1. Қазақ тілі_3-сынып_2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_26-сабақ Ф дыбысы_ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар 2-бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

26-сабақ. Ф дыбысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
  • үлгі негізінде құрамында ф дыбысы бар сөздерді есте сақтап, сауатты жазады;
  • берілген тақырып бойынша сызбадан маңызды ақпаратты бірлесіп іріктеп, жүйелеп жеткізе алады

Оқушылардың көпшілігі:

  • мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
  • сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, ф әрпі бар сөздерді сауатты жазады;
  • берілген тақырып бойынша сызбадан маңызды ақпаратты іріктеп, жүйелеп жеткізе алады.

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
  • сөз құрамында ф әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;
  • берілген тақырып бойынша сызбадан маңызды ақпаратты іріктеп, жүйелеп, қызықты түрде жеткізе алады.

Бағалау критерийлері

- өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;

- құрамында ф әрпі бар сөздерді сауатты жазады;

- берілген тақырып бойынша сызбадан маңызды ақпаратты іріктеп, жүйелеп жеткізе алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: қатаң дауыссыз дыбыс,

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Құндылықтар

Қоғамдық орындарда байланыс құралдарын пайдалану мәдениетін сақтауға баулу

Пәнаралық байланыстар

АКТ

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Дауыссыз дыбыс түрлері, өзге тілден енген сөздер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут)

(Ө,Т) «1 минуттық жазу».

Құрамында «в» дыбысы бар сөздер

Құрамында «ф» дыбысы бар сөздер

Ықтимал сөздер: фестиваль, физика, фильм, флейта, фотокамера, фойе, футбол, асфальт, телефон, шкаф, ваза, ванна.

Топта идея алмасу. Сөз қатарын толықтыру.

(Ұ) Байланыс құралдары «Топтастыру». Ф дыбысының ерекшелігін анықтау. Сабақ мақсатын хабарлау.

 4-слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2-3 слайд

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең

3 минут

5 минут

12 минут

3 минут

3 минут

5 минут

Көркем жазу: Фф, Фариза фортепиано мектебінде оқиды.

3.2.4.1 ; Т; Қ) 27-жаттығу. Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтау. Маңызды ақпаратты іріктеу. Ф дыбысы бар сөздерді табу.

1-тапсырма: мәтіннен ф дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

2-тапсырма:

  • Мәтіннен маңыздылығына қарай 3 мәліметті белгіле. Неліктен бұл ақпарат маңызды деп ойлайсың?
  • Телефонды алғашқы рет кім ойлап тапты?
  • Микротелефон деген не?
  • Телефон қалай жұмыс істейді?
  • Алғашқы телефонды қай ғасырда ойлап тапты?

Бағалау дескрипторы:

  • құрамында ф әрпі бар сөздерді сауатты жазады;
  • мәтіннен маңызды мәліметті іріктейді;
  • негізгі ойды тұжырымдай алады.

3.2.5.1 (Т) Шартты белгілер нені білдіреді?

Ұсынылған сурет пен белгілерден ақпарат алу және оны жүйелеу дағдысын қалыптастыру мақсатында тапсырма ұйымдастырылады. «Ұялы телефонды пайдалану» жөнінде нұсқаулық дайындау.

1-тапсырма «Дұрыс және бұрыс»

Ақпарат

Ия

Жоқ

3-сурет мобильді телефонды қолдануға рұқсат белгісі

6-сурет – қоғамдық көліктерді білдіреді

4 сурет – оқушылардың жеке жұмысын білдіреді.

5-сурет - қатты сөйлеуге рұқсат етеді.

2-тапсырма: Байланыстарды анықтау.

1. Қоғамдық көлік пен ұялы телефон қалай байланысты бола алады?

2. Дастарқан басында ұялы телефонды қолданудың бір-біріне кері әсері болуы мүмкін бе?

3. Топ мүшелері қандай жағдайда телефонды қолдана алады?

3-тапсырма: Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Қоғамдық орындарда ұялы телефондарды пайдалану туралы талқылаулар жасап, алдын ала таратылған флипчарттарға нұсқаулық жазады. Жұмыстарын топта жариялап, іледі.

(Ө; Ұ; Қ) Өзара бағалау. «Галереяны шарлау» әдісі. Басқа топтардың жұмыстарымен танысу. «2 жұлдыз 1 тілек» әдісі. Стикерлерге бағалау критерийлеріне сәйкес бағалап, өз пікірін жазып, постерлерге жабыстыру.

Бағалау дескрипторы:

  • суреттен маңызды ақпаратты іріктей біледі;
  • алынған мәліметті жүйелі жеткізе алады.

Сергіту сәті. «Сиқырлы телефон» ойыны. 3 қатар оқушылары құрамында ф дыбысы бар сөздерді атайды. Мысалы: шкаф, флейта, фикус ...

3.4.1.1 (МК;Ө;Қ) 28-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Қосымша тапсырма: Сөздік жұмысы: керекті сөздер қатырынан жаңа сөзді іріктеу. Мағынасын анықтау.

Өзін-өзі тексеру және өзара тексеру. Қате түрлері сыныппен талқыланады.

 5 слайд

 Оқулық 54-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 6-слайд

 Қосымша 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 7-слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

Рефлексиялық-бағалау кезеңі 5 минут

(Ө; Қ) Рефлексия «Стикер» әдісі.

Бағалау критерийлері бойынша:

  • Мен не үйрендім?
  • Маған ... қиын болды?
  • Мен ... үйренгім келеді?

Үйге тапсырма: 30-жаттығу- ребус шешу. Құрамында ф дыбысы бар сөзге ребус құрастыру.

 8-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ресурстар арқылы қолдау.

Өзін-өзі бағалау.

«2 жұлдыз 1 тілек» әдісі.

«Сиқырлы телефон» сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу