Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_ Қыстырма сөз_Дидактикалық материал


Қосымша №1

Көру диктанты

Ата, Қарагердің үйірі қашан келеді?

- Е, балам, сәті түскен күні келеді, - деді атасы

-Ата, Күреңтөбел аман-сау келсе, өзім білдіремін, - деді Жарас.

-Жарасжан, Күреңтөбел саған көне қоймас, асау ғой, - деді атасы.

Қосымша №2

2-тапсырма Мәтінді рөлге бөліп оқу. Тыңдарманның назарын өзіне аудару.

Жер-АНА

Бейбіт бақша ішіндегі жерді қопарып ойнап жүр еді, бір қария:

-Әй, балам, жерді неге қорлайсың? Ол сенің анаң ғой,- деді.

Таңғалған Бейбіт:

  • Менің анам үйде, аты-Зейнеп, -деді.
  • Балам, онда сол Зейнеп анаңнан сұра, түсіндіреді, -деп қария кете берді.

Бейбіт үйге келіп, анасынан Жер-ана туралы сұрады.

-Балам-ай, ол кісі саған дұрыс айтқан. Жер-бәріміздің анамыз. Онсыз өмір жоқ. Жер-Ана дейтін себебіміз- ішетін суымыз, жейтін нанымыз жердікі. Адамға қажеттінің бәрі жерден шығады...

Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады. Түстен кейін бақшаға барып, шашып ойнаған топырақты тегістеді.

(Қ. Сәрсекеев)

Қосымша №3

1.Әрине,еңбексіз ер де, жер де көгермейді.

2.Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы!

3. Меніңше, бұл өте мықты адам.

Еңбексіз ер де, жер де көгермейді.

2.Биыл егіннің шығымы өте жақсы.

3.Бұл- өте мықты адам.

Қосымша №4

Графикалық сызбамен жұмыс

  • Қыстырма сөздері бар сөйлемдердің графикалық сызбасын сызу. Сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.

(қыстырма сөздердің тыныс белгілеріне назар аудару және одан қорытынды шығару.)

_____ ______ _____ ______ , ______.

______ , _______ ______ ______ ______.

____ ______ ,______, ______ _____.

_______ ______ ______ ,______ , ______.

Қосымша №5

  • «Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбында көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін ауызша құрастыру.

(«Біріншіден», «екіншіден», «үшіншіден», «меніңше», «шындығында» т.б. қыстырма сөздері арқылы «Адамдар Жанды табиғатсыз өмір сүре ала ма?» тақырыбында пайымдау мәтінін ауызша құрастыруды ұйымдастыру.)

Жауап:

Менің ойымша, адамдар жанды табиғатсыз өмір сүре алмайды.

Себебі, барлық тіршілік иелері, тығыз байланыста болады.

Мен оны былай дәлелдеймін, адамдар аң-құс етімен қоректенеді, жеміс-жидектерін жейді, терісін өңдеп киім тігіп киеді.

Қорытындылай келе, адам және табиғат егіз.

Қосымша №6

Егер оқушыларға сабақта бәрі түсінікті болса- ,

түсінбеген жерлері болса- ,

бәрі түсініксіз болса- көтереді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу