1. Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№10-сабақ_Мәтін және оның түрлері_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Жанды табиғат

10-сабақ. Тақырыбы Мәтін және оның түрлері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жарылғасова Ж.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.4.1.өзбетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің қолдауымен негізгі ойды анықтау;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау.

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

-контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін дайын материалдарды пайдаланады.

Оқушылардың көбі:

-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады.

Оқушылардың кейбірі:

-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын тәжірибе арқылы ашады.

 Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің тақырыбын қояды.
  • Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
  • Таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіреді.
  • Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Қай мәтінде иттер туралы нақты фактілер бар?

Қай мәтін көркем мәтінге жатады?

Ит неліктен жеті қазынаның бір саналады?

 Құндылықтар

Жануарларға қамқор болу, оларды қорғау.

 Пәнаралық байланыс

Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады.Әдебиеттік оқу, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ қолдану дағдылары

Компьютер/ноутбук

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін. Мәтін түрлері, стиль, жанр түрлері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында «Коллаж әңгіме» стратегиясы бойынша «Ит не деп айтты деп ойлайсың?» тақырыбында жұмыс жүргізіледі. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салып, сыныпқа ұсынады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Интерактивті тақта

Суреттер

https://book24.ru/upload/iblock/08c/08c6a48bcbb12dd9ad959d309d5bdb9c.jpeg

Сабақтың ортасы

30 минут

2 минут

14 минут

3 минут

1 минут

10 минут

1.(МК; Т; Қ) Оқушылардан, ең алдымен, иттер туралы мәліметті немесе иттер туралы жазылған әңгімелерді қайдан оқып білуге болатындығы сұралады. Тапсырманы «Миға шабуыл» әдісі арқылы жүргізіледі.

Оқушылар ғылыми-танымдық мәтін (ғылыми стиль), көркем мәтін (көркем әдебиет стилі) түрлерін еске түсіреді.

3.2.4.1 (МК;Т)Топқа бөліну. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

Оқушыларға оқулықтан 38 және 39-жаттығуда берілген ит туралы екі мәтінді оқу тапсырылады. Оқушылар алдымен іштей оқиды. Қабілеті жоғары оқушылар мәтін бойынша тірек сөздерді табады.Жұмыстарын топта жариялап, дәлелдеулер жасайды.

- Мәтіннің тақырыбын басқаша қалай қояр едіңдер?

- Мәтіннің негізгі ойы қандай?

Мәтіннің тақырыбы

Мәтіннің негізгі ойы

1-мәтін

2-мәтін

Дескриптор:

- Мәтінге тақырып қояды.

-Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

«Венн диаграммасы» арқылы берілген екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, дәлелдеулер жасайды. Мәтіннің қайсысы ит туралы нақты фактілер берілгенін, қайсысы көркем мәтін екенін анықтап, дәлелдеулер жасап, ой қорытады.

3. Қорытындысын кестеге түсіреді.

Сұрақтар

1-мәтін

2-мәтін

1.Мәтіннің қай түріне жатады?

2. Мәтін қай стильде жазылған?

3. Мәтін қай жанрға жатады?

4. Сергіту сәті жүргізіледі.«Иттер мен күшіктер»ойыны ойналады.

5. Оқулықтан 39-жаттығу орындалады. Оқушылар мәтінді қатесіз әрі көркем жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазулары қадағаланады.

Қабілеті жоғары оқушылар сөйлемдердің мағынасын өзгертпей көмекші сөздерді қолдана отырып, пайымдау мәтінін құрастырады.

3.2.5.1 (МК; Т) Түрлі дереккөздерден ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Тапсырма «Жарнама жаса» әдісі арқылы топта орындалады. Топтағы оқушылар «Жас зерттеушілер» мүшелері иттерді таныстыру туралы жарнама қағазын дайындап, ұсынулары тиіс. Оқушылар алдымен берілген таныс емес сөздер иттер туралы мәліметтерді ақпарат көздерінен, сондай-ақ өз тәжірибелері арқылы мағынасын ашады. Сол бойынша жарнама жасалады. Соңынан оқушылардың жұмыстары «Сөйлейтін қабырғаларға» іліп қойып, талдау жүргізіледі.

-Қай топтың жарнамасын сәтті деп айта аламыз?

-Неліктен ол топтың жарнамасы сәтті шыққан деп ойлайсың?

-Өз жарнамаларыңнан нені өзгертер едіңдер? сұрақтары арқылы кері байланыс жасалады.

Дескриптор:

-таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады;

- мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтай алады;

- жарнама қағазын құрастырады;

- ерекше идея ұсынады.

Суреттер

Оқулықпен

Қағаз,түрлі түсті маркерлер.

Кесте

Оқулық

Оқулық, энциклопе

дия, ноутбук

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. Сабақты қорытындылауда өзін-өзі бағалау кестесі қолданылады.

Бағалау критерийі

Иә

Көмек қажет

Жоқ

Мәтіннің тақырыбын анықтай аламын

Мәтіннің негізгі ойын анықтай аламын.

Таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдалана аламын.

Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтай аламын.

Көркем жазу қолымнан келеді

Үй тапсырмасы Оқулықтағы 40-жаттығу орындалады. Екі мәтінді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Қабілеті жоғары оқушылар

сөйлемдердің мағынасын өзгертпей көмекші сөздерді қолдана отырып, пайымдау мәтінін құрастырады.

Оқу мақсаты бойынша алған білімді қорытынды бағалау жүргізілді. Ұғыну кезеңінде оқушылар объектілерді білу, түсіну, қолдану дағдысын бағалау мүмкіндігін беретін критерийлер бойынша бағаланады. Сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытады.

Сергіту сәті өткізіледі.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Итпен бірге жүргенде, итті көргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу