1.Қазақ тілі_3-сынып_2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_25-сабақ Ф дыбысы_ҚМЖ
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | 25-сабақ. Ф дыбысы | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу; 3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау; 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау. | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері | - ф әрпі бар сөздерді сауатты жазады; - жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы анықтай алады; - мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің соңын болжай алады. | ||||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||||
Құндылықтар | Еңбекке баулу | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||||||
Бастапқы білім | Дауыссыз дыбыс түрлері | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы І. Бағдарлау-мотивациялық кезең (5 минут) | (Т) Сөзжұбақ шешу. Оқушылар үй тапсырмасы ретінде орындаған сөзжұмбақтарды шағын топтарға тарату. Оқушыларды қатар тұрған 2 парта оқушыларын біріктіру арқылы топ құрау. Сөзжұмбақ шешуін таныстырады. Сабақтың мақсатын хабарлау және бағалау критерийлерін бірлесіп белгілеу. |
2-3 слайд | |||||||||
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (30 минут) 3 мин 5 мин 4 мин 4 мин 1 мин 3 мин 5 мин 5 мин | 3.4.1.1 (МК; Ұ,Т) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Ф дыбысы туралы білетінін еске түсіру. 24-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табады (ф әрпі). Ф дыбысы туралы білімін еске түсіру. Артикуляциялық жаттығу: п-ф дыбыстарын салыстыру 3.4.1.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Есте сақтау диктанты. Өлеңді жатқа жазу. Ф әрпі бар сөздерді сауатты жазу. 25-жаттығу. Өлеңді жатқа жазу қадамдары: 1. Тақтаға өлеңді жазып қою немесе оқулықты қолдану. 2. Өлеңді оқу үлгісін көрсету. 3. Өлеңнің тыныс белгілеріне назар аудару. 4. Өлеңді жаттау (1 минут). 5. Жатқа жазу 6. Құрамында ф әрпі бар сөздің астын сызу. 7.Жазған өлеңді оқулықпен тексеру. Жұппен жұмыс жүргізіледі. Орындалған жұмысты өзара бағалау іске асырылады. Бір-бірінің жұмыстарын өлең мәтіні бойынша тексеріп, қате кездескен жағдайда астын жай қарындашпен сызып белгілейді. Сыныпта жиі жіберілген қате түрімен арнайы қатемен жұмыс ұйымдастырылады. 3.2.5.1 (МК; Ө; Ұ) Өлеңдегі ф дыбысы бар сөздердің мағынасын дереккөздерден іздеу. Өлеңдегі ф дыбысы бар фойе, фестиваль, Фатима, финал, флейта сөздерінің мағынасын дереккөздерден іздейді. Флейтаның қандай аспап екенін талқылап, тағы қандай музыкалық аспаптарды білетінін айтады. Ф дыбысы туралы білімдерін пысықтап, тұжырымдарын оқулықта берілген ақпаратпен салыстырады. Ой қорытындысын жасайды. Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген жалқы есім мен жалпы есімдерде жазылады. Мысалы: Файзолла, Фатима, Мұстафа, Фархад, саф. «1 минуттық жазу» құрамында ф әрпі бар сөздер қатарын жазу. Дескриптор:
Саралау Құрамында ф дыбысы кездесетін жалпы және жалқы есімдер кестесі. Сергіту сәті. Көзге арналған тренажер 3.1.2.1 (МК; Ө, Ж; Қ) Болжау. «Ойлан. Жұптас. Пікірлес» әдісі. «Бұзау әкелу» тақырыбы бойынша берілген сурет арқылы мәтін мазмұнын болжау. Қалай ойлайсыңдар, мәтін не туралы болуы мүмкін? Футбол добы мен бұзаудың қандай байланысы болу мүмкін? Футбол добы, бала, футбол алаңы суреттері. (Ұ, Ж,Т) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді тыңдау. Мәтінге ат қою. 26-жаттығу. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. - Мәтіннің тақырыбы неліктен «Доп ойнаймын» деп аталған? - Осы мәтіннен өзің үшін қандай қорытынды жасар едің? - Өзенбайға кешіріммен қарауға 2 дәлел келтір. - Өзенбайға кемшілігін жою үшін кеңес бер. (Ө; Ұ, Қ) Мәтіннің соңын болжау. «Автор орындығы» стратегиясы бойынша мәтінді өзі жалғастырып, қалай аяқтайтынын болжайды. Оқулықта берілген қай жауап өзіне ұнағанын айтып, себебін түсіндіреді. Дескриптор:
| Қосымша 1 4-5 слайд
6-слайд
7-слайд
Қосымша 2 8-слайд
9-слайд https://www.youtube.com/watch?v=lfyPXUs3C3c 10-слайд Қосымша 3
11-слайд
| |||||||||
Сабақтың соңы Рефлексиялық-бағалау кезеңі 5 мин | (Ө; Қ) Бағалаудың критерийлеріне сәйкес өзін-өзі бағалау. Кестеде + немесе – таңбаларымен белгілейді. Оқушылар өзара неліктен олай бағалайсың? Бағалауыңа не негіз болды? т.с.с сұрақтар қойып нақтылау арқылы бағалаудың әділдігін қамтамасыз етеді. МҰғалімнің кері байланыс беруі. Үйге тапсырма: Өзенбайдың іс-әрекетін отбасы мүшелері қалай бағалайды екен? Отбасында мәселені талқылап келу. | 12-13 слайд | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Тапсырманы орындау қарқыны арқылы ескеріледі. | Өзін-өзі бағалау. Өзара кері байланыс. | Көз тренажеры, белсенді оқыту әрекеттері | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?