👈 қаріп өлшемі 👉

3. Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен №19 сабақ Қаратпа сөз Дидактикалық материалдар


2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: Қаратпа сөз

Қосымша № 1

Балақай, гүлдерді жұлма!

Егін басына барғың келе ме, Дәурен?

Құлыным, мәдени өсімдіктерге не жататынын айта қойшы.

Биыл егін жинау науқанын, Дархан, сәтті аяқтай аламыз ба?

Қосымша №2

Қаратпа сөз біреудің назарын аударту үшін айтылады

Қаратпа сөз сөйлем басында келсе, одан кейін үтір қойылады.

- Диқандар, астықты жауын-шашынға қалдырмай жинап алайық!

Қаратпа сөз сөйлем ортасында келсе, үтір екі жағынан үтір, қойылады.

- Астықты, диқандар, жауын-шашынға қалдырмай жинап алайық!

Қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.

- Астықты жауын-шашынға қалдырмай жинап алайық, диқандар!.

Қосымша №3

Қаратпа сөзі бар сөйлемнің сызбасы

Қосымша №4

Бидай мен Шырмауық

Қатар өсіп тұрған екі бидайдың бірінің басы күн өткен сайын ауырлап, әбден иіліп кетті. Ал қасындағысы басын көтеріп, тіп-тік тұр. Оны шырмауық орап алған. Бір күні тік тұрған Бидай:

- Шырмауық, күн өткен сайын өкпемді қыстың. Өрмелеп қайда барасың? – деп сұрады.

- Сені басып өтіп, анау Күнбағысқа жетсем деймін, - деді Шырмауық.

Сонда басы иіліп кеткен бидай сөзге араласты.

- Жыл сайын бойы бойшаңға жетем деп тыраштанасың, бірақ күз түсіп кетіп, жылда-жылда арманыңа жете алмай қурап қаласың. Кесірің көпке тиіп жатыр. Сен өкпесін қысып, бидайды өсірмей тастадың. Ал ол өсіп, өркендеп, ұрпағын көбейте алмай тұр. Мақсатыңа жету үшін жолдағының бәрін таптап, жаншып кетуіңді қашан қоясың?

- Қап бәлем, келесі көктемде ме, сені орап әбден қыспасам ба, ал өзің не бітіріп тұрсың, - деді кіжініп.

- Мен өкінбеймін, келесі көктемде мен бір жерде емес, мың жерде өсем. Ұрпағым көп. Соның бәрін орауға сенің жібің жете ме, ең бірінші соны ойласайшы, - деді.

- Жетеді! Бидай, мен сені тұқымыңмен құртам, - деп айқайлады Шырмауық.

Шырмауықтың даусын естіп қалған Адам бұлардың қасына келді. Ол Шырмауықты көріп;

- Қап, Бидайды өсірмей тастапты-ау! – деп Шырмауықты түбімен жұлып алып тастады.

Сонда тік өскен Бидай:

- Өзің үшін өзгеге жамандық ойлаймын деп, жарты жолда қалай мерт болғаныңды білмей қалдың-ау, бейшара, - деді.

Әдина Жүсіп


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы