4. Қазақ тілі 3-сынып 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_ Ч әрпінің емлесі_ Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы: Ч әрпінің емлесі

Сабақ мақсаттары

3.4.1.3* ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Ресурстар: газет, журналдар, кітаптар, кесте, үлестірме материалдар, А4 қағаз, фломастер.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Ч- қатаң дауыссыз дыбыс. Ч дыбысы өзге тілден енген сөздер құрамында кездеседі.

Сабаққа қатысты ескертпелер

 «Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру ұйымдатсырлады. Сыныпта 1-нұсқада отырған оқушылар ішкі шеңберді, 2-нұсқада отырған оқушылар сыртқы шеңберді құрайды. Өзара бір біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі бойынша сыртқы шеңбердегі оқушы әуекомпанияға өзі ұсынатын жаңа бағытты таныстырады. Келесі белгі берілгенде сыртқы шеңбер оқушылары сағат тілімен 1 қадам жылжып тұрады. Енді ішкі шеңбердегі оқушылар өз жаңа бағытын ұсынады. Осылай оқушылардың жұптары алмасып, бір-біріне өз жобаларын таныстыруды жалғастырады. Жаттығу бірнеше рет осылай жалғасады. Оқушылар тыңдаған жаңа бағыттары бойынша кері байланысты «Ең қызықты бағыт», «Ең жақын бағыт», «Ең арзан бағыт», «Ең тиімді бағыт», т.с.с. номинациялар беру арқылы жүзеге асырады.

Оқушылардың өзара жаңа бағыттарын таныстыру барысын сырттай бақылап, жақсы идеяларды, өзіне сенімді емес оқушылардың жауаптарын тыңдап, талқылау арасында кері байланыс беру оқушыларға жағымды әсер етеді.

«Осындай жақсы идея ұсынғаныңа қуаныштымын. Сенің тамаша бағыт ойлап табатыныңа сенімді болғанмын. ... ұсынған бағыты мені қатты қызықтырды т.с.с»

 Көркем жазу минутында Чч әрпінің жазылуы мен че, чу әріптерінің байланысы көрсетіледі. Қазақстандық олимпиада чемпиондары еліміздің көк туын желбіретті – сөйлемін үлгі бойынша жазу.

 Жазу талаптарын сақтамайтын оқушылардың дәптеріне арнайы үлгі көрсетіледі. Әріптердің биіктігі мен мөлшері, байланысы түсіндіріледі.

 Есте сақтау диктантын ұйымдастыру үшін алдын ала тақтаның артқы бетіне сөздер қатарын жазып дайындау керек. Оқушыларға сөздерді оқып, есте сақтауға 30-35 сек уақыт беріледі. Іштей оқып, есте сақтаған соң, тақта жабылып, әр оқушы дәптеріне сөздерді жазады. Неше сөз жазғанын жай қарындашпен түртіп алады. Тақтадағы сөздерді қайта ашып, оқушылар сөздердің қатесіз жазылуын тексереді. Өзін-өзі шартты белгілер арқылы бағалайды: қатесіз «!», 1 қате «+», 2-3 қате «-». Жіберілген қателер сыныппен бірге талқыланады.

Мәтіналды тапсырма ретінде кестені пайдаланып, олимпиада чемпиондарын күтіп алу туралы ақпаратты қандай дереккөз түрлерінен таба алатынын жұпта талқылап анықтайды. Оқушыларға алдын ала сынып ішінде «Оқу бұрышын» ұйымдастыру тиімді болады. Оқу бұрышына газет-журналдардан тақырыпқа сай жаңалықтармен қатар қосымша материалдар орналастыру керек.Сонда оқушылар материалдар арасынан практикада іріктеп үйренеді. Мұғалім: неліктен сен ақпаратты энциклопедиядан іздемедің? сияқты сұрақтарды қойып, оқушылардың дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді.

Артық сөзді анықта

Көркем шығарма

Ғылыми-танымдық мәтін

Теледидар жаңалықтары

Кітаптар

Газет жаңалықтары

Анықтамалықтар

Сайт ақпараттары

Сөздіктер

Энциклопедия

Қажетті ақпаратты табу және оны қолдану дағдыларын дамыту үшін алдыңғы сыныптарда меңгерген дағдылары мен білімдерін өзектендіруге көңіл бөлінуі керек. Яғни неліктен көркем мәтіннен олимпиада чемпиондарын әуежайдан күтіп алу туралы ақпаратты таба алмайтынын, жаңалықтарды қайдан білуге болатыны күнделікті өмірмен байланысты қарастырылады. Техникалық мүмкіндік болған жағдайда ғаламтордар арқылы «Іздеу» жолын көрсетіңіз. Оқу бұрышына алдын ала газет-журналдарға шыққан жаңалықтар

 Мәтінмен жұмыс. Түрлі дереккөзден нақтырақ кестеден берілген тақырып бойынша ақпарат алу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау мақсатында оқушыларға алдын ала үлестіруге арналған Қосымша №2 мен Қосымша 2.1-ді дайындаңыз. Кестенің тақтаға үлгісін сызып қоюға болады. Оқушылар мәтінді іштей оқып, ақпаратты табады және жұпта бөліседі. Сыныптың кестесін толтыру мақсатында әр сұраққа оқушылар жұбы кезекпен жауап береді. Сынып оқушылары жауаптың дұрыстығын талқылайды.

Кім? (спортшы)

Қандай шара?

Спорт түрі

Жүлдесі

Зүлфия Габидуллина

Рио-де-Жанейро қаласы Паралимпиада ойындары

жүзу

алтын медаль

Раушан Қойшыбаева

пауэрлифтинг

күміс медаль

Мәтін негізінде сұрақтарға жауап беру үшін 5-6 оқушыдан топ құру, оқушыларды отырған қатары бойынша топтастыруға болады. Топта сұрақтардың жауабын талқылап дайындайды.

Ықтимал жауаптар:

 1. Астана әуежайында жанкүйерлер мен Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиадаға қатысқан спортшылардың туған-туыстары мен достары жиналды.

 2. Паралимпиада ойындары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сайыс. Спортпен айналысатын мүгедек жандар өзара сайысқа түседі.

 3. Зулфия Габидуллина алтын медаль алды.

 4. Рио-де-Жанейро қаласында олимпиада 2016 жылы өтті.

 5. Пауэрлифтинг – ауыр атлетикалық спорт түрі. «Күштік 3 сайыс» деп қазақша атауға болады. Себебі спортшылар штангыны жүрелеп отырып көтеру, штангыны жатып алып сығымдап көтеру, штангыны тарту түрінен сайысады.

 Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі негізінде ұйымдастырылады. Оқушылар 1-1,5 мин ішінде мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастырады. 1-1,5 мин ішінде жұпта сұрақтарын талқылап, бірге жетілдіріп, жұптың сұрақтарын дайындайды. Қатар тұрған партадағы оқушылармен шағын топ құрайды, сұрақтарын талқылап, жетілдіреді. Осы үдеріс барысында мұғалім топтық жұмысты бақылап, қажет тұсында бағыт беріп, жақсы идеяларды өзіне түртіп алуы керек. Топтар сұрақтарын сағат тілі бағытымен бір-біріне қояды және жауап береді. Өзара кері байланыс береді.

Саралау: оқушыларға қолдау көрсету үшін тірек сөздер «Қалай ойлайсың?», «Пікірімен келісесің бе?», «Неліктен?» немесе сұрақтар үлгісін беруге болады.

Мысалы,

1. Қалай ойлайсың Зүлфия Габидуллинаға чемпион атану жеңіл болды ма?

2. Раушан Қойшыбаева қалайша күміс медалға қол жеткізе алды?

3. Жаңалықтан қандай қорытынды жасауға болады?

Оқушылардың мәтіндегі жасырын ақпаратты табу дағдысын жетілдіру мақсатында жұбымен «Спортшылардың қайсар мінезі бар екенін мәтіннен дәлел тауып жазу» тапсырылады. Жауабы: «Алыс жолдан келгендеріне қарамастан спортшылар жанкүйерлерге өз қолтаңбаларын беріп, журналистердің сұрағына толыққанды жауап беруге тырысты.»

Өзіндік жұмыс ретінде чемпион, Зүлфия, пауэрлифтинг сөздерін буынға бөліп жазады және бағалау дескрипторы негізінде сынып оқушыларымен бірге тексереді.

 

 Қалыптастырушы бағалау

 Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін атап өтуге назар аудару. Оқушылар өзара бағалауды жүзеге асыру барысында «Қай дескрипторға сүйендің? Не себепті олай бағаладың?» сұрақтары арқылы, бағалаудың шын мәнінде жүзеге асуына көңіл бөлінуі керек.

Бағалау критерийлері

Басқаларға үйрете аламын

Қолымнан келді

Сөздердің дыбыстық құрамын ажыратып, ч әрпі бар сөздерді сауатты жаза аламын;

Берілген тақырып бойынша кесте және мәтіннен ақпарат алып, жүйелей аламын

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып және сұрақтарға жауап беремін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу