Қазақ тілі_3 сынып_2 тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_Э дыбысы_Дидактикалық материал


2-тарау. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Дидактикалық материалдар

Сабақ тақырыбы: Жақсы мен жаманды зерттеймін.Ээ дыбысы

Қосымша №1

Қосымша №2

Жұмбақ шешу

Диқаншының еңбегін. Қысы - жазы ақтайды,Астықты тазалап,Қай жерде сақтайды? (Элеватор)

Жылжымалы баспалдақ,Сатыларын бассаң нақ.Не жоғары, не төменСырғимын да жетем менКөзді жұмып, ашқанша - ақ. (Эскалатор )

Қосымша №3

Сергіту сәті

Эльмира, Экспо, жиһаз, бала, вагон, цирк, дыбыс,чемодан,

эскимо, энциклопедия, ханшайым, электр, экскаватор, хабар Эдельвейс, гауһар ,Эленора, эксклюзив, эстафета, хор,ферма, фартук, автобус.

Қосымша 4

Өлеңді оқу. Қарамен жазылған сөздердің антонимдерін табу.

Оның атын кім дейміз?

- Шалбар жатыр қуыста,

Жейде жатыр бұрышта,

Бас киім мен бәтеңке

Бірге тұрса дұрыс па?!

Оның атын кім дейміз?

- Салақ бала бұл дейміз.

- Олпы-солпы кигені,

Қадамақ боп түймені,

Саусағына байқамай

Шаншып алды инені.

Оның атын кім дейміз?

- Олақ бала бұл дейміз.

- Бірін түртіп жылатты,

Бірін шалып құлатты.

Аяқ-қолда тыным жоқ

Ала құйын сияқты.

Оның атын кім дейміз?

- Тентек бала бұл дейміз.

- Атқа қарғып мінбейді,

Суда жүзе білмейді.

Көше жарық болса да,

Жалғыз өзі жүрмейді.

Оның атын кім дейміз?

- Қорқақ бала бұл дейміз!

- Күнде ұйқысы қанбайды,

Жұмсағанға бармайды.

Теледидар алдында

...краннан көз алмайды

Оның атын кім дейміз?

- Жалқау бала бұл дейміз! (Ақылбек Қожаұлы)

Сызба

Қосымша №5

Қосымша №6

Бағалау критерийі

Иә

Аздап көмек қажет

Жоқ

Сөздерді қатесіз, сауатты көшіре аламын;

Көркем жаза аламын;

Э әрпі бар сөздерді жаза аламын;

Негізгі ойды анықтай аламын;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу