2. Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№9-сабақ_Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері_Презентация


Қазақ тілі

3-сынып

Тарау аты Жанды табиғат

№9-сабақ

Сабақ тақырыбы Мәтін түрлері.

Мәтіннің құрылымдық бөліктері

(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып.Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж.)

Құрастырған Жарылғасова Ж.М.

Сабақ тақырыбы

Мәтін түрлері

Мәтіннің құрылымдық бөліктері

Мақсат

1. Мәтіннің тақырыбын қою;

2. Мәтіннің негізгі ойын анықтау;

3. Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін ажырату;

4.Пайымдау мәтінінің құрылымдық бөліктерін анықтау;

5.Қате берілген сөздерді түзетіп, сауатты жазу.

Орфографиялық минут

1) қарыны- қарны

2) танертен – таңертең

3) азықын – азығын

4) диін - дейін

1-мәтін

Жайын - жалқау балық. Ол екі ұртындағы ұзынша келген мұртшаларын құрт тәрізді жыбырлатады.Себебі оны балықтар құрт екен деп жемекші болғанда, аңдып тұрған жайын оларды жеп үлгіреді. Демек жайындар жемін осылайша аулайды.

2-мәтін

Сүңгуір тұқымды иттер болатынын білесің бе? Олар суда жақсы жүзіп, сүңги алады. Сол себепті оларды адамдарды судан құтқару үшін арнайы үйретеді.

3-мәтін

Құлагер – жылқының аты. Сол себепті Құлагер сөзі бас әріппен жазылады. Демек ереже бойынша кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар бас әріппен жазылады.

Пайымдау мәтінінің бөліктері

Дәлелденетін пікір

Дәлелдеу

(өйткені, себебі, неге десеңіз)

Қорытынды пікір

(сондықтан, демек, сол себепті)

Пайымдау мәтінінің құрылымдық бөліктері

Жайын - жалқау балық. Ол екі ұртындағы ұзынша келген мұртшаларын құрт тәрізді жыбырлатады.

Неліктен?Оны балықтар құрт екен деп жемекші болғанда, аңдып тұрған жайын оларды жеп үлгіреді.

Демек жайындар жемін осылайша аулайды.

Пайымдау мәтінінің құрылымдық бөліктері

Сүңгуір тұқымды иттер болатынын білесің бе?

Олар суда жақсы жүзіп, сүңги алады.

Сол себепті оларды адамдарды судан құтқару үшін арнайы үйретеді.

Пайымдау мәтінінің құрылымдық бөліктері

Құлагер – жылқының аты.

Сол себепті Құлагер сөзі бас әріппен жазылады.

Демек ереже бойынша кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар бас әріппен жазылады.

Дәлелденетін пікір

Себептері

Қорытынды

Пайымдау мәтінінін құру

1.Дәлелденетін пікір

Құмырсқа – ерекше жәндік.

2.Дәлелденетін пікір

Жаңбыр жауғанда иттер тасалайтын жер іздейді.

3.Дәлелденетін пікір

Мысыққа арналған ескерткіш бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу