1. Қазақ тіл_3-сынып_2-тарау Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_23-сабақ Э дыбысы_ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

23-сабақ. Э дыбысы.

Әңгімелеу мәтінін жазып үйренемін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу;

3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

- үлгі негізінде есте сақтап құрамында э дыбысы бар сөздерді сауатты жазады;

- жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып әңгімелеу мәтін құрап жаза алады

Оқушылардың көпшілігі:

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

- сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;

- жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;

Оқушылардың кейбірі:

- тыңдаған материалынан тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

- сөз құрамында э әрпі бар сөздерді сөйлем құрамында сауатты жазады;

- жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады

Бағалау критерийлері

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

- берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтайды;

- э әріптері бар сөздерді сауатты жазады;

- жоспар және тірек сөздерді қолдана отырып әңгімелеу мәтінін құрап жазады

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

әңгімелеу мәтіні, абзац, жоспар, тірек сөздер, ЭКСПО, болашақ энергиясы, ТМД

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • ЭКСПО көрмесі қай уақыт аралығында өтті?
  • ЭКСПО-ның басты ғимараты қалай аталады?
  • Көрмеге қанша мемлекет қатысты?

Құндылықтар

Өз Отанын тану, маңызды тарихи оқиғаларын білу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Сандық ресурстар арқылы мәлімет іздеу

Бастапқы білім

Дауысты және дауыссыз дыбыс түрлері.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең

5 минут

(МК) Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын таныстыру.

(Ж, Ұ, Ж, Қ) «Бинго» ойыны. Сөз қоржынын толтыру. Белгіленген уақыт аралығында достарынан құрамында э дыбысы бар 10 сөз сұрап, жазып алу керек.

Оқушылар есімі

Құрамында э дыбысы бар сөздер

1. Еркін

элеватор

2.

экскалатор

3.

Шарты. Сөзді қайталап жазуға болмайды:

Сұқбат барысында сөйлеу мәдениетін сақтау.

Жұпта бір-бірінің жұмысын тексеру.

«Бас бармақ» - өзара бағалау.

(МК) Қорытындылау:

  • Э дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
  • Э қандай дыбыс?

Артикуляциялық жаттығу. Дыбысты дұрыс дыбыстау.

 2-3 слайд

 

 4-слайд

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең

(30 минут)

2 минут

2 минут

2 минут

3 минут

2 минут

3 минут

4 минут

12 минут

Көркем жазу. Ээ, эл, экс-

(Ө; ОТ; Қ) 17-жаттығу. Есте сақтау диктанты. Э әрпі бар сөздерді сауатты жазу. Сөздердің мағынасын түсіндіру. Таңдаған сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Дескриптор:

  • құрамында э әрпі бар сөздерді қатесіз жаза алады;
  • жазу барысында әріптердің байланысын сақтайды.

(Ө; Қ) Құлыптағы жасырынған сөздерді тауып оқу.

Құлыптағы жасырынған сөзді тауып оқу үшін бос торкөздерге кілттегі тиісті әріптерді жазады.

Шешуі: болашақтың энергиясы.

Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.

Саралау

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында «Болашақтың энергия көзі не болуы мүмкін? сұрағын талқылау.

Сргіту сәті. «Теңіздегі капитан».

Оқушылар ойын шартымен таныстырылады. Мақсаты: байқампаздыққа, шапшаңдыққа, бір-бірінің әрекетін бақылампаздық қалыптастыру.

«Теңіздегі капитан» дегенде, қозғалысқа түседі.

«Су» дегенде, 3 оқушы орталарына бір оқушыны алып шеңбер жасап тұрады.

«Түскі ас» дегенде, 4 оқушыдан бірігіп, тамақ ішу сәтін бейнелейді.

«Палуба» дегенде, жұптасып қимылдау керек

3.2.5.1 (Ө; Ж,Т, Ұ) 16-жаттығу. «Инсерт» әдісі Мәтінді оқу. Жаңа сөздердің мағынасын ашу. Дереккөздерден мәлімет табу.

Сұрақтарға жазбаша жауап беру.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен э дыбысы бар сөздерді теріп жазу. Жаңа сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтау: ЭКСПО, ТМД, энергия, эфир.

2-тапсырма. Оқулықта берілген сұрақтарға мәтіннен жауабын табу. Мәтіндегі маңызды мәліметті анықтау.

(Т) Дереккөздерден мәлімет табу.

ЭКСПО көрмесі қай уақыт аралығында өтті?

ЭКСПО-ның басты ғимараты қалай аталады?

Көрмеге қанша мемлекет қатысты?

Саралау

Үлестірме ретінде ЭКСПО көрмесі туралы шағын мәтін, брошура ұсыну

Дескриптор:

- сұраққа дереккөздерден жауап таба алады;

- жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы таба алады;

(МК,Ұ, Ж,Ө,Қ) «ЭКСПО-2017 көрмесі» тақырыбы бойынша әңгімелеу мәтінін құрап жазу. «Бірлесіп жазу» әдісі. Астанадағы ЭКСПО көрмесі туралы маңызды қандай мәліметтер білдім? Талқылау. Бірлесе отырып, тірек сөздер белгілеу. Жоспар құру.

Тірек сөздер үлгісі: бүкіләлемдік, Нұрлы әлем, болашақ энергиясы.

Мұғалімнің басшылығымен әңгімелеу мәтінінің алғашқы сөйлемін жазу. Жұпта ақылдасып екінші сөйлемді жазу. Ары қарай өзі жалғастыру.

Орындалған жұмыстарын оқып таныстыру.

Сөйлемнің дұрыс құрылуын тексеру.

Айтар ой түсінікті ме?

Сөйлемдер өзара байланысты құрастырылған ба?

Өзара жұмыстарын тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Саралау.

Қатемен жұмыс ұйымдастыру.

Дескриптор:

- ақпараттың маңызды тұстарын жазба жұмысында қолдана алады;

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- әңгімелеу мәтіні құрылымын сақтайды;

- сөйлемдерді өзара мағыналық байланыстыра алады;

 5-слайд

 

 

 

 

 

 №1 Жұмыс дәптері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 6-слайд

 

 

 

 

 7-слайд

 

 

 

 

 

 

Қосымша №2.

 8-слайд

 

 

Сабақтың соңы

Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)

(Ө;Ұ) Рефлексия.

Өзін-өзі бағалау кестесі негізінде жүзеге асыру

Үйге тапсырма: 18-жаттығу

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың қабілетін ескеріп, дереккөздер ретінде бейімделген мәтін ұсыну.

Қабілеті жоғары оқушыларға «Болашақтың энергия көзі не болуы мүмкін? сұрағын ұсыну.

Өзара бағалау – «Бас бармақ».

Өзін-өзі бағалау кестесі

Қолдау қажет ететін оқушыларға келесі сабаққа «Бағытталған жазу» ұйымадстыру

«Теңіз капитаны» сергіту сәті

Белсенді оқыту іс-әрекеті: Бинго.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу