Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№3 сабақ_Мәтін


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Тыңдалым және айтылым:

Бөлім: Жанды табиғат

Жанды табиғат туралы не білетінімді еске түсіремін

Сабақ тақырыбы

3-сабақ. Мәтін

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К.

Күні:

Сынып: 3 «А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • мәтіннен тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
  • мәтін түрлерін және және оның құрылымдық бөліктерін тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы анықтай алады;
  • түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы аша алады, маңызды тұстарын анықтай біледі;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады

Оқушылардың көбі:

  • тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • тірек сөздер/көмекші сөздер негізінде мәтін түрлерін ажыратып, оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
  • жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтайды;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады

Оқушылардың кейбірі:

  • тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
  • тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін және оның құрылымдық бөліктерін анықтап, дәлелдей біледі;
  • дереккөздерден алынған түрлі ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады, нақты жүйелей алады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

Бағалау критерийлері

  • тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • тірек сөздер арқылы мәтін түрлерін ажыратып, оның құрылымдық бөліктерін анықтайды;
  • берілген тақырып негізіндегі ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашады, жүйелейді және мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтайды;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздер

Мәтін түрлері, құрылымдық бөліктері, тақырыбы, негізгі ойы

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Мәтін жоспарын құруда нені басшылыққа аласың?

Мәтіннің құрылымдық бөліктері туралы қандай ойдасың?

Құндылықтарды дарыту

Табиғатқа қамқор болуға баулу;

Оқушыларды жанашырлыққа, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырата алады.

Мәтін түрлерін ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

2 минут

7 минут

3 минут

7 минут

6 минут

4 минут

3 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ширату жаттығуларын жасату

(Ұ, Ж, қ) «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

Мәтінге тән белгілерді есімізге түсірейік

Мақсаты: Мәтін туралы, мәтінге тән белгілерін, білімдерін ой елегінен өткізіп, қайталату. Оқушылардың тыңдалым дағдыларын, сыни ойлауын дамыту, қызығушылығын арттыру.

Мысалы:Негізгі ой, әңгімелеу, сипаттау т.б

  • Қайда? Бұл терминдерді сендер бұрын қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңдер?
  • Қалай? Өз тәжірибелеріңнен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласың ба?
  • Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?

Оқушылар осылайша мәтінге тән белгілерге басты назар аударып, ой тұжырым жасайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

І1. Негізгі бөлім

(МК,Ө) Көркем жазу. Әріп элементтері мен сөздер, сөздерден сөйлем құрап жазу. (Алфавиттік сөйлемдер жазуға болады)

(Т,Ұ,қ) Оқушыларға мәтін тақырыбы мен тірек сөздер беріледі.

Мақсаты: Тірек сөздерді пайдалана отырып, жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастыра білуге үйрету;

Тапсырма

  • Берілген тақырып пен тірек сөздерді оқы.
  • Тірек сөздерді пайдаланып, жоспар бойынша әңгіме құрастырып айт.

Бағалау дескрипторы:

  • тірек сөздерді орынды пайдаланады;
  • жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
  • мәтін түрлерінің ерекшеліктерін біледі.

Сергіту сәті «Көңілді күн» https://www.youtube.com/watch?v=beeh9s5ILYY

(Ө, Т, Ж, қ) Мәтінмен жұмыс.

12-жаттығу. Мәтінді тыңда.

  • Мәтін кейіпкерлерін сипаттап жаз.
  • Мәтіннен тірек сөздерді тап.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтіннің не туралы екенін анықтайды;
  • тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді табады,
  • ашық және жабық сұрақтар құрастырады, жауап береді;
  • кейіпкерлерді сипаттап жазады;
  • қарамен жазылған сөйлем туралы өз пікірлерін айтады;
  • жазу қарқынын жеделдете отырып, дұрыс жазады.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс.

Дүниежүзі сөзінің жазылуына назар аудар.

(ЖЖ, Т, Ж, қ) Мәтінмен жұмыс. Өрісте.

• Мәтін не туралы?

• Мәтінге ат қой___________________________________

• Мәтін арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсың?

Қандай мәтін түріне жатады?

• Мәтіннен қандай ой түйдің?

Бағалау дескрипторы:

- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

- мәтінге ат қояды;

- мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады;

- мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасайды.

. Ж. Ө. Ж.) Шығармашылық үзіліс

13-жаттығу. Мәтінді оқып, бөліктерді дұрыс қалыпқа келтір.

  • Әже аспанға кім түтін жіберді?
  • Бұлт қой ол. Түтін емес.
  • Жоқ, түтін. Өзіңіз дұрыстап қараңызшы.
  • Үлкен кісі де көк жүзіне назар салды.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс.

Зеңгір, шарбы бұлт, түтін сөздерінің мағынасын анықтау.

ЗЕҢГІР  - синоним сөздер: биік, жоғары, заңғар, асқар, зәулім.

ТҮТІН - Оттан будақтап таpайтын көкшiл немесе қаpа қошқыл тұман сияқты зат. 

ШАРБЫ БҰЛТ - жер бетінен 2-3 шақырымдай биіктікте болатын жұқалаң селдір бұлт.

Сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

Өзіндік жұмыс 14-жаттығу.

13-жаттығу мәтінінде берілген әже мен немересінің диалогін қатесіз, көшіріп жаз.

Диалогті өздерің ауызша жалғастырыңдар.

Бағалау дескрипторы:

- мәтіндегі бөліктерді қалпына келтіреді;

- мәтіннің түрін анықтайды;

- жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы біледі;

- әже мен немересінің диалогін қатесіз, көшіріп жазады;

- диалогті өздері ауызша жалғастырады;

- әріптердің биіктігін сақтап, көлбеу, біркелкі, шапшаң жазады.

3 слайд

дәптер

4 слайд

А4 қағаз

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабае

ва А., «Атамұра баспасы» 2018 ж

дәптер

5 слайд

интерактивті тақта

6 слайд

7 слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеймін, ашық және жабық сұрақтарға жауап бере аламын;

тірек сөздер арқылы мәтін түрлерін ажыратып, оның құрылымдық бөліктерін анықтаймын;

берілген тақырып негізіндегі ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы аша аламын, жүйелеймін және мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтай білемін;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазамын

Үй тапсырмасы

№1 жұмыс дәптері. «Қасқыр қандай аң?» деген сұраққа жауап беретін және қасқырды суреттей алатын тақырыптық сөздерді тауып жазу

8 слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Топтық жұмыс барысында берілген суретке, тірек сөздер арқылы, жоспар бойынша мәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, мәтін түрлерін құрауда түсінгенін көрсете алуын бағалау. Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу