Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат__Мазмұндама жазамын (пайымдау мәтіні)_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Жанды табиғат

Тақырыбы Мазмұндама жазайық

(пайымдау мәтіні және оның құрылымдық бөліктері)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.3.3.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3. 3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін

дұрыс қою.

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

-тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады;

-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;

-кесте негізінде сөйлем құрамында қыстырма сөздің қызметін түсінеді, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.

Оқушылардың көбі:

-тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

-сөйлем құрамында қыстырма сөздің қызметін түсініп, ажырата алады, сөйлем сызбасы негізінде тыныс белгісін қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

-тыңдаған материал бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

-сөйлем құрамында қыстырма сөзді ажырата алады және тыныс белгісін қолданады.

 Бағалау критерийлері

•Мәтінге жоспар құрастырады.

•Жоспар бойынша мазмұндама жазады.

•Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

•Қаратпа және қыстырма сөздерді ажыратады.

•Қаратпа және қыстырмасөздердің тыныс белгілерін қояды.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Пайымдау мәтіні,құрылымдық бөліктерін, көмекші сөздер.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

 Құндылықтар

Жануарларға қамқор болуға, оларды қорғауға баулу

 Пәнаралық байланыс

Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады.Әдебиеттік оқу, жаратылыстану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін. Мәтін түрлері.Сөйлем түрлері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

2 минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Үлпілдек» ширату жаттығуы ойналады. Мақсат оқушылардың қозғалыс белсенділігін дамыту, өз әрекетін бақылауды меңгерту.

Содан соң сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Мақта немесе

мамық

жүн

Сабақтың ортасы

33 минут

7 минут

5 минут

1 минут

5 минут

15 минут

) 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, бесбұрыш.

1.Топқа үш мәтін беріледі. Оқушылар мәтіндерді мұқият оқиды. Бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екендігін табады? Бұл тапсырма «Семантикалық кесте» сызбасы арқылы орындалады.

Мәтін түрі

Сұрағы

Ерекшелігі

№1мәтін

№2мәтін

№3мәтін

2. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне пайымдау мәтінін қатесіз көшіріп жазады.

Дескриптор:

- мәтінді қатесіз көшіреді;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;

- бас әріп пен кіші әріптің мөлшерін сақтайды;

- сөздерді, әріптерді үзбей, көлбеу жазады;

- әріптердің дұрыс байланысын көрсетеді.

(Т) 3.3.7.2 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

1.Оқушыларға мәтін (К.Сегізбайұлы. Арқарға үлкен мүйіз неге керек?) беріледі. Оқушылар мәтінді іштей оқиды. Сөздікпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар мәтін ішіндегі қиын сөздерді сандықшаға салады. Мұғалім сандықшадағы сөздерді оқушылар көмегімен мағынасын ашады.

Құлжа,маңғаз қалпы,жоны, көз тікті, сақшыдай қалт етпей.

Сергіту сәті орындалады.Оқушылар би қимылымен жаттығулар жасайды.

2.Оқушылар мәтіннің құрылымдық бөліктері бойынша сұрақтар дайындайды.

3.Мәтіннен қаратпа және қыстырма сөздерді теріп жазады.Қаратпа сөз бен қыстырма сөздердің тыныс белгісін қояды.

Қаратпа сөздер________________________________

Қыстырма сөздер:_____________________________

Дескриптор:

-мәтіннен қаратпа сөздерді анықтайды;

-мәтіннен қыстырма сөздерді анықтайды;

-сөйлемдегі қаратпа және қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қояды.

Топтағы оқушылар мәтінге жоспар құрады. Барлық топтың жоспары тыңдалады.

Жоспар

1. Құлжаның маңғаз қалпы

2. Құлжаның жартастан секіруі

3. Мүйіздің қасиеті

Оқушылар құрастырған жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жазады.Тапсырма «Еркін жазу» әдісі бойынша жүргізіледі.

Дескриптор:

- мәтінге жоспар құрастырады;

- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;

- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

- орфографиялық нормаларды сақтап жазады;

- пунктуациялық нормаларды сақтап жазады.

Геометрия

лық фигуралар

Қосымша №1

Кесте

Қосымша №2

Қосымша №3

Сандықша

Слайд

https://i.ytimg.com/vi/OjICU0nQtRE/maxresdefault.jpg

Үнтаспа

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. Сабақты қорытындылауда өзін-өзі бағалау кестесі қолданылады.

Бағалау критерийі

Иә

Көмек қажет

Жоқ

Сөйлем ішінен қаратпа сөздерді анықтай аламын

Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді анықтай аламын

Сөйлемдегі қаратпа сөздер мен қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя аламын

Мәтіннің түрін анықтай аламын

Мәтінге жоспар құра аламын

Мазмұндама жаза аламын

Қосымша №4

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Қабілеті жоғары оқушылар

Тыңдалған мәтінге жоспар құруға жәрдемдеседі. Сөздің мағынасын сөздіктен таба алады.

Оқу мақсаты бойынша алған білімді қорытынды бағалау жүргізілді. Ұғыну кезеңінде оқушылар объектілерді білу, түсіну, қолдану дағдысын бағалау мүмкіндігін беретін критерийлер бойынша бағаланады. Сабақта жеткен жетістіктеріне ой қорытады.

Сергіту сәті өткізіледі.

Жазу кезінде, тақтаға шығу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу