Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№9сабақ_Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері_Дидактикалық материал


9-сабақ.Жанды табиғат.

Дидактикалық материалдар

Сабақ тақырыбы: Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері

Тапсырма.«Орфографиялық минут». Мақсат жіберілген қателерді анықтап, түзету арқылы сауатты жазуға дағдыландыру.

Тапсырма. Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтау. Мақсат оқушылар мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды өзбетімен қаншалықты орындай алатындығын анықтау.

Мәтін №1

Мәтінді оқы. Мәтінге ат қой. Мәтіннің негізгі ойын анықта.

Жайын - жалқау балық. Ол екі ұртындағы ұзынша келген мұртшаларын құрт тәрізді жыбырлатады. Неліктен? Оны балықтар құрт екен деп жемекші болғанда, аңдып тұрған жайын оларды жеп үлгіреді. Демек жайындар жемін осылайша аулайды.

Мәтіннің тақырыбы

Мәтіннің негізгі ойы

1-мәтін

Мәтін №2

Мәтінді оқы. Мәтінге ат қой. Мәтіннің негізгі ойын анықта.

Сүңгуір тұқымды иттер болатынын білесің бе?Олар суда жақсы жүзіп, сүңги алады. Сол себепті оларды адамдарды судан құтқару үшін арнайы үйретеді.

Мәтіннің тақырыбы

Мәтіннің негізгі ойы

2-мәтін

Мәтін №3

Мәтінді оқы. Мәтінге ат қой. Мәтіннің негізгі ойын анықта.

Құлагер – жылқының аты. Сол себепті Құлагер сөзі бас әріппен жазылады. Демек ереже бойынша кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар бас әріппен жазылады.

Мәтіннің тақырыбы

Мәтіннің негізгі ойы

3-мәтін

Тапсырма. Пайымдау мәтінін құру. Мақсат көмекші сөздер арқылы мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтай отырып, пайымдау мәтінін құруға дағдыландыру.

Дәлелденетін пікір. Құмырсқа – ерекше жәндік.

Дәлелденетін пікір.

Жаңбыр жауғанда иттер тасалайтын жер іздейді.

Дәлелденетін пікір.

Мысыққа арналған ескерткіш бар.

Пайымдау мәтінінің бөліктері

1.Дәлелденетін пікір

2.Дәлелдеу (өйткені, себебі, неге десеңіз, біріншіден, екіншіден,үшіншіден )

3.Қорытынды пікір (сондықтан, демек, сол себепті)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу