Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Мазмұндама жазайық (пайымдау мәтіні)_Әдістемелік нұсқаулық


Әдістемелік нұсқаулық

1-бөлім. Жанды табиғат.

Сабақ тақырыбы Мазмұндама жазайық (пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері)

Оқу мақсаттары

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3. 3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін

дұрыс қою.

Бағалау критерийлері

•Мәтінге жоспар құрастырады.

•Жоспар бойынша мазмұндама жазады.

•Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

•Қаратпа және қыстырма сөздерді ажыратады.

•Қаратпа және қыстырмасөздердің тыныс белгілерін қояды.

Құндылықтар Жануарларға қамқор болу, оларды қорғауға баулу.

Пәнаралық байланыс дүниетану, жаратылыстану,әдебиеттік оқу.

Ресурстар кесте, суреттер, қима қағаздар, түрлі түсті маркерлер.

Сабақ барысы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Үлпілдек» ширату жаттығуы ойналады. Мақсат оқушылардың қозғалыс белсенділігін дамыту, өз әрекетін бақылауды меңгерту. Әрбір оқушыға кішкентай мақта ( немесе мамық) тартылады, ол мақтаны көпсітіп, жеңіл әрі үлпілдек етіп жасайды. Мұғалім белгісінен кейін оқушы өзінің «үлпілдегін» ауада құлап кетпейтіндей ұзақ үрлеп жүреді, бірақ қолдың көмегін пайдаланбайды. Егер кімнің «үлпілдегі» ауада ұзақ ұсталса сол оқушы жеңіске жетеді.

Содан соң сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

) 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, бесбұрыш.

Мәтін түрі

Сұрағы

Ерекшелігі

№1мәтін

№2мәтін

№3мәтін

1.Топқа үш мәтін беріледі. Оқушылар мәтіндерді мұқият оқиды. Бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екендігін табады? Бұл тапсырма «Семантикалық кесте» сызбасы арқылы орындалады.

1-мәтін

Кеше циркке бардым. Онда жолбарысты көрдім. Жолбарыстар тамаша өнер көрсетті. Олар артқы аяқтарымен тік тұрды. Содан кейін бір орындықтан екінші орындыққа секірді. Соңында лапылдаған оттары бар дөңгелектерден секірді.

2-мәтін

Кеше циркке бардым. Онда жолбарысты көрдім. Олар қандай әдемі, қандай күшті!

Олардың терілері теңбіл-теңбіл. Көздері жап-жасыл, аяқтары жуан. Ырылдаған кезде аузындағы өткір тістері көрінеді.

3-мәтін

Кеше циркке бардым. Онда жолбарысты көрдім.

Неліктен сондай күшті жануар адамды тыңдап, айтқанын істеп жүр?

Н.Сламбекова.

2. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне пайымдау мәтінін қатесіз көшіріп жазады.

Дескриптор:

- мәтінді қатесіз көшіреді;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;

- бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды;

- сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады;

- әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді.

(Т)3.3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

1.Оқушыларға мәтін (К.Сегізбайұлы. Арқарға үлкен мүйіз неге керек?) беріледі. Оқушылар мәтінді іштей оқиды. Сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар мәтін ішіндегі қиын сөздерді сандықшаға салады. Мұғалім сандықшадағы сөздерді оқушылар көмегімен мағынасын ашады. Оқушыларға арқар суреті көрсетіледі. Сөздік жұмыс көрнекілік әдісі арқылы түсіндіріледі.

Құлжа,маңғаз қалпы,жоны, көз тікті, сақшыдай қалт етпей.

Құлжа – арқардың еркегі;

Арқар –қой тектес жабайы аң;

Маңғаз қалпы – сабырлы күйде;

Жоны – арқардың арқасы;

Көз тікті – қарау;

Сақшыдай қалт етпей- қозғалмай тұру.

Сергіту сәті орындалады.Оқушылар би қимылымен жаттығулар жасайды.

2.Оқушылар мәтіннің құрылымдық бөліктері бойынша сұрақтар дайындайды.

3.Мәтіннен қаратпа және қыстырма сөздерді теріп жазады. Қаратпа сөз бен қыстырма сөздердің тыныс белгісін қояды.

Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

Қошан жер бауырлап келіп, құлжаны бақылауға кірісті. Құлжа маңғаз қалпы күнге жонын төсеп тұр. Тұрғанының өзі ерекше әдемі. Әлдене қыбырлағандай болды. Қошан солай қарай көз тікті. Жусап жатқан бір топ арқарды көрді.

Бір кезде сақшыдай қалт етпей күзетте тұрған құлжа арғы жағына жалт қарағандай болды. Құлжа биіктігі арқан бойына жететіндей құлама жартастан төмен секірді. Сұрғылт дене екі аунап түсті. Қайтадан ұшып тұрып, зымырай жөнелді.

  - Ата мұнша биіктен секіргенде қалай өлмей қалды? - деді Қошан.

- Байқамағансың-ау сірә балам. Арқар биіктен секірген кезде аяғымен емес, мүйізімен жерді сүзе құлайды да, кете барады. Арқардың мүйізінің үлкен болуының қасиеті де сонда,- деді атасы.

К.Сегізбайұлы.

Қаратпа сөздер________________________________

Қыстырма сөздер:_____________________________

Дескриптор:

-мәтіннен қаратпа сөздерді анықтайды;

-мәтіннен қыстырма сөздерді анықтайды;

-сөйлемдегі қаратпа және қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.

Топтағы оқушылар мәтінге өздері жоспар құрады. Барлық топтың жоспары тыңдалады.

Жоспар

1. Құлжаның маңғаз қалпы

2. Құлжаның жартастан секіруі

3. Мүйіздің қасиеті

Оқушылар құрастырған жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жазады.Тапсырма «Еркін жазу» әдісі бойынша жүргізіледі. Оқушылар еркін отырып, өз ойларымен жазады.

Дескриптор:

- мәтінге жоспар құрастырады;

- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;

- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

- орфографиялық нормаларды сақтап жазады;

- пунктуациялық нормаларды сақтап жазады.

Рефлексия жасалады. Сабақты қорытындылауда өзін-өзі бағалау кестесі қолданылады.

Бағалау критерийі

Иә

Көмек қажет

Жоқ

Сөйлем ішінен қаратпа сөздерді анықтай аламын.

Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді анықтай аламын.

Сөйлемдегі қаратпа сөздер мен қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя аламын.

Мәтіннің түрін анықтай аламын.

Мәтінге жоспар құра аламын.

Мазмұндама жаза аламын.

Қосымша әдебиеттер

1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)

2.«Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.

2.«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж

3.«Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,

4. Н.М.Сламбекова.Тіл дамыту бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауы.Аруна,2008

5. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу