

Қалыптастырушы бағалау дескрипторына сәйкес жүреді, оқушылардың жетістіктері мен назар аударатын тұстарын есепке алу. Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау дағдыларын жетілдіреді

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сергіту сәті.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу