3.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері._Әдістемелік нұсқаулық


Әдістемелік нұсқаулық

1-бөлім. Жанды табиғат.

Сабақ тақырыбы Пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері

Оқу мақсаттары

3.2.2.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау;

3. 3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

Бағалау критерийлері

•Мәтіннің түрлерін ажыратады.

•Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды.

•Қыстырма сөздерді ажыратады.

•Қыстырма сөздердің тыныс белгілерін қояды.

Құндылықтар Жануарларға қамқор болу, оларды қорғауға баулу.

Пәнаралық байланыс дүниетану, жаратылыстану,әдебиеттік оқу.

Ресурстар кесте, суреттер, қима қағаздар, түрлі түсті маркерлер.

Сабақ барысы

Қ

Ы

Т

Р

Ы

С

М

А

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Адасқан әріптер» ойыны ойналады.Тақтадан әріп қиындылары көрсетіледі. Оқушылар әріп қиындылары арқылы сегіз әріптен тұратын сөз құрастырады. Бұл сөз жаңа сабақтың тақырыбы болып саналады.

- Оқушылар, «қыстырма» деген жаңа ұғыммен танысамыз. Бұл қыстырма сөздер тілімізде кездеседі. Сөйлем ішінде қыстырылып жүретін бұл қандай сөздер екен?

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

(Ұ)3.3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

-Мына суретке назар аударайық. Отбасы мүшелері қалаға жарысқа кеткен немересін күтіп отыр. Оқушылар назарын суретке аудартамын.

Әли келер ме екен?

Әли ,сірә, келер ме екен?

Әли келетін шығар.

Меніңше, Әли келетін болар.

Әли келеді.

Әли келеді, әрине.

- Бұл - қызылмен көрсетілген сөздер қыстырма сөздер. Байқағандай, қыстырма сөздер сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді. Қыстырма сөздер құрамы жағынан бір сөзден, екі сөзден де, бірнеше сөзден де жасалатындығы айтылады.

Кесте көрсетіледі.

Бір сөзден

Екі сөзден

Бірнеше сөзден

Бәсе,рас,әрине

Шынында,меніңше

Сіздіңше,міне

Әйтеуір,мүмкін

Демек,әуелі,біріншіден,екіншіден

Сөйтіп,қысқасы

амал қанша

оның ойынша

өкінішке орай

кім біледі

олай болса

сөз жоқ

Ұмытып барады екем

Неге екенін кім білсін

Қыстырма сөздің тыныс белгісі түсіндіріледі.

[ , ............]

[........... , ,...........]

[ ......... , .]

-Қыстырма сөз дегеніміз не?

-Қыстырма сөздер, көбінесе, сөйлеудің қай түрінде кездеседі?

-Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде кездеседі?

Қабілеті жоғары оқушылар қыстырма сөздерді қаратпа сөзбен салыстырады: ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

(Ж) Оқушыларға карточка беріледі. Оқушылар жұптаса отырып, кесте бойынша жұмыс жасайды. Бос орынға қыстырма сөзді қойып жазады. Алдымен, қыстырма сөздерді қояды. Басқа жұппен сәйкестігін тексереді. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқиды.

1.Сен, ......, дүкеннен нан әкеле ғой.

2....., қазір үй тапсырмасын орындауға отыр.Ертең ойнайсың.

3.Болашақта мен дәрігер болармын, ....

4. .....,футболға ертең барамыз ғой.

5. ....., бәрі сен ойлағандай шықты.

6. Демалыста ауылға бармай-ақ қой. ....., күн аяз, ....., әжеңдердің өзі келеді.

Қажетті сөздер: Біріншіден, әуелі, қысқасы, екіншіден, демек, бәлкім,әрине

Дескриптор

-сөйлем ішінен қыстырма сөздерді анықтайды;

-сөйлемдегі қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.

Сергіту сәті жүргізіледі.Тақтада қыстырма сөз кестесі ілулі тұрады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар айтылған ойға өз көзқарастарын білдіріп отырады. Шапшаң әрі дұрыс айтылуы тиіс. Мысалы,

- Ертең бәріміз сабаққа келеміз.

-Әрине.

-Болашақта ғалым боламын.

-Кім біледі.

-Мүмкін.

-Ауылдан апаң келгенін неге айтпадың?

-Ұмытып барады екем.

(Ж) 3.2.2.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау;

(Ұ)1. Оқушылардың сурет көрсетіледі. «Бұл не болуы мүмкін?» (түйенің өркеші).

(Ж)2. Оқушыларға сұрақ беріледі: Түйеге өркеш не үшін қажет? Оқушылар топтаса отырып, проблеманы шешеді.Тапсырма «Бортты журнал» әдісі арқылы орындалады.

Жүк журналы

Болжам

Жаңа ақпарат

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Бұл туралы не білуім керек?

Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды ақпартты анықтадым?

Оқушылар жұптаса отырып тақырып бойынша болжамды жүк журналының сол жағына жазады.Ойларын ортаға салады.

(Ж)3.Оқушыларға «Түйеге өркеш не үшін керек?» мәтіні («Балдырған» журналы) беріледі. Оқушылар мәтінді мұқият оқиды. Жұптаса отырып жүк журналының оң жағын толтырады. Ойларын ортаға салады. Мұғалімнен көмек қажет ететін оқушылардан сұралады.

Түйеге өркеш не үшін керек?

Түйе - шөл даланың ең төзімді жануары. Түйенің өркеші не үшін қажет? Түйенің өркештері майдан тұрады. Қатты ашыққан кезде осы майдың күшімен жүреді. Өркештерінің көмегімен денесіндегі артық ыстықты шығарып тастайды.

Өркеш - май жинайтын және ыстықтан сақтану мүшесі.

4. Оқушылардан бұл мәтіннің қай түріне жататыны сұралады. Пайымдау мәтінінің ерекшелігі еске түсіріледі. Кесте ілінеді. Қызыл түспен берілген сөздердің жаңа материалмен қандай байланысы бар екені сұралады. Пайымдау мәтініндегі көмекші сөздердің қыстырма сөздер болып табылатындығын түсінеді.

Дәлелденетін пікір

Дәлелдеу өйткені... себебі... біріншіден, ....

екіншіден,....

Қорытынды сол себепті.... сондықтан..... демек.

5. «Түйеге өркеш не үшін керек?» мәтіні бойынша жұмыс жасайды.

- құрылымдық бөліктерін анықтайды;

-дәлелдеу және қорытынды бөлігіне қыстырма сөздерді орналастырады. «Ашық микрофон» әдісі бойынша қорғайды.

Түйеге өркеш не үшін керек?

Түйе - шөл даланың ең төзімді жануары. Түйенің өркеші не үшін қажет? Біріншіден,түйенің өркештері майдан тұрады. Қатты ашыққан кезде осы майдың күшімен жүреді. Екіншіден, өркештерінің көмегімен денесіндегі артық ыстықты шығарып тастайды.

Сол себепті өркеш - май жинайтын және ыстықтан сақтану мүшесі.

Дескриптор:

-мәтіннің түрін анықтайды;

-пайымдау мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады.

Сабақ соңында рефлексия жасалды. Сабақты қорытындылауда өзін-өзі бағалау кестесі қолданылады.

Бағалау критерийі

Иә

Көмек қажет

Жоқ

сөйлем ішінен қыстырма сөздерді анықтай аламын

сөйлемдегі қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя аламын

мәтіннің түрін анықтай аламын

Пайымдау мәтінінің құрылымдық бөліктерін ажырата аламын

Үй тапсырмасы бір пайымдау мәтінін тауып, жұмыс дәптеріне жазып келу.

Қосымша әдебиеттер

1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)

2.«Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.

2.«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж

3.«Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,

4. Н.М.Сламбекова.Тіл дамыту бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауы.Аруна,2008

5. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу