алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

4. Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен_ Қаратпа сөз_ Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Жақсы мен жаманды айыра білемін

Сабақ тақырыбы: Қаратпа сөз

Сабақ мақсаттары

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Ресурстар: қоректік тізбек сызбасы, үлестірме материалдар, мәтін құрылымының сызбасы, А4 қағаз, фломастер.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Сөйлеу барысында біреудің назарын аударту үшін қолданылатын сөздер қаратпа сөздер деп аталады. Қаратпа сөз сөйлем басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Қаратпа сөз сөйлем ортасында келсе, үтір екі жағынан қойылады. Қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 «Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі бойынша қаратпа сөзді қолдану дағдысы пысықталады. Сыныпта 1-нұсқада отырған оқушылар ішкі шеңберді, 2-нұсқада отырған оқушылар сыртқы шеңберді құрайды. Өзара бір біріне қарама-қарсы орналасады. Белгі бойынша бір-біріне құрамында қаратпа сөзі бар бір сөйлемнен айтады. Оқушылар өзара бір-бірінің қаратпа сөзді қолдануы туралы, «дұрыс», «бұрыс» деп қысқаша кері байланыс береді. Келесі белгі берілгенде сыртқы шеңбер оқушылары сағат тілімен 1 қадам жылжып тұрады. Осылай оқушылардың жұптары алмасады да, оқушылар бір-біріне қаратпа сөзі бар сөйлем айтуды жалғастырады. Жаттығу бірнеше рет осылай жалғасады. Оқушылар сұраққа кімдер дұрыс жауап бергенін атайды. Мұғалім оқушылардың айтқан сөйлемдерін бақылайды, қолдау көрсетеді.

 Саралау: қабілеті төмен оқушыларға алдын ала сөйлем үлестіру. Берілген сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып айтады. Мысалы,

  • Бұзауларға уақытында су мен шөп бер.
  • Құстардың ұясын бұзба.
  • Ағаштардың түбін қопсытып, су құй.
  • Күркетауықтарға жем шаш.
  • Көгершіндерге тимеңдер!
  • Таң атпай қайдан келесің?
  • Хайуанаттар бағына барып көрдің бе?
  • Жолдан өтерде абай бол!

«Қоректік тізбек» тақырыбында сызба бойынша мәтін түрі мен мазмұнын болжауды «DEAL» әдісі негізінде ұйымдастырылады.

D - Describe – баяндау, суреттеу ( оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E - Explain - түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A - Anallyse – талдау (ақпаратты талдау, себептерін анықтау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

 Топта оқушылар сызбаны сипаттайды, қоректік тізбек үдерісін түсіндіреді, себеп-салдардық байланысын анықтап, қорытынды жасайды.

Топ әр бағыт бойынша кезекпен жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Оқушыларға қарама-қайшы сұрақтар қоюға рұқсат етіледі.

Бағалау дескрипторы:

- тақырып пен сызба негізінде болжам жасай алады;

- болжамын негіздей алады;

-сызбадан алған ақпарат негізінде мәтін түрін болжай алады.

  Мәтінмен жұмыс «Джигсо» әдісі негізінде ұйымдастырылады. Көрші парталарда отырған оқушылардан үлкен 4 топ құралады. Әр топқа 1 сұрақтан белгіленеді. Алдын ала топтарға фломастер (әр топқа белгілі бір түс берілуі шарт, бұл топтың түсі болады) мен сұрақ жазылған қағаз дайындалып, таратылады.

1-топ: - Думанның бос уақытын өткізу тәсілін қолдайсың ба?

2-топ: - Теледидардан қатыгездік орын алатын эпизодтарды көрсетілуіне қалай қарайсың?

3-топ: - Думанға қандай мінездеме берер едің?

4-топ: - Егер қоректік тізбек болмаған жағдайда табиғат қандай болар еді?

2 (3) минут ішінде топ мүшелері сұрақ жауабын талқылап, қағазға түсіреді. Уақыт өткен соң, топтар сағат тілімен орын алмастырып, келесі топтың жауабымен танысады. Сұрақ жауабын толықтырып жазады. Осылай әр топ барлық сұрақтардың жауабымен танысып, өз фломастерлерімен толықтырып шығуы шарт. Сұрақтар талқыланып, қорытынды жасалады.

Сынып оқушыларымен бірге мәтіннің түрін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау мақсатында жетекші сұрақтар қойылады. .

- Мәтін неше абзацтан тұрады?

- Әр абзац не туралы? Жоспар құр, не байқадың?

- Мәтіннің қай бөлігі жетіспейді?

Саралау мақсатында оқушыларға «мәтін құрылымының сызбасын» ұсыну арқылы қолдау көрсетіледі. Оқушылардың сыни ойлауғ өз пікірін негіздеу дағдыларын жетілдіру мақсатында « Сипаттау не пайымдау мәтіні емес екендігін дәлелдеу» тапсырмасын қосымша ұсынуға болады.

 Мәтіннің соңын болжау «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі негізінде ұйымдастырылады. Оқушылар 2 мин ішінде әрқайсысы жеке мәтіннің соңы қалай аяқталатынын шимай қағазға түртіп алады. Сынып ішінде еркін қарым-қатынас жасап, болжамы өзіне ұқсас оқушылармен жұп немесе топ құрайды. Өз болжамдарын қалай жетілдіруге болатынын талқылайды. Сауаты жазылуына назар аударылады. Топтық жұмыс нәтижесін таныстырады. Мұғалім жұмыс үдерісін бақылап, оқушылардың талқылау барысындағы жақсы идеяларын да атап өтеді. Бұл оқушыларды топтық жұмыста белсенді болуға ынталандырады.

Осыдан соң әр оқушы дәптеріне мәтіннің соңын болжауын жазады.

 Қалыптастырушы бағалау

 Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару. Оқушылар өзара бағалауды жүзеге асыру барысында «Қай дескрипторға сүйендің? Не себепті олай бағаладың? Өзің қандай өзгеріс енгізер едің?» сұрақтары арқылы, бағалаудың шын мәнінде жүзеге асуына көңіл бөлінуі керек.

Оқушының оқу мақсатын толықтай меңгеруіне тиімді шараларды жоспарлаңыз.

Бағалау критерийлері

Үйрендім

Сенімді емеспін

Қаратпа сөздерді ажыратып, тыныс белгілерін дұрыс қоямын

Тақырып пен сызба бойынша мәтін мазмұны мен түрін болжай аламын

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазамын


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы