4.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№11сабақ_Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері._Әдістемелік нұсқаулық
Әдістемелік нұсқаулық
Сабақ №11. 1-бөлім. Жанды табиғат.
Сабақ тақырыбы Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері.
Оқу мақсаттары
3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау;
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Бағалау критерийлері
- Мәтіннің түрін анықтайды.
- Пайымдау мәтінінің көмекші сөздері мен құрылымдық бөліктерін анықтайды;
- Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Сөздерден қатені тауып, түзетеді;
- Сауатты жазады.
Құндылықтар Табиғатты қорғау, ағаштарға қамқорлық жасау.
Пәнаралық байланыс.Дене шынықтыру, әдебиеттік оқу, дүниетану.
Ресурстар кесте, суреттер, қима қағаздар, маркер, энциклопедия.
Сабақ барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін 1-қатар құстар, 2-қатар жел, 3-қатар ағаштар болады. Мұғалім «Дирижер» әдісі арқылы жүргізеді. Мұғалім 1-қатарға таяғын көтергенде барлығы құсша шиқылықтайды, 2-қатар жел болып уілдейді, шулайды, ұлиды, 3-қатар дыбыс шығармай тербеледі. Мұғалім таяғымен сермегенде оқушылар «құс», «жел», «ағаш» болып қимыл жасаулары қажет.
2. Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру үшін «Көру диктанты» жүргізіледі. Оқушылар санау арқылы (1.2.3.4;1.2.3.4....) топқа бөлінеді. Содан соң бөлінген топқа бірнеше ағаш жапырақтары таратылады.Тақтадан қате жазылған ағаш аттары көрсетіледі. Оқушылар сол көрсетілген ағашқа алдарында жатқан жапырақтардың қайсысы тиісті екенін табады. Тақтаға жапсырады. Сол сөздерді қатесіз әрі көркем етіп жазады. Жазылу емлесін айтады. Жапырақтардың қызметін айтады.
Қайын - қайың; емең- емен; үйенкі - үйеңкі; шырша-шырша; қараағаш – қарағаш; терег –терек; қарағаи - қарағай, тал – тал.
Дескриптор:
-берілген сөздердің қатесін табаы;
-оны түзетеді;
-сауатты жазады.
3.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
4. Оқушылар оқулықтан 41-жаттығуда берілген «Ағаш ек» мәтінін іштей оқиды. Оқып болған соң әр бөлікті бөліп дауыстап оқиды. Мәтін мазмұнын түсіну үшін тапсырма «Еркін жауап» әдісі арқылы жүргізіледі. Бұны шағын топта еркін, сондай-ақ барлық сыныппен орындалады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады. Қабілеті жоғары 4 оқушы сыныптың төрт бұрышына барады. Оқушылар өз қалауы бойынша бір бұрышты таңдап, сол оқушыға мазмұнын айтады.Мұғалім қадағалап тұрады. Жұмыс аяқталған соң бұрышта тұрған тыңдаушы оқушының пікірін тыңдайды.
- Кім мәтіннен тыс қосымша ақпарат берді?
-Мәтін неліктен «Ағаш ек» деп аталған?
-Ағаштың қандай пайдасы бар?
- Мәтіннің негізгі ойы не?
5.Сұрақтарға жауап берген соң оқушылар мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды. Жай қарындашпен әр бөліктің басталар тұсын басы (Б), ортасы (О), соңы (С) деп белгілейді немесе қарындашпен қоршауға болады. Пайымдау мәтінінің көмекші сөздері мен пайымдау мәтінінің құрылымдық бөліктерін табады. Мұғалім барлық оқушыны тексеріп шығады. Балмұздақ таяқшасы арқылы оқушының есімін айтып, оқушының жауабы арқылы тапсырманы пысықтайды.
6. Мәтін ішіндегі өсиет сөзді көркем әрі қатесіз көшіріп жазады. Қабілеті жоғары оқушылар мәтінмен «Түртіп алу» әдісі бойынша жұмыс жасайды. Ойларын ортаға салады. Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
- мәтіндегі маңызды ақпаратты (өміріңді ұзартқың келсе, ағаш ек);
- мәтіндегі келіскен тұсын (ағаш неғұрлым көп болса, ауа да соғұрлым таза болады);
- мәтіндегі күдіктенген тұсын табады (өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып).
Мұғалім қалыптастырушы бағалауды дескриптормен бағалайды.
Дескриптор:
- мәтіннің түрін анықтайды;
-мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады;
- пайымдау мәтінінің көмекші сөздерін табады;
- пайымдау мәтінінің құрылымдық бөліктерін анықтайды;
8. «Ойланайық, табайық» бойынша топқа тапсырма беріледі. Ағаш атттарын еске түсіре отырып, ағаштарды, өсімдік мүшелерін бір-бірімен (көлемі, пішіні) салыстырады. Көмекті қажет ететін оқушыларға мұғалім қажетті сын есімді сөздерді алдын ала беріп қояды. Оқушылардың дәптерлеріне таза әрі сауатты етіп жазулары талап етіледі. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар өз жазбаларын оқып, сыныпқа ұсынады. Өзге оқушылар өз жұмыстарымен салыстырып, ауызша кері байланыс береді.
Қайыңның діңі жіңішке, ал еменнің діңі жуан. Шырша қысқа, қайың ағашы ұзын. Үйеңкі жапырағы жалпақ, ал шырша жапырағы жіңішке тікенекті. Кәрі ағаш тамыры қалың, ал жас ағаш тамыры сирек.
9.Оқулықтағы 43-жаттығу тапсырмасы орындалады. «Ағаштарды қорғау үшін не істеу керек?» тақырыбында пікір білдіруге арналған сұрақтар құрастыру үшін топтық жұмыс жасайды. Ол үшін, ең алдымен, «Баяндама» әдісі бойынша жұмыс жүргізіледі. Оқушылар тақырып бойынша ойларын сурет, сызба түрінде ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы тақырып бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушыны мұғалім қадағалай отырып, мадақтайды.
10.Жұмыс аяқталған соң топ оқушылар «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады. Тақырып бойынша топтағы оқушы 2-топтағы оқушыға неге? неліктен? сұрақтарын қатыстырып, сауалдарды жазбаша дайындайды, 2-топтағы оқушы оған жауап береді. Екінші бөлімнен кейін, керісінше, енді 2-топтағы оқушы 1-топтағы оқушыға өз сұрақтарын қояды. Соңынан 1 және 2-оқушы біріге отырып, мұғалімге сұрақтар дайындайды. Мұғалім бірнеше жұптың сұрақтарын тыңдайды, оларға өзі жауап береді немесе ол сұрақтарға басқа оқушылардың жауап беруін талап ете алады. Мұнда басты назарды жауаптарға емес, сұрақтарға аударған жөн. Оқушылардың құрастырған сұрақтары олардың сабақта қандай дәрежеде жұмыс жасағанының айғағы болады. Сол себепті мұғалім сұрақтар жазылған парақтарды сабақ соңында жинап алып, дескриптор бойынша бағалайды.
Дескриптор:
- мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- сұрақтардың құрылымын сақтайды.
11. Үй тапсырмасына ағаш туралы үш мақал-мәтел жазып келу тапсырылады. 44-жаттығу беріледі. Мұнда өздерді мағынасына қарай орналастыру қажет.
12. Сабақ соңында рефлексия жүгізіледі.
«Менің білетінім,...»
«Бүгін білдім, ....»
«Есімде сақтаймын, ...» оқушылардан кері байланыс алынады
.
Қосымша әдебиеттер
- Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
- «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
- «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж
- «Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,
- Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша
- «Ағаштар әлемі » энциклопедиясы
- «Бұл кім?Ол не?» энциклопедиясы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?