Қазақ тілі_3 сынып_2 тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_ Э дыбысы_ Әдістемелік нұсқаулық


Әдістемелік нұсқаулық

2-бөлім.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Сабақ тақырыбы Жақсы мен жаманды зерттеймін. Ээ дыбысы

Оқу мақсаттары

3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Бағалау критерийлері

  • өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
  • э әріпі бар сөздерді сауатты жаза алады;
  • бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жаза алады;

Құндылықтар Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, батылдыққа баулу

Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу, дүниетану.

Ресурстар кесте, суреттер, маркер, түрлі- түсті қарындаштар

Сабақ барысы

1 )І.Ұйымдастыру кезеңі. «Мозаика» ойыны. Сынып оқушылары төрт топқа бөлініп отырады. Топқа суреттер жинағы таратылады. Оқушылар ойын текшесін лақтырып, текше түскен суретті қатыстырып сөйлем құрастырады.

Мысалы: 1- топ Анарға ағасынан хат келді.

2- топ Вагонға жолаушылар кіре бастады.

3- топ Элеваторға астық тасыды.

4- топ Электр шамы жарқырап тұр. т.б.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

ІІІ. ) 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Оқушыларға мұғалім жұмбақ оқиды.

Жұмбақ шешу

Диқаншының еңбегін. Қысы - жазы ақтайды,Астықты тазалап,Қай жерде сақтайды? (Элеватор)Жылжымалы баспалдақ,Сатыларын бассаң нақ.Не жоғары, не төменСырғимын да жетем менКөзді жұмып, ашқанша - ақ. (Эскалатор )

- Оқушылар, э дыбысы туралы не білеміз?

- Э дыбысы қандай сөздерде кездеседі?

- Э дыбысы қандай дыбысқа жатады?

- Э дыбысы сөз ішінде қай жерде кездеседі?

Э- дауысты дыбыс,себебі өкпеден шыққан дыбыс ешқандай кедергіге ұшырамай шығады.Тілдің қатысына қарай Э дыбысы жіңішке, жақтың қатысына қарай ашық, еріннің қатысына қарай езулік.

Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерге тән. Мысалы, эврика, экватор т.б

(МК, Ө) Көркем жазу.

Мұғалім э дыбысының келесі әріппен байланысып жазылуын еске түсіреді. Тақтаға жазып көрсетеді. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Ээ Ээ Ээ элеватор, эскалатор, электр шамы

Эльмира сабаққа кешікпей келді.

Дескриптор:

- сөздерді қатесіз, сауатты көшіреді;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;

- әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады.

ІҮ.Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға бірнеше сөзді шапшаң айтады. Егер э дыбысы бар сөз айтылса, қол шапалақтайды.Э дыбысы жоқ сөз айтылса,қол шапалақтамайды.

Эльмира, Экспо, жиһаз, бала, вагон, цирк, дыбыс,чемодан,

эскимо, энциклопедия, ханшайым, электр, экскаватор, хабар Эдельвейс, гауһар ,Эленора, эксклюзив, эстафета, хор,ферма, фартук, автобус.

(Т)Ү. 3.4.1.1 э әрпі бар сөздерді сауатты жазу;

Терме диктанты

Мақсаты: «Э» әрпі бар сөздерді сауатты жазуды үйрету. Оқушылар мәтінді түгел жазбай,э әрпі бар сөз, сөз тіркестерін қатесіз көшіріп жазады.

Көшеде электр шамы жарқырайды.Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды. Балалар экран кинотеатрына билет алды. Маржан үй шаруасына епті екен.Бәрінен де қызық эстафета ойнау болды. Оқушылар аулада футбол ойнады.Қалада экспресс автобустар барар жеріңе лезде жеткізеді.Эфир майының хош иісі бар.

  • сөздердің айтылу мен жазылу ерекшелігіне мән беру;
  • эстафета сөзіне дыбыстық талдау жасау;

Қаблеті жоғары оқушылар сөйлемдерді көшіріп жазады.

Жұпта жұмыстарын өзара бағалайды.

Дескриптор:

- сөз құрамындағы э дыбысын ажыратады;

- сөздерді, сөз тіркестерін қатесіз, сауатты көшіреді;

(Ө,Ұ,Т) ҮІ. 3.2.4.1.өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

Өлеңді оқу. Қарамен жазылған сөздердің антонимдерін табу.

Оның атын кім дейміз?

- Шалбар жатыр қуыста,

Жейде жатыр бұрышта,

Бас киім мен бәтеңке

Бірге тұрса дұрыс па?!

Оның атын кім дейміз?

- Салақ бала бұл дейміз.

- Олпы-солпы кигені,

Қадамақ боп түймені,

Саусағына байқамай

Шаншып алды инені.

Оның атын кім дейміз?

- Олақ бала бұл дейміз.

- Бірін түртіп жылатты,

Бірін шалып құлатты.

Аяқ-қолда тыным жоқ

Ала құйын сияқты.

Оның атын кім дейміз?

- Тентек бала бұл дейміз.

- Атқа қарғып мінбейді,

Суда жүзе білмейді.

Көше жарық болса да,

Жалғыз өзі жүрмейді.

Оның атын кім дейміз?

- Қорқақ бала бұл дейміз!

- Күнде ұйқысы қанбайды,

Жұмсағанға бармайды.

Теледидар алдында

...краннан көз алмайды

Оның атын кім дейміз?

- Жалқау бала бұл дейміз! (Ақылбек Қожаұлы)

Қарамен жазылған сөздердің антонимдері

Салақ- ұқыпты

Олақ-шебер

Тентек-жуас

Қорқақ-батыр

Әр шумақ мәнерлеп оқытылады. Соңғы шумақтағы көп нүктенің орнындағы әріп таптырылады. Э дыбысы мен әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады.

Сызбамен жұмыс

Топтағы оқушылар сызбамен жұмыс жасайды.

(Т)«Еңбекқор бала», «ұқыпты бала», «өжет бала», «тәртіпті бала», «шыншыл бала» қандай болатындығы туралы әңгімелеу. Сызбаға салу. Сынып алдында жұмысты таныстыру.

Мұғалім әр топтың тапсырманы орындауын бақылайды. Әр топтың жұмысты таныстыруына уақыт беріледі. Топтардың бірін-бірі тыңдауы қадағаланады және өзге топтардың жауабын толықтыруларына мүмкіндік жасалады.

Топ бір-бірінің жұмыстарын стикерлер арқылы бағалап, тақтаға жапсырады.

(Ж) «Сөйлемді аяқтау» тәсілі

«Сен қандай баласың?» тақырыбында жұпта оқушылар бір-бірін тыңдап, өзара бағалайды.

«расында», «меніңше», «шынымды айтсам», «сеніңше қалай» сөздерін пайдаланып сөйлесу.

Шынымды айтсам, өзім ұқыпты баламын деп ойлаймын.Сеніңше мен қандай баламын?

Дескриптор:

  • өз бетінше мәтіннің тақырыбын анықтай алады;
  • мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;

Рефлексия. Сабақты қорытындылау. Өзін-өзі бағалау кестесін қолдану.

Бағалау критерийі

Ия

Аздап көмек қажет

Жоқ

Сөздерді қатесіз, сауатты көшіре аламын;

Көркем жаза аламын;

Э әрпі бар сөздерді жаза аламын;

Негізгі ойды анықтай аламын;

Қосымша әдебиеттер

  • 2018-2019 оқу жылында қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.Астана.2018.
  • Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
  • «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
  • Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітап
  • Балдырған журналдары


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу