4. Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_ 1-тоқсан жиынтық бағалауы_ Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

 

Бөлім: «Жанды табиғат» және «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Сабақ тақырыбы: Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ)

Сөйлеу әрекетінің түрлері: Тыңдалым және айтылым. Оқылым. Жазылым.

Сабақ мақсаттары

3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

3.2.1.1* Тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау

3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.3.7.1 Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою

Бағалау критерийі

- Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

- Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

- Тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтау

- Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

- Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтау

- Қаратпа сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою

Ресурстар: үлестірме материалдар, суреттер, мәтін құрылымының сызбасы

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Белсенді оқыту әдістері қолданылады.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 Ұйымдастыру кезеңі. Жиынтық бағалаудың мақсаты, қандай оқу мақсаты тексерілетінін оқушыларға таныстырылады. ТЖБ-ды орындау уақыты, тапсырма саны мен түрін қысқаша таныстырылады. 1-тапсырмада «Тыңдалым және айтылым» бойынша

 1.1 Тірек сөздерді белгілеу

 1.2 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтың жауабын жазу

 1.3 Диалог құру (парталас оқушылар) беріледі.

 2-тапсырмада «Оқылым» бойынша

 2.1 Мәтіннің түрін анықтау.

 2.2 Мәтінге ат қою.

 2.3 Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін мақалды белгілеу

 3-тапсырма «Жазылым» бойынша

 3.1 Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жазу. Қаратпа сөздердің астын сызу.

 3.2 Мәтіндегі тағы қай сөйлемді қаратпа сөзбен толықтыруға болады? Бір сөйлемді қаратпа сөзбен толықтырып жазу сұралады.

 Оқушыларға түсінбеген тұстары бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік беріледі. ТЖБ-ды орындау тәртіп ережесі еске түсіріледі.

- Ешкімнен көмек сұрамау.

- Тапсырмаларды өз бетінше орындау

- Қателескен жағдайда жай қарындашпен түзету.

  ТЖБ-ды орындау кезеңі.

 

 Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

 

Ортақ тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

2

3

Жанды табиғат

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Тыңдалым және айтылым

Оқылым

Жазылым

3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу

3.2.1.1* Тірек сөздер, көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау

3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.3.7.1 Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою

Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауаптарды қажет ететін тапсырманы орындайды.

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.

1

1

1

6

5

5

Жалпы балл

3

16

 

 

 

 Балл қою кестесі

 1-тапсырма бойынша

 

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1.1

Тірек сөздер қатары

асырау

бауыр басу

мәз болу

есіне түсу

суретін салу

1

1.2

Тауықтарды қуып, балаша ойнағанына/ Есік алдындағы тауықтарды қуып жүргені үшін

1

1

Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа немесе толық жауаптар қабылданады.

1.3

Білім алушының ықтимал жауабы:

- Нұрлыбектің қандай дұрыс әрекеттерін байқадың?

- Кішкентай күшігіне қамқорлық жасайды. Күтіп бағады, оны ойнатады. ...

- Ал Нұрлыбек саған ұнады ма?

- Иә/жоқ, себебі...

- Оның бұрыс әрекеті бар ма?

- Жоқ. Білмедім...

- Иә, оның тауықтарды қорғамағаны дұрыс болмады.

- Неліктен олай ойлайсың?

- Себебі Ақтөс тауықтардың мазасын алды.

- Ал сен бұл туралы не дейсің?...

1

1

1

Тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады.

Сұхбаттасына сұрақ қояды және сұраққа сәйкес жауап береді.

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Жалпы балл

6

 

 

 2-тапсырма бойынша

 

Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2.1

Әңгімелеу/әңгімелеу мәтіні

1

2.2

Көлеңке/ Зеректік/ Ақылды бала

1

Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын баламалы тақырыптар қабылданады.

2.3

Асыл тастан – ақыл жастан

1

2.4

Білім алушының ықтимал сұрағы:

Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнады? Неліктен?/ Жолаушылардың күнге отырғысы келмеуін қалай бағалайсың?

/Әлім неліктен төмен қарады?

Білім алушының ықтимал жауабы:

Болжанның іс-әрекеті ұнады, себебі ол әжесі мен анасына қамқорлық көрсетті./Әжесінің ризашылығы ұнады. Үлкендерден алғыс естіген қандай жақсы./Ұзақ жол жүретін жолаушылар күн бетке отырғаны қолайсыз болады. Оның үстіне әжесі, апасы, Болжан да әбден күннің ыстығына терлеп-тепшіп келіп еді. т.с.с.

1

1

Жалпы балл

5

 

 

 3-тапсырма

 

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

Балам, ата

Балам, мені көшеден өткізіп жіберші/Иә, балам, оқып жүрсің бе?/ Су бере салшы, балам!/…

Қайырлы таң, ата!/ Ата, қайда бара жатырмыз? Иә, ата, тыңдап тұрмын/

Қаратпа сөздің тыныс белгісін дұрыс қояды.

1

1

1

2 сөз толық анықталған жағдайда ғана 1 балл қойылады.

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы сөйлемдер де қабылданады.

4

электр

автобус

1

1

Жалпы балл

5

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдалыналған әдебиеттер:

1. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 3-сынып, Бағалау өлшемдері орталығы, 2018 ж.

2. Байтенова К.К., Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда қолданылатын белсенді оқыту әдіс-тәсілдері, «НЗМ» ДББҰ, 2017.

«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ____________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырма

Төмен

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Орта

Жоғары

Тақырып пен сурет негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды

1

Тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжам жасауға қиналады.

Тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжауда қателіктер жібереді.

Тақырып пен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды

Тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, берілген тақырыпқа әңгімелеу мәтінін құрайды

2, 3

Жоспар құру, жоспар мен тірек сөздер бойынша әңгімелеу мәтінін құрауда қиналады.

Жоспар құру, жоспарға сәйкес әңгімелеу мәтінін құрауда/ сөйлемнің құрылымын сақтауда/ тірек сөздерді қолдануда қателіктер жібереді.

Жоспар құру, берілген жоспар мен тірек сөздер бойынша тақырыпқа сәйкес әңгімелеу мәтінін құрайды.

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

1, 3

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазуда қиналады.

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазуда кемшіліктер жібереді.

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу